Презентация, доклад на тему І. Жансүгіров Жетісу суреттері өлеңінің ономасикалық сипаты қазақ әдебиеті

Содержание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңі оқып отырған жанға, оқитын жас ұрпаққа адамгершілік тәрбиесін дарытып, әркімнің бойындағы азаматтық болмыстың нығайып, тамырын тереңге тарта түсуіне жәрдемдеседі. Өлең бойында ақынның туған жер табиғатына деген ыстық ықыласы,

Слайд 1Зерттеу жұмысының тақырыбы:
«Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінің ономастикалық сипаты»



ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ
 
1. ІЛИЯС ЖӘНЕ ЖЕТІСУ
 
2. «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ» ӨЛЕҢІНДЕГІ ТАУ СУРЕТІ

3. «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ» ӨЛЕҢІНДЕГІ СУ СУРЕТІ
 
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінің ономастикалық сипаты»  ЖОСПАРЫКІРІСПЕ 1. ІЛИЯС ЖӘНЕ ЖЕТІСУ  2. «ЖЕТІСУ

Слайд 2 Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңі оқып отырған жанға,

оқитын жас ұрпаққа адамгершілік тәрбиесін дарытып, әркімнің бойындағы азаматтық болмыстың нығайып, тамырын тереңге тарта түсуіне жәрдемдеседі. Өлең бойында ақынның туған жер табиғатына деген ыстық ықыласы, перзенттік сүйіспеншілігі, асқақтаған мақтанышы бар. Бар сұлулығы, бар байлығы бойына тұнған Жетісу жерінің әдемі көрінісін бар бояу, реңімен жеткізеді. Жетісуды «Жөкең» деп, адамдық қасиет дарытады да, Жетісу - кеудең асқар, аяғың - көл, қоңың - құм, мықыныңда бар сексеуіл деп, әр бөлімінде Жетісу өңіріндегі тау, өзен-көл, жан-жануар, жәндік, өсімдіктерді түгендеп шығады. Бір сөзбен айтқанда, «Жетісу суреттері» өлеңі таза ономастикалық атаулардан тұрады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңі оқып отырған жанға, оқитын жас ұрпаққа адамгершілік тәрбиесін дарытып,

Слайд 3
Зерттеу еңбектің мақсаты:
Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» лирикасындағы ономастикалық атаулардың көркемдік

қызметін талдау бүгінгі күн талабымен қарастырып, зерттеу, әдебиеттану ғылымының шеңберіне енгізу қазіргі ұрпақтың басты еншісі.
Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» лирикасындағы ономастикалық атауларға талдау жасау, шығу тарихына тоқталу және атаулардың өлеңдегі көркемдік қызметін ашып, айқындау.

Зерттеу еңбектің мақсаты: 	Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» лирикасындағы ономастикалық атаулардың көркемдік қызметін талдау бүгінгі күн талабымен қарастырып,

Слайд 4Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні ретінде алынып отырған Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу

суреттері» лирикасындағы ономастикалық атаулардың өзіне тән ерекшелігін ашып көрсету тағы бір ізденіс жолдары болмақ. Себебі осы мәселені көтеру арқылы әдебиеттің даму тарихындағы лириканың тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-идеялық жағынан толығып, толысуын, ілгерілеуін ашып-айқындау мүмкіндігі туады.
Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні ретінде алынып отырған Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» лирикасындағы ономастикалық атаулардың өзіне тән

Слайд 5 Зерттеу жұмысының дерек көздері:
Еңбектегі мәселелердің шешімін іздеуде

белгілі әдебиет зерттеушілері Т.Әбдірахманованың «Ақын сыры» [2], Т.Сыдықовтың «Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі», «Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы» [3], Л.Әділбекованың «І.Жансүгіров прозасының идеалдық-көркемдік ерекшелігі» [4], М.Имангазиновтың «Ілияс Жансүгіров» [5], Ш.Кыяхметованың «Аңызға бергісіз ғұмыр» [6], атты еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының дерек көздері: Еңбектегі мәселелердің шешімін іздеуде белгілі әдебиет зерттеушілері Т.Әбдірахманованың «Ақын сыры»

