Слайд 2 Алгоритм түсінігі – бұл информатикадағы ең негізгі ұғымдардың бірі.
«Алгоритм» сөзі IX
ғасырдағы ұлы математик аль-Хорезмнің латындық үлгідегі - algorithmi деген атынан шығады, ол арифметикалық амалдарды орындау ережелерін тұжырымдайды.
Алгоритм дегеніміз – бастапқы мәліметтерді пайдаланып іздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегі.
Ондағы әрбір әрекет оның қадамы, қандай да бір әрекетті аяқтау туралы нұсқау алгоритм командасы, ал атқарушы жүзеге асыра алатын командалар жиынтығы атқарушының командалар жүйесі деп аталады.
Слайд 3Алгоритмдік процесс дегеніміз – шешілетін есептің нақты бастапқы берілгендеріне алгоритмді қолдану процесі.
Алгоритмді ұсыну құралдары:
ауызша (алгоритмдік тілде);
блок-схема түрінде;
бағдарламалау тілінде.
Алгоритмдеу – ЭЕМ-де есепті шығаруға арналған алгоритмдер мен бағдарламаларды құру техникасы.
Алгоритмнің блок-схемасы дегеніміз – алгоритмнің логикалық құрылымын графикалық бейнелеу.
Слайд 5 Блок-схема алгоритм командаларының орындалу ретін көрсетуге арналған бағытталған граф болып табылады;
мұндай графтың шыңы үш түрлі болуы мүмкін:
функционалдық шың
предикаттық шың
біріктірілген шың
1 сурет – Граф шыңдарының бейнеленуі
Слайд 6Кез келген күрделі алгоритмдер үшін үш блок-схема құруға болады:
композиция
немесе қозғалыс, сызықты алгоритм;
альтернатива немесе тармақталған алгоритм;
итерация немесе цикл, қайталанатын алгоритм.
Бірінші негізгі құрылым. Композиция немесе қозғалыс алгоритмі әр кезеңі тізбектей, яғни сызықты орындалатын есептеу процесін бейнелейді және ондағы операторлар бір рет қана орындалады.
Оператор деп қандай да бір әрекеттер тізбегін орындауға арналған жазбаларды айтады.
Слайд 7Екінші негізгі құрылым. Бұл - альтернатива немесе тармақталу. Тармақталған алгоритм есептеуді
таңдау бастапқы шарттан немесе аралық нәтижеден тәуелді болатын есептеу процесін бейнелейді.
Алдын ала қарастырылған бағыттар тармақтар деп аталады.
Шартты тексеру нәтижесі келесі мәндердің бірін қабылдайды
ақиқат немесе жалған
иә немесе жоқ
1 немесе 0.
Слайд 8Тармақталған алгоритм құрылысы:
2 сурет – Тармақталған алгоритм
Егер – Онда – Әйтпесе
құрылымы
Егер-
Онда құрылымы
Слайд 9Үшінші негізгі құрылым. Қайталанатын алгоритм бір типті, бірнеше рет қайталанатын есептеу
аймағынан тұратын есептеу процесін бейнелейді.
Циклдер қайталану саны белгілі және қайталану саны белгісіз болып бөлінеді.
Қайталану саны белгілі циклді итерациялық цикл деп аталады.
Бұл құрылымның үш түрі бар:
"цикл - әзірше"
"цикл - дейін"
қайталану санымен.
Циклде қайталанатын операторлар тобын цикл денесі деп атайды.
Слайд 10 Қайталану саны белгісіз алгоритм құрылысы:
3 сурет – Қайталану саны белгісіз
алгоритм
Слайд 11Қайталану саны белгілі алгоритм схемасы:
Слайд 12Блок-схема – алгоритмді графикалық түрде көрсету.
Алгоритмнің графиктік кескінін блок-схема түрінде беру
- берілген есепті шешуді жолдарын көрнекті етіп көрсетеді.
Слайд 13Алгоритм қасиеттері
анықталғандық – алгоритм, алгоритмді өңдеушіге де және алгоритмді орындаушыға
да бір мағынада түсінікті түрде берілуі;
нәтижелілік – міндетті түрде нәтижелер алынуы (сандар, кестелер, дыбыстар, кескіндер) немесе берілген алгоритмді қойылған есепке қолдануға болмайтыны туралы сигналдар;
Слайд 14жалпылық – біртипті есептер класын шешуді қамтамасыз ететін алгоритм қасиеті;
дискреттік
– бір-бірінен ажыратылған ұйғарымдардың реттелген жиынтығы түрінде алгоритмнің жазылу ;
түсініктілік- орындаушының командалар жүйесіндегі ғана командалар түрінде көрсетілетін алгоритм қасиеті.
Слайд 15 Алгоритмнің өз-өзіне қосымша ретінде қатынасы болуы мүмкін, бұл жағдайда оны рекурсивтік
қатынас деп атайды.
- Егер алгоритмнің өз-өзіне қатынасы командасы алгоритмнің өзінде болса, онда мұнда рекурсия тура рекурсия деп аталады.
