Слайд 1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ
Слайд 3Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет
пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.
Слайд 4Басқаша айтқанда, электрондық үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа
ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электрондық үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.
Слайд 5 Елімізде электронды үкімет құру идеясын Мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында білдірген болатын. 2004 жылғы 10 қарашада электронды үкіметті ендіру туралы «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Президент Жарлығымен бекітілді.
Слайд 6Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланған болатын:
Олардың алғашқысы
– ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электрондық үкімет порталы іске қосылып, ақпаратпен толтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы мен халыққа көрсететін қызметтері жайлы ақпараттар пайда болды. Оған қоса, қызмет көрсетудің реттемесі келтіріліп, танысу үшін нормативтік-құқықтық актілер ілінді.
Слайд 7Екіншісі - интерактивті кезең, порталда электрондық қызметтерді тұңғыш рет ұсынуымен есте қалды. Аталмыш
кезең барысында порталды пайдаланушылар түрлі мекемелерден кезекке тұруға уақыт жұмсамай-ақ анықтама алу, үйден шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс жіберіп, оның мәртебесін қадағалап отыру мүмкіндіктеріне ие болды. Электрондық үкімет порталына интерактивті қызметтерді енгізу құжаттарды жинауға кететін уақытты үнемдеуге едәуір көмектесті. Дәл осы кезеңде мекемелік ақпараттық жүйелер, мемлекеттік деректер қоры, электронды түрде лицензиялау, және электрондық үкімет шлюзі енгізілді. Бұл кезеңде әрбір қазақстандық порталдан қажетті құжаттар тізімі, мемлекеттік баж салығының мөлшері, өзі жүгінгелі отырған мемлекеттік органның байланыс мәліметтері секілді барлық қажетті ақпараттарын ала алатын. Алғашқы кезеңнің өзінде-ақ, қажетті ақпараттың толық көлемінің арқасында инстанцияларға жүгірушілер саны әжептәуір азайды.
Слайд 8Электрондық үкімет дамуының үшінші кезеңі – транзакциялық кезең. Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік баж салығын, алымдар,
айыппұлдар және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге мүмкіндік алды. Егер де осыған дейін қызмет ақысын төлеу үшін банкке бару керек болса, енді онлайн жүйесінде қызметті пайдалануға да, оның ақысын төлеуге де болады.
Кәсіпкерлерге транзакциялық кезең шын мәнінде бағалы сыйлық ұсынғандай болды, ол – электронды мемлекеттік сатып алулар болатын. Пайдасы айдан анық – өткізілетін байқаулар мен тендерлердің әділдігі мен ашықтығы артты.
Слайд 9Электрондық үкімет дамуының бүгінгі, төртінші кезеңі – түрлендірмелі кезең. Бұдан былайғы басты мақсат
- азаматтарға қызмет көрсетудің мейлінше жылдамдығы. Дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін интерактивтік және транзакциялық қызметтер қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие кешенді қызмет түрлеріне біріктірілуде. Жыл басынан бері азаматтар 15 минут ішінде заңды тұлғаны тіркеу, жеке куәлік, төлқұжат немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігіне ие болды. Әлеуметтік маңызды қызметтерге айрықша көңіл бөлінеді, міне сондықтан да олардың барлығы электронды үлгіге ауыстырылды.
Слайд 10 Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің
өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Мысалы, «Білім» бөлімінен білім заңдылықтары, елдегі алдыңғы қатарлы оқу орындары, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін және қазақстандық ЖОО-ның Интернет-ресурстарына арналған пайдалы сілтемелерді, білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік органдар туралы толық ақпарат таба аласыз.
Слайд 13Электронды үкімет жобаларына ондаған алуан түрлі ақпараттық жүйелер (АЖ), регистрлер, Мемлекеттік
деректер қоры (МДҚ), жүздеген қосымшалар мен қызметтер жатады. Олар: «Е-әкімдік» АЖ, «Е-нотариат» АЖ, «Жеке тұлғалар» АЖ МДҚ, «Заңды тұлғалар» МДҚ, «Жылжымайтын мүлік регистрі» МДҚ, Мемлекеттік органдардың электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі, «ХҚКО» біріктірілген АЖ, «Е-лицензирование» АЖ МДҚ, мемлекеттік органдардың интернет-порталы, электронды үкімет шлюзі және төлем шлюзі, т.б.
Слайд 14Электронды оқу ақпараттық жүйесі білім беру қызметінің сапасын арттыруға және білім
алудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Жүйе оқу үдерісінің барлық қатысушыларына арналған: оқушылар онлайн жүйесінде күнделік және күнтізбе жүргізеді, болуға тиісті іс-шаралар жөнінде хабарландыру алады, барша оқу материалына, сабақ кестесіне және онлайн үй тапсырмаларына рұқсат алады.
Мұғалімдер мен оқытушылар онлайн журнал жүргізеді, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар және солардың негізінде сабақ жоспарларын әзірлейді, оқушылар мен олардың ата-аналарын құлақтандыруға, есептілікті қалыптастыруға және тағы басқаларына мүмкіндік алады. Ата-аналар балаларының үлгерімі мен сабаққа қатысуын қалаған жағдайда смс-таратылым алу арқылы қадағалай алады, баласының оқу материалын қалай меңгергенін бақылап отырады.
Сонымен қатар, оқу орны жоғары технологиялық компьютерлермен және Интернет жүйесіне кең жолақты қолжетімділікпен, ал әкімшілік - оқу үдерісін басқарудың тиімді құралдарымен жабдықталады.
Слайд 15«Мобильдік үкімет» жобасы аясында eGov.kz мобильдік қосымшасы жасап шығарылды. Қосымша Android,
iOS, Windows Phone базасындағы Android, iOS, Windows Phone базасындағы смартфондарға ие пайдаланушылар үшін Google Play, App Store, Windows Market онлайн-дүкендерінде келесі сілтемелер бойынша қол жетімді: Egov.kz мобильдік қосымшасы Google Play (OS Android, Android талап етілетін нұсқасы - 4.0 немесе одан да кеш).
Egov.kz мобильдік қосымшасы Windows Market-те (OS Windows Phone, Windows Phone талап етілетін нұсқасы - 8.0 немесе одан да кейінгісі). App Store-да Egov.kz мобильдік қосымша (OS iOS, талап етілетін нұсқа iOS - 7.0 месе соңғы).
Слайд 172013 жылдың 13 мамырда Швейцарияның Женева қаласында WSIS Project Prizes 2013 халықаралық байқауының
нәтижелері жария етілді. Байқау ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі бүкіләмдік кездесу Форумы шеңберінде өтті. Қазақстанның электрондық лицензиялау жүйесі (www.elicense.kz) «E-Business» категориясы бойынша ең үздік жоба деп танылды. Байқауға әлемнің 64 мемлекетінің 280 жобасы қатысты. Жоба жетістігінің тарихы Халықаралық электробайланыс одағының ресми ресурсында жарияланды.
Слайд 18Электрондық үкіметтің жетістіктері қоржынында қазақстандық марапаттар да бар. 2012 жылдың соңында Award.kz-2012
Ұлттық интернет-бәйгесінің X мерейтойлық марапаттау салтанатында электронды үкіметпорталы «Билік және өзін-өзі басқару органдары» номинациясында бірінші орынға ие болды, сондай-ақ, қос тілді сайттар арасында үздік деп танылды. Жобаға деген қызығушылықты қазан айында өткен электронды үкімет порталының редизайны тудырған болатын, соның нәтижесінде беткі безендірілуі ғана емес, материалдар құрылымы мен орналастыру қисыны да өзгерді.