Презентация, доклад на тему Нормаль формалар. Кестелер арасындағы байланыс

Нормаль формалар. Реляциялық мәліметтер қорында әрбір кестеге тағы да бір шарт қойылады: кестелер қалыпқа келтірілген, яғни дұрыс қалыптастырылған (normalization) болуы қажет. Бұл мәліметтер қорындағы информацияның

Слайд 1Нормаль формалар.
Кестелер арасындағы байланыс

Нормаль формалар. Кестелер арасындағы байланыс

Слайд 2 Нормаль

формалар.
Реляциялық мәліметтер қорында әрбір кестеге тағы да бір шарт қойылады: кестелер қалыпқа келтірілген, яғни дұрыс қалыптастырылған (normalization) болуы қажет. Бұл мәліметтер қорындағы информацияның қайталануын және де басқа қайшылықтардың болуынан сақтайды.
Мәліметтер қорындағы атрибуттар негізгі екі талапқа сай болуы керек:
кестедегі атрибуттар арасында қажет емес функционалдық тәуелділік болмауы керек;
атрибуттарды топтастыру информацияның қайталануын болдыртпай, базадағы мәліметтерді өңдеу мен жаңартуды жеңілдетуі тиіс.
Бұл талаптар мәліметтер қорының кестелерін дұрыс қалыптастыру, яғни нормальдау арқылы қанағаттандырылады. Кестелерді қалыптастыру – мәліметтер қорындағы барлық информацияны өзара байланыстағы, жеке, қарапайым кестелерге жіктеу дегенді білдіреді. Осы кезеңде атриуттар арасындағы барлық функционалдық тәуелділіктер анықталады.
.
Нормаль формалар.  Реляциялық мәліметтер қорында әрбір

Слайд 3 Нормальдау аппаратын алғаш Е.Ф. Кодд ұсынған: ол алғашында
1

НФ,2 НФ,3 НФ түріндегі үш түрлі нормаль формаларды (НФ) – Normal For (NF)– анықтады.1974 жылы қосымша күшейтілген Бойс – Кодд –
БКНФ анықталған. Теория жүзінде 5 нормаль форма анықталған. Бірақ
практикада алғашқы үш үлгі қолданылады. Мұның алғашқы екеуі үшінші түрге (3НФ) келтіру үшін қолданылатын көмекші үлгі қызметін атқарады.
Кестелерді нормальдау атрибуттардың арасындағы функционалдық
тәуелділік ұғымына негізделген.
1 – анықтама. Е кестесінің А атрибутының әрбір жеке мәніне
В атрибутының бір ғана мәні сәйкес болатын болса, В атрибуты
А атрибутына функционалды тәуелді болып табылады.
Бұл тәуелділік А В деп белгіленеді.
Нормальдау аппаратын алғаш Е.Ф. Кодд ұсынған: ол алғашында1 НФ,2 НФ,3 НФ түріндегі үш түрлі

Слайд 4


2 – анықтама: Егер кілт емес атрибут құрама

кілттің бір бөлігіне ғана тәуелді болса жартылай тәуелді деп аталады.
3 – анықтама: Егер Е кестесінің кілт емес В атрибуты
А атрибуттар тобына, яғни құрама кілт құрамындағы барлық атрибуттарға функционалды тәуелді болса және ешбір жартылай тәуелділік болмаса,В атрибуты А атрибутына толық функционалды тәуелді болады.
4 – анықтама: Егер А,В,С атрибуттары А В және В С болып,
кері тәуелділік болмаса, С атрибуты А атрибутына транзитті тәуелді
деп аталады
2 – анықтама: Егер кілт емес атрибут құрама кілттің бір бөлігіне ғана тәуелді болса

Слайд 5 Бірінші нормаль форма (1НФ).
Кесте 1НФ болуы

үшін әрбір атрибут жіктелмейтін жалғау және әрбір жазба қайталанбайтын ерекше болуы тиіс.
Кестені 1 НФ-ға келтіру үшін келесі амалдарды орындау керек:
Күрделі атрибуттарды жеке атрибуттарға жіктеу;
Қайталанатын атрибуттардан жаңа кесте анықтау;
Кестелерді байланыстыру.
Бірінші нормаль форма (1НФ).   Кесте 1НФ болуы үшін әрбір атрибут жіктелмейтін жалғау және

Слайд 6 Екінші нормаль форма (2НФ).