Слайд 6Зерттеу әдістері: Ізденіс барысындағы нәтижелер мен қорытындыларды тұжырымдау үшін теориялық талдау,

жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау, салыстырмалы талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу әдістері: Ізденіс барысындағы нәтижелер мен қорытындыларды тұжырымдау үшін теориялық талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау, салыстырмалы талдау

Слайд 7 ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

1 ІЛИЯС ЖӘНЕ

ЖЕТІСУ

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ1 ІЛИЯС ЖӘНЕ ЖЕТІСУ

Слайд 8
Ілияс – кіндік

кесіп, кірін жуған Жетісуын жеріне жеткізе жырлап өткен. «Суретін сөз баяндап жеткізе алмас», көркіне көз тоймас тамаша табиғатын, аққу ұшып, қаз қонған өзен-көлдерін, аспанмен астасқан асқар тауларын, ұшқан құс, жүгірген аңды өлең сөздің өзегіне айналдырып, туған өлкесінің тұғыры биік тұлғасын жасады.
Ілияс – кіндік кесіп, кірін жуған Жетісуын жеріне жеткізе

Слайд 9Ақын алдымен Жетісудің жалпы кескін-келбетімен таныстырады:
Жер таппан жерге жетер Жетісуым
Күркілдек, Көксу,

Лепсі, Іле, Шуым,
Асқардың аспан сүйген сілекейін,
Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын.
Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз,
Ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым.
Асқардан ақтарыла арқыраған,
Жөкеңнің кім аңсамас балдай суын.
Жетісу, кеудең асқар, аяғың көл,
Қоңың құм, мықыныңда бар сексеуіл.
Тау жайлап, қоңыр күзеп, құмды қыстап,
Ол бір маң мал өсірген өлкедегі ел.
Ақын алдымен Жетісудің жалпы кескін-келбетімен таныстырады:Жер таппан жерге жетер ЖетісуымКүркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,Асқардың аспан сүйген сілекейін,Жан

Слайд 102 «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ» ӨЛЕҢІНДЕГІ ТАУ СУРЕТІ
 

2 «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ» ӨЛЕҢІНДЕГІ ТАУ СУРЕТІ 

Слайд 11
Әдебиеттің пірі Мұхтар Әуезов былай дейді:

“Мен Ілиясты бұрын да білуші едім, өлеңдерін де оқып жүретінмін. Бірақ оны шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным сол «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін”.
Әдебиеттің пірі Мұхтар Әуезов былай дейді: “Мен Ілиясты бұрын да білуші едім,

Слайд 12Ілияс поэзиясы тау өзендерінің тасқыны тәрізді.
Мен өзім тауда туып, таста өстім,
Жасымнан

мұз төсеніп, қарды кештім.
Асқарда, Аршалыға қозы жайып,
Бұлттардың аспандағы қасында өстім,
Жөңкенің жоғары ала басында өстім,
Ақ гауһар Ақтастының тасында өстім,
Аспанда ақиығы шаңқылдаған
Құздардың құламалы астында өстім.

Ілияс поэзиясы тау өзендерінің тасқыны тәрізді.Мен өзім тауда туып, таста өстім,Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім.Асқарда, Аршалыға қозы

Слайд 13Ілиястың өзіндік сөз нұсқасы, өз бояуы да жетерлік. Мысалы:

Тауды тұман бөкселеп,
Өзен төлі жамырайды.
Көз жұмғанда көкше көк,
Көсіліп жер тырайды.
Кезек – кезек қар, жаңбыр,
Қыстың күні – қос қырсық.
Кісі өлгендей шулап қыр,
Жынданып тұр, жер ұрсып, -
деген жолдар Ілиястың бұл саладағы ақындық бейнесі мен қолтаңбасын танытады.
Ілиястың өзіндік сөз нұсқасы, өз бояуы да жетерлік. Мысалы:

Слайд 14Тарбиған Тарбағатай жердің құты,
Барлық - ол «қыдыр түнеп көшкен жұрты».
Оранған ақ

кебенек аруақты Алтай,
Төгіліп бізге таман жатыр мұрты.
Ертеде сол асқардың сәулетіне,
Қиыспай қырғындасқан талай жұрты.

