Слайд 1Мұғалімнің аты-жөні: Камалова Роза
Әкесінің аты: Әбдімүтәліпқызы
Туған жылы, күні, айы: 1980 жыл
14 желтоқсан
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Қызмет орны: №169 Н. Илялетдинов атындағы орта мектебі
Лауазымы: Информатика пәнінің мұғалімі
Білімі: Жоғары
Бітірген оқу орны: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Мамандығы: Информатика
Слайд 2Ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
Слайд 3Жоспар:
І. Кіріспе.
1. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Білім беруде
ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың
мүмкіндіктерін қолдану.
2. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану
әдістемесі.
3. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануды
жүзеге асыру тәжірибемнен.
ІІІ. Қорытынды.
Слайд 4МАҚСАТЫ:
Мемлекеттің электрондық үкімет және электрондық оқыту саясатын өмірге енгізу және жетілдіру
бағытында педагогтарға ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету және оны өз тәжірибелерінде кеңінен қолдануға ықпал ету.
Слайд 5МІНДЕТІ:
Бәсекеге қабілетті маман дайындау;
Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру;
Ақпараттық-коммуникативтік технологиларды
пайдалану арқылы оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету;
Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
Слайд 6«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа
технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 7«АКТ құралдары» деп микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты
таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан-жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз.
Слайд 8АКТ құралдары
Мультимедия
Электронды оқулық
Интерактивті тақта
Интернет кеңістігі
Слайд 9Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер
бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).
Слайд 10АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді
Жан-жақты ізденушілігін арттырады
Ақыл-ойын дамытады
Ұжымдық
іс-әрекетке тәрбиелейді
Шығармашылық белсендігін арттырады
Тіл байлығын жетілдіреді
Слайд 11Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы
кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш-карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Слайд 12Видео-сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды,
оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы.
Слайд 13Педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген
нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу»
Слайд 14 Мұғалім алдын-ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға
талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды, өткен тақырыпты түгелдей ашуға қажет ақпараттық объектілерді кірістіреді. Мұғалім сабақ барысын интерактивті тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен бірге оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді және үй тапсырмасын тексеруді жүзеге асыра алады.
Үй тапсырмасын тексеру:
Слайд 15Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сабақты түсіндіруді Power Point презентациясы немесе электронды оқулық
көмегімен беруге болады. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер және графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалдар есте сақталып, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электронды пошта арқылы жіберуге болады.
Слайд 16Жаңа сабақты меңгергенін
тексеру:
Жаңа сабақты меңгергенін тексеру барысында да басқарушы батырмалар,
гиперсілтемелер, жасырулы ақпараттар мен объектілерді пайдалану арқылы ойындарды, ребус және сөзжұмбақтарды, логикалық есептерді, тестілеуді көрнекі түрде беруге мүмкіндігіміз бар.
Слайд 17"Графика" сөзжұмбағы
д
и
а
р
а
а
м
м
Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған
Бағандық диаграмманың басқаша
атауы
1
2
3
4
5
6
7
Диаграмма типінің бір түрі
Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді
Диаграмма осі
Excel қандай бағдарлама?
Диаграмма элементтерінің бірі
Слайд 18Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім
беру ұйымдары «E-learning» электрондық оқыту жүйесіне 2015 жылы - 50%, 2020 жылы - 90% көшуі жоспарланған. Электрондық оқыту жүйесінің міндеті оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау. Ал бұл дегеніміз мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Слайд 19АКТ құралдарын қолданудың пайдасы
Слайд 20Сабақтарды АКТ-ны пайдалана отырып, түрлендіріп өткізу арқылы сабақтың тиімділігін арттыруға және
жан-жақты дамыған терең білімі бар, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Қазіргі заманның талабы осы.