- Егер берілген алгоритмді шақыру осы алгоритмге қатынасы бар қосымша алгоритмнен болса онда мұндай рекурсияны жанама деп атайды.
Слайд 16 Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біркелкі, дәл жазуға және оларды орындауға
арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілде пайдаланылатын сөздер қызметші сөздер деп аталады.
Слайд 17Алгоритмдік тілдегі қызметші сөздер:
1. АЛГ – қызметші сөзі. Алгоритмнің басында,
оның атауының алдында жазылады.
2. БАСЫ және СОҢЫ – қызметші сөздері (begin, end). Алгоритмнің басы мен соңында жазылады.
3. АРГ и НӘТ – аргументті және алгоритм нәтижесін жазу үшін қолданылады.
4. ЕНГІЗУ және ШЫҒАРУ – берілгендерді енгізу және шығару үшін қолданылады.
5. ЕГЕР, ОНДА, ӘЙТПЕСЕ, БІТТІ – қызметші сөздері (if, then, else, end). Тармақталған командаларды жазу үшін қолданылады (бітті – команданың соңы).
6. ӘЗІР, ДЕЙІН, ҚАЙТАЛАУ, ЦБ, ЦС – қызметші сөздері (while, do, repeat, until, for, to, do). Қайталау командаларын жазу үшін қолданылады.
Слайд 18
Қарапайым есептерге мысал
Мысал. Штаттағы жұмыскер айына 45000 теңге жалақы алады. Ол
25 жұмыс күнінің 15 күнінінде жұмыс істеді. Алатын жалақысын есептеу керек.
Алгоритм тілінде: Блок- схемасы
алг pr1
арг S,D,D1;
нәт Sum
басы
енгізу S, D,D1
Sum=S/D*D1
шығару Sum
соңы
басы
соңы
Sum=S/D*D1
S,D,D1
Sum
Слайд 19Бағдарламаның құрамдас бөлігі
Паскаль тіліндегі бағдарламаның жалпы түрі:
PROGRAM
аты;
VAR айнымалылар бөлімі;
BEGIN
оператор 1;
… …
оператор n;
END.
Бағдарлама стандартты тақырып Program сөзінен басталады.
Тақырыбын енгізгеннен кейін берілгендерді сипаттау орындалады. Var сөзінен кейін бағдарламада кездесетін барлық айнымалылар көрсетіледі және олардың типі (integer, real, boolean) көрсетіледі.
Әрі қарай Begin және End сөздерінің арасында операторлар орналасады.
Слайд 21
Арифметикалық өрнектерді жазу мысалдары:
1)
Y:=A+B*T1/T2 - 2.3*SQRT(X)
2)
(A1*X1+B2*X2+5*A3*X3)/(25*D-14*F)
3)
Y:=ln(x)/ln(a)+exp(1/5*ln(a+x))
Арифметикалық өрнектер
Слайд 22Мысал. Штаттағы жұмыскер айына 45000 теңге жалақы алады. Ол 25 жұмыс
күнінің 15 күнінінде жұмыс істеді. Алатын жалақысын есептеу керек.
Паскаль тілінде:
Program pr1;
var S, D,D1,Sum : real; {айнымалыларды сипаттау}
Begin
write(‘жалақы S=‘); Read(S);
write(‘жұмыс күні D=‘); Read(D);
write(‘жұмыс жасаған күні D1=‘); Read(D1);
Sum:=S/D*D1;
Writeln(Sum); {алатын жалақыны шығару}
End.
Слайд 23Пернетақтадан енгізілген Х санынын экранға шығару егер ол 5-тен кіші немесе
тең болса.
Алгоритманің блок-схемасы мына түрде болады .
Алгоритмдер мысалдары
Слайд 24 1-ден N-ге дейінгі бүтін сандардың қосындысын экранға шығару.
N
саны пернетақта арқылы енгізіледі.
Алгоритманің блок-схемасы мына түрде болады .
Алгоритмдер мысалдары
Слайд 25 Теңдеулер жүйесін шешу:
Алгоритмдер мысалдары
Слайд 26Алгоритмдер мысалдары
Егер Х = 8 болса, S айнымалысы қандай мәнге
Слайд 27
Алгоритм жұмысының қортындысында А және В қандай мәндерге ие болады?
Жауабы: А = 1, В = 1
Алгоритмдер мысалдары
Слайд 28 Бақылау сұрақтары
Алгоритмге түсініктеме беріңіз.
Алгоритмнің негізгі қасиеттерін атаңыз .
Алгоритмнің дискреттілігі дегеніміз не?
Алгоритмнің жалпылығы дегеніміз не?
Алгоритмнің анықтылығы дегеніміз не?
Алгоритмнің берілу тәсілдерін атаңыз.
Алгоритмнің негізгі құрылымдық базаларын атаңыз.
«Циклдік» құрылым туралы айтыңыз.
«Тармақталған» құрылым туралы айтыңыз.