Тарбағатай

Алтай

Тарбиған Тарбағатай жердің құты,Барлық - ол «қыдыр түнеп көшкен жұрты».Оранған ақ кебенек аруақты Алтай,Төгіліп бізге таман жатыр

Слайд 15

Ілияс ақын өлеңдерінде тау аттарын тізбелеп шығады:


Ақшұнақ, Жабағылы, Мыңшұқыр, Таз,
Бұлардың бәрін тізген Жоңғар тұрпы.
Аршалы, Амантекше, Қарасырық,
Қараүңгір, Қалмақасу, Қаражырык,
Сауыры Салқынбел мен Сайымбөлек,
Суығы соғып тұрад аласұрып.

Ақшұнақ тауы

Жабағылы тауы

Жоңғар Алатауы 

Баянжүрек

Талғар шыңы 

Ілияс ақын өлеңдерінде тау аттарын тізбелеп шығады: Ақшұнақ, Жабағылы, Мыңшұқыр, Таз,Бұлардың бәрін тізген

Слайд 16

Асқардың арғы атасы Хантәңірі,
Албанның өрісінің төрінде екен.
Па,

шіркін! Болады екен тау да сұлу,
Мұз көйлек көк мұнармен белін буу.

Кіндіктас – Шу-Іле тауларының орта тұсындағы тау сілемі. Жамбыл облысы  Шу және Қордай аудандары аралығында.

Асқардың арғы атасы Хантәңірі,Албанның өрісінің төрінде екен.Па, шіркін! Болады екен тау да сұлу,Мұз

Слайд 17

Ақын Жетісудың

әсемдігін суреттей келе, ойын мына өлең шумағымен былайша түйіндейді.
Неше елді аттандырған құтты қоныс,
Әлі тұр әсемдігі таусылмай,
Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,
Жерінің Жетісудің бәрі сондай!
«Суретін сөзбен баяндап жеткізе алмас» Жетісу өңірінің, соңын ішінде өз ауылымыздың бүгінгі келбеті қандай? Ақын айтқан әсемдік пен сұлулық және байлықтар қазір бар ма, сақталған ба? Осы мәселе бізді ойландыруы керек.
Оның Жетісуға арнап жазған өлеңдеріндегі нөсерлете төгілген қайталаулар мен үдетулердің поэтикалық түйініне көз жіберсек, ақындық шеберлігін тану қиын емес. Ілияс өлеңдерінің құдіреті оқушысының кейіп-қалпын бүкіл жан дүниесімен арбап, баурап алуында. Осындай шын жүйріктің шабысына, үдей өрлеген асқақ ақын өнеріне сүйсінесің. Біз Ілиястың «Жетісу суреттері» өлеңін құр оқып қана шықпаймыз ғажайып сырлы бояудан жасалған келісті тұтас бір дүниені көріп өткендей боламыз.
Ақын Жетісудың әсемдігін суреттей келе, ойын мына өлең

Слайд 18


Ілияс шығармаларынан жер мен көктің, тау мен

тастың, күн мен түннің, таң мен кештің, жаз бен қыстың, көктем мен күздің алуан суретін табамыз. Жырға жүйрік, сөзге шешен ақын поэзиясында пейзаж түрлі идеялық-көркемдік мақсатта алынған. Оған дәлел Жетісу жерінің тамаша суреттеріндегі төрт тоғысқан арнадай, сабақтаса ұштасып жатқан жылдың төрт мезгілі. Әлемнің психологиясын ашуды мақсат ете отырып, адамдардың арасын біріктіретін ашылмас дәнекер туған жер екендігін айғақтайды.
Ілияс шығармаларынан жер мен көктің, тау мен тастың, күн мен түннің, таң мен

Слайд 193 «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ» ӨЛЕҢІНДЕГІ СУ СУРЕТІ
 


3 «ЖЕТІСУ СУРЕТТЕРІ» ӨЛЕҢІНДЕГІ СУ СУРЕТІ 

Слайд 20Ыстықкөл жер айнасы мөлтілдейді,
Балқашты қамыс қамап желкілдейді.
Аттанған алты өзені

Жетісудың
Балқашқа бауырымдап еңкілдейді.


Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінің «Жетісуда су суреті» бөлімінде Ыстықкөл, Балқаш көлдері, Шу, Іле, Шелек, Көксу, Қаратал, Күркілдек өзендерінің аты аталады. Даналық сыры, ойшылдық терендігі, құбылысты көкірек көзімен көріп, сүзе зерделеп, терең талдай алатын зергерлігі қанына дарыған дарын екенін кез келген лирикаларынан ойып алынған үзінді айғақтайды. «Жетісу суреттері» өлеңінде ақын Жетісу өлкесіндегі барлық табиғат сұлулығын даралап сипаттайды.

Ыстықкөл жер айнасы мөлтілдейді, Балқашты қамыс қамап желкілдейді. Аттанған алты өзені Жетісудың Балқашқа бауырымдап еңкілдейді.

Слайд 21


Ақын бұдан әрі алты өзеннің әрқайсысының өзіндік

сипаты мен ерекшелігін оның халық шаруашылығына тигізетін пайдалы жақтарын көз алдыңа келтіреді:
Шу әне, тауды тартып шыққан шулап,
Ойнақтап, ырғып, жосып, таудан құлап.
Асқардан атқарылған ақ емес пе,
Қарқ болған қырғыз, қазақ суын сулап, -деп, одан әрі бұл жерді ерте заманна бері қарай осы күнге дейін қазақтың қай тайпасы, қай елі мекен еткені баяндалады.
Ақын бұдан әрі алты өзеннің әрқайсысының өзіндік сипаты мен ерекшелігін оның халық шаруашылығына

Слайд 22


Шымырлап Іле қайнап, құмды кезген
Қыс қақпан, ұйық, дойыр, долы безген,
Алыстан арып көшкен керуендеп,
Тоң мойын томсарылып тұнжыр көзбен.

Күркілдек, Көксу, Іле, Шу өзендеріне ешбір өлкенің өзені жетпейтіндігін, сөзбен жеткізе алмайтындығын дәлелдеді. Өмірді жырға бөлеп, өнердің тілін білген ақын көктен нұрға шомылған, жерден жібек жамылған, қырға кызыл шырайын төккен, нұрлы күнге қарап мелшиген, бауыры торқа, басы бәтес Алатаудың мәңгі бұлтқа бөленген меңіреу құзын, ну тоғай, қоғалы көлін, жасыл көлдің үстіндегі екі шынды қосақ-таған жабағы бұлтын, жағадағы көк толқыны мен бедер бұлағын, тік жырасына дейін әдемі бейнелейді.


Слайд 23


Арқырап айқай салған Көксу алып,
Жазыққа шыға

келсе үркіп ағып.
Егінші, ылғи диқан жалайырлар
Үлесед үй басына тоған алып.
Мөлтендеп мойнақты орай Қаратал да,
Көксуға қойындасад жарды жанып.
Қосылып екі ерке су, екі сұлу,
Балқаштан қалың кұмға кетеді лағып.


Көксу өзені шығармада Күркілдектен кейін, Лепсінің алдыңда түр. Жетісудың бір өзені Көксу-Қаратал . Суының көптігі, экономикалық маңызы жағынан Көксу алдыңғы қатарда тұрғанымен - Балқашқа Қаратал өзені болып кұяды. Дегенмен де екі өзенді де «екі ерке су, екі сұлу» деп дәріптейді.

Арқырап айқай салған Көксу алып, Жазыққа шыға келсе үркіп ағып. Егінші, ылғи диқан

Слайд 24

«Жетісу суреттері» - ақынның туған жер тақырыбындағы

ірі туындысы. Туған мекені Жетісу жерін үлкен шеберлікпен, бейнелі сөздермен түгел, тұтас елестетеді, бұл мекенді көрмеген адамға да көп мағлұмат береді.
Жетісу - қазақ пен қалмақ шайқасы өткен тарихи мекен. Ұқсату, теңеу, эпитеттері нанымды, көркем, айқын.
Ақын табиғатқа шебер мінездеме береді. Ілияс табиғатты жанды күйде береді. «Пейзаж прекрасен тогда, когда оживлен»,- дейді Н. Г. Чернышевский.
Меңіреу, мөлдір қара бұлт қоршайды,
Сұлуға жұпар бүркіп себетіндей.
Баладай былдырлаған сақау самал,
Қойнына әжесінің кіретіндей.
Осы шумақтағы меңіреу, сақау теңеулері жай «меңіреу» көрініс, «мүгедек» дүние емес, жанды бейне.
Яғни Ілияста табиғат осындай жанды күйде, адам қасиетінде, адам мінезінде көрсетіледі, олар сөйлейді, күледі, қозғалады, ашуланады, сүйеді.

«Жетісу суреттері» - ақынның туған жер тақырыбындағы ірі туындысы. Туған мекені Жетісу жерін

Слайд 25
Ілиястың шығармашылық портретін, адамдық болмысын жерлесі әрі
інісі, рухани шәкірті - белгілі

ақын Әділбек Абайділданов былайша
пенделікке қимай, пайғамбар деуден айылын жимай мүсіндейді:
Биікте отыр ақын, тас түйінген,
Қырандай қанат қомдап, қас түйілген.
Ұйытқиды алай-дүлей құйын шабыт,
Тауды ырғап, талды жұлып, тасты үйірген...
«Өз елі ез ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді». Иә,
ұлылықты ұлықтай білуге үндеген кемеңгерім, біз рухыңа басымызды
иеміз.


ҚОРЫТЫНДЫ



Ілияс Жансүгіров – табиғат сұлулығын, өзі туып өскен жаннат Жетісу келбетін сомдаудан алдына жан салмаған ақын. Бұл тұстарда ол желмаядай желіп, қырандай қалықтап, өлеңнен өрнек жасайды, жырдан кесте тігеді. Көздің жауын алатын не бір сиқырлы бояулар табады: енді бірде арбаушыдай еркіңнен айырып, бұйдалы ботадай оқушысын жетегіне алады. Сол себепті де оның табиғатты бейнелеудегі шеберлігі қазақ поэзиясының жарқын беттерін ашады.

Ілиястың шығармашылық портретін, адамдық болмысын жерлесі әріінісі, рухани шәкірті - белгілі ақын Әділбек Абайділданов былайшапенделікке қимай, пайғамбар

Слайд 26ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
  
1. Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. Монография. А.,1965, 156 бет
2. Әбдірахманова

Т. Ақын сыры. Алматы.- 1974ж.
3.Сыдықов Т. Жетісу дүлдүлдерінің дүбірі. Алматы.-Арыс.2010ж.
Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. . Алматы.-Арыс.2012ж.
4.Әділбекова Л. І.Жансүгіров прозасының идеалдық-көркемдік ерекшелігі. 5.Имангазинов М. Ілияс Жансүгіров. Алматы. -2004ж.
6. Кыяхметова Ш.А. Аңызға бергісіз ғұмыр. Талдықорған, 2006 ж.
7. Жансүгіров І. Шығармалары. 1том.-Алматы.- Қазығұрт .-2008ж.
8. Назарбаев. Н. Ә. «Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс» //Егемен Қазақстан. – 2003. – №311-312
9. Әуезов М. Уақыт және әдебиет – Алматы: Жазушы, 1986. – 254 бет
10. Бітібаева Қ. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» А, 1997, 297 бет
11. Дербiсалин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. Алматы, 1990, 193 бет
12. Иманғазинов М.Ілияс прозасындағы дәуір дидары. Т.,2000ж, 104 бет
13. Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш. Шығармалары. А.,1989, 245 бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  1. Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. Монография. А.,1965, 156 бет2. Әбдірахманова Т. Ақын сыры. Алматы.- 1974ж.3.Сыдықов Т.

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть