Слайд 1Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету жөніндегі мұғалімдер коучингісі
Слайд 2Инклюзивті мектеп
моделін жасау
Слайд 3 «Инклюзивті» деген термин ағылшын тілінен енгізілген, «араластырылған» деген мағынаны
білдіреді. Бұл оқушыларды олардың бұрынғы оқу үлгерімі, денсаулық жағдайы, ата-анасының әлеуметтік –экономикалық мәртебесі мен басқа да жағдайларға көңіл аудармай жалпы білім беру үрдісіне араластыру болып табылады.
Слайд 4 Инклюзивті білім беру жынысына, жасына, географиясы бойынша тұратын жеріне, дене
және ақыл-ой ауытқушылықтарына, әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарамастан оқып жатқан барлық балалардың сапалы білім алып, өзінің әлеуетін дамытуына тең мүмкіндіктер туғызу дегенді білдіреді.
Слайд 5Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 1118 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан
Республикасында
білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Слайд 6Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК
БАҒДАРЛАМАСЫ
аясында мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру
Слайд 7 Инклюзивті білім беру қажетті деңгейде дамымаған. Қазіргі кезеңде
мүмкіндіктері шектеулі 149 246 баланың 29 212-сі немесе 19,5 %-ы – мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8 %-ды ғана құрайды.
Слайд 8Инклюзивті білімнің сегіз қағидаты:
Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес;
Әрбір
адам ойлау мен сезінуге қабілетті;
Әрбір адам қарым-қатынас жасауға және пікірін айтуға құқылы;
Барлық адамдар бір-біріне қажет;
Түбегейлі білім шынай өзара қарым-қатынас негізінде жүзеге асады;
Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен қажеттіліктері бар;
Әр алуандылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Слайд 10Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады:
Слайд 11Балаларға ерте жастан түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін түзету және инклюзивтік білім
кабинеттері құрылатын болады. 2015 жылға дейін барлық балабақшалардың жалпы санынан инклюзивті білім кабинеттерінің желісі 8 %-дан 30 %-ға дейін ұлғаяды.
Слайд 12Инклюзивті білім жүйесін дамыту
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:
мүмкіндіктері шектеулі
балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады.
3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы).
Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
Слайд 13Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу қажет.
Қосымша
білім беру мазмұны жетілдірілетін болады.
Тұлғаның шығармашылық құзыретіндегі, үздіксіз білім беру мен тәрбиелеудегі, кәсіби өзін-өзі анықтаудағы бәсекелі артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар: шығармашылық-эстетикалық; ғылыми-техникалық; экологиялық-биологиялық; туристік-өлкетанушылық; әскери-патриоттық; әлеуметтік-педагогикалық; білім беру-сауықтыру және т.б. бойынша балаларға қосымша білім беру мазмұны жаңартылады.
Қосымша білім беретін педагогтерді және аралас мамандықтардың педагог ұйымдастырушыларын даярлау бағдарламасы жетілдіріледі.
2015 жылға қарай қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғайып, 625-ке жетеді.
Бұл балаларды қосымша біліммен қамтуды 23 %-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.
Мектептерде спорт секцияларын құру арқылы дене шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс нысандары жетілдірілетін болады.
Құқық бұзушылықтар мен басқа да бейәлеуметтік құбылыстардың алдын алу бойынша әрбір білім алушыны жекелей психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жолымен қосымша білім беру конкурстары мен олимпиадаларының жүйесі арқылы оқушылардың қоғамдық және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыратын балалар қоғамдық бірлестіктері дамиды
Слайд 14Инклюзивті білім беру - этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және
дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау процесі.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алғаш рет даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосу, оларды қолжетімді ортамен қамтамасыз ету, білім берудегі кедергілерді жеңу тетіктері анықталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ЮНИСЕФ БҰҰ Балалар Қорымен тығыз ынтымақтастықта даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру ортасына тарту жөнінде зерттеулер жүргізді, зерттеу нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстар Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.
57 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) балалардың білім алу, дәрігерлік және әлеуметтік көмек алу құқығын белгілейді, олардың арнайы білім алуға деген сұраныстарын анықтайды.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте (0-3 жасқа дейінгі аралықта) анықтау жұмыстары жақсарды. Егер 2002 жылы мұндай балалар саны 115 240 (2,3%) болса, ал 2011 жылғы қаңтардағы есеп бойынша олардың құрамы 147 679 (3,2%) баланы құрады.
Мектеп жасындағы 111 405 мүмкіндігі шектеулі бала оқумен қамтылған (жалпы білім беретін мектептерде, арнайы білім беру ұйымдарында, арнайы сыныптарда, кәсіптік мектептер мен колледждерде).
Алғаш рет үйде оқитын 9000 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқытатын орындарды жарақтандыруға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінетін болады. Оларға компьютерлер, қосымша техникалық құралдар сатып алынып, Интернетке қосылады.
Ағымдағы 2011 жылдың өзінде 3000 балаға құрал-жабдықтар сатып алуға 1,7 млрд. теңге қарастырылған. 3 жылдың ішінде кезең-кезеңімен барлық балалар қамтамасыз етілетін болады.
2020 жылға қарай инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептер үлесі 70 пайызға дейін өседі.
Арнаулы білім беру ұйымдарының желісін одан әрі дамыту жалғасады. Мемлекеттік бағдарламада Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында арнайы бала бақшалар ашу қарастырылған.
Қарағанды және Есік қалаларында көру қабілеті нашар балаларға арналған әрқайсысы 250 орындық республикалық дәрежедегі екі интернат салынады. Осындай интернаттарды жергілікті бюджет есебінен Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарында салу жоспарланған.
Осы шаралардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің сапасын айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді.
Слайд 15«Инклюзивті білім беруді дамыту» тақырыбында 6 сәуір 2011 ж. Астанада Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінге және орта білім департаментінің ұйымдастыруымен брифинг өтті.
Слайд 16Ақтөбе облысының 167 мектебінде инклюзивті білім беру жүйесі енгізілген (07.12.2011)
«Ақтөбе облысында
мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған 72 мектеп ашылған. 17 балабақша мен 167 жалпы білім беретін орта мектепте инклюзивті білім беру ұйымдастырылды. Мұнда 2 мың бала оқиды. 2010 жылмен салыстырғанда бұл жүйе 11 арнайы сыныптарға көбейген. Ересектер мүмкіндігі шектеуді оқушылардың мектепке келуі мен тамақтануын да қарастырды».