Егер реляциялық кесте 1НФ –де болып, кілт емес әрбір атрибут оның кілтіне толық тәуелді болса (жартылай тәуелділік болмауы тиіс) кесте 2НФ-да деп саналады. 2НФ құрама кілттен тұратын кестелер үшін ғана мағынасы бар.
1НФ – дан 2НФ – ға көшу үшін келесі амалдарды орындау керек:
Кестенің кілт жиектерін кілт емес кейбір жиектер толық тәуелді болатын бөліктерге жіктеу (ол тек бір ғана атрибуттан тұруы шарт емес);
Әрбір осындай бөліктерден жаңа кесте анықтау; оның кілті – алғашқы кестедегі құрама кілттің құрамындағы жиек болып табылатыны түсінікті;
Алғашқы кестеден жаңа кестеге көшірілген сыртқы кілттен өзге барлық атрибуттарды өшіру.
Екінші нормаль форма (2НФ).    Егер реляциялық кесте 1НФ –де болып,

Слайд 7 Үшінші нормаль форма (3НФ).
Егер реляциялық кесте 2НФ-да

болып, кілт емес әрбір атрибуты оның
кілтіне толық тәуелді болса, яғни ешбір кілт емес атрибуттардың арасында функционалдық тәуелділік болмаса, кесте 3НФ-да деп саналады.2 НФ – дан 3 НФ-ға көшу үшін келесі амалдарды орындау керек:
1. Кестеде өзіне тәуелді басқа жиектер бар жиектерді анықтау;
2. Осындай әрбір (бірнеше) жиек пен оған тәуелді жиектерден тұратын
жаңа кесте анықтау;
3. Алғашқы кестеде жаңа кестелерге көшірілген сыртқы кілттен өзге барлық атрибуттарды өшіру.
 
 
 
 

Үшінші нормаль форма (3НФ).  Егер реляциялық кесте 2НФ-да болып, кілт емес әрбір атрибуты оның

Слайд 8 Кестелерді қалыптастыру теориясы практикада қолдануда
4 қарапайым тәртіп арқылы

тұжырімдауға болады:
Кестенің әр жиегі (бағанасы) жіктелмейтін жалғыз болуы тиіс;
Әрбір кестедегі жазба ерекше (жалғыз) болуы қажет, ол үшін ешбір жолдағы мәндері сәйкес келмейтін жиектері кестенің кілті ретінде анықталуы тиіс;
Кілттің әрбір мәніне қалған әр жиекте объектке қатысты бір ғана мән сәйкес болуы тиіс;
Кілт емес әрбір жиекті өзгерту мүмкіндігі болуы тиіс, бұл басқа жиектердің мәніне әсер етпеуі керек.
 
 
Кестелерді қалыптастыру теориясы практикада қолдануда 4 қарапайым тәртіп арқылы тұжырімдауға болады:Кестенің әр жиегі (бағанасы) жіктелмейтін

Слайд 9 Кестелер арасындағы байланыс.
 Реляциялық кестелер арасында

байланыстың төрт түрі қалыптасқан:
1-1 (бірге – бір), 1 - (бірге – көп), - 1 (көпке – бір) және ( - ) көпке - көп.
Мысалы, оқушы және мекен – жай кестелерінің жазбаларының
арасындағы сәйкестік 1-1 түрінде, себебі жеке бір оқушының мекен –
жайын білдіретін информация Мекен жай кестесінің бір ғана жолында
(егер оқушының бір ғана тұрғын жайы болады деп есептелсе) жазылады,
және де бұл кестелердің арасындағы байланыс Шифр атрибуты арқылы
орнатылады. Бұл екі кестені бір кестеге біріктіруге де болар еді, бірақ бұл
кестелер әртүрлі мағынадағы мәліметтерді (оқушылардың туған жылы,
ұлты туралы информация және мекен – жайы) бөлек сақтауға мүмкіндік береді.Жалпы 1-1 байланысындағы екі кесте белгілі бір мақсатта екіге жіктелген бір кестені білдіреді ал, Оқушы мен Пәндер кестелерінің арасында 1- байланысы орын алады, себебі бір оқушының бірнеше пәндерден бағасы және мұғалімдері бар.
Сол сияқты Қосымша мәліметтер мен Оқушы кестелерінің арасындағы байланыс 1- , себебі бірнеше оқушының үйірме аты, тобы бірдей болуы мүмкін.

Кестелер арасындағы байланыс. Реляциялық кестелер арасында байланыстың төрт түрі қалыптасқан: 1-1 (бірге

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть