Слайд 15Есептер шығару (15-жаттығу)
Ескерту (Шаңғышының, трактордың т.б. түсіретін қысымдары туралы есептерде ауданы
2S –ке тең болады, өйткені шаңғышыда - 2 шаңғы, трактордың - 2 табаны т.с.с.)
1. 100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.
2. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 780 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын табыңдар.
3. Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4 м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.
Слайд 16Қосымша :
1. Розеткаларға 37,5 кН күшпен әсер ете отырып арнаулы
кеспелтектермен престейді. Розетканың ауданы 0,0075 м2. Розеткаға қандай қысым түседі?
2. Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 0,2м2. Оның топыраққа түсіретін қысымы қандай?