2. Инерция деп нені айтады? Инерцияға мысал келтір.
3. «Инерция» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
4. Инерция құбылысын ашқан кім?
5. Көлік оңға немесе солға бұрылғанда ондағы жолаушы қалай
қарай қисаяды? Неліктен?
6. Жүріп бара жатқан трамвайдан секірген адам қалай қарай құлайды?
7. Не себепті желдеткіш ток көзінен ажыратылған соң, біразға дейін
айналып тұрады?
8. Өздерінді қоршаған ортадағы инерция бойынша қозғалатын
денелерге мысалдар келтіріңдер
9. Физикада күш деген сөзді біз қалай түсінеміз?
10. Күш қандай шама? Мысал келтір. Күштің белгіленуі.
11. Күш немен сипатталады?
12. Күш сызбада қалай кескінделеді?
13. Күш бірлігі ретінде не қабылданған?
14. Неліктен денелер Жерге құлайды?
15 Тауға қарай көтерілу, тіпті жол тегіс болғанның өзінде, төмен қарай
түсуден гөрі қиын болатыны неліктен?
16. Бүкіләлемдік тартылыс заның ашқан ғалым кім?