Слайд 1Сабақтың мақсаты:
Білімділік: математикалық маятник пен серіппелі маятник
тербелістерінің периодтарын есептеу, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымын кеңейту. Оқушыны ойын еркін жеткізе білуге,өзін-өзі басқаруға, бағалауға жетелеу.
Тәрбиелік: оқушыға қоршаған ортадан нақты мысалдар келтіру арқылы, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу, алған білімдерін ізгілік жолына жұмсауға үйрету.
Көрнекіліктер :
Электрондық оқулықтар,слайдтар,интерактивті тақта,жұмыс дәптерлері,бағалау парақшалары.
Слайд 2Ұйымдастыру /2 минут/
Үй тапсырмасын сұрау / 6 минут /
Жаңа сабақты
меңгерту / 15 минут /
Жаттығулар / 7 минут /
Жаңа сабақты бекіту / 7 минут /
Оқушыларды бағалау / 5 минут /
Үй тапсырмасы /3 минут /
Слайд 3Ұйымдастыру кезеңі
Еске түсіру
Ой қозғау
Ойды дамыту
Байланыс
Еркін ізденіс
Ойды қорыту
Қосымша ақпарат
Слайд 4Еске түсіру
“Кім жылдам”
(үй тапсырмасын сұрау)
Слайд 5Қоңырау, серіппеге ілінген жүктер, маятникті сағат, жүрек соғысы т.б. Қозғалыстың қандай
түріне жатады?
Басқа қозғалыстан айырмашылығы?
Қалай пайда болады?
Нәтижесінде:
5. Тербеліс өшпейді?
6. Сипаттайтын шамалар?
Слайд 6Сөйлемді аяқтау
1.Дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысы
...
2.Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын ...
3.Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны ...
4.Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуы .. ...
5.Уакыт өткен сайын амплитудасы азайып отыратын тербелістер... ...
6.Сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер... ...
Слайд 8Еркін ізденіс
Серіппелі маятниктің периоды неге тәуелді?
Слайд 9I – топ: Математикалық маятник және оның тербеліс периоды
I – топ:
Маятниктердің тарихы
II – топ: Маятниктердің қолданылуы
IІ – топ: Серіппелі маятник және оның тербеліс периоды
Слайд 10Математикалық маятниктердің тербелісі
Математикалық маятник дегеніміз-созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген жүкті
(ауыр шарды)айтады.
Слайд 11Математикалық маятник периоды неге тәуелді?
Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды.
Математикалық
маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді болмайды.
Математикалық маятник жіптің ұзындығына тәуелді.
Слайд 12
Серіппелі маятник периоды неге тәуелді?
Серіппелі
маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болады.
Серіппелі маятниктің периоды серіппенің қатаңдығына тәуелді болады.
Слайд 14Маятниктердің тарихы
Жіпке немесе серіппеге ілінген жүктің тербеліс периодының тербеліс ампитудасына тәуелді
болмайтындығын ашқан ғалым
Слайд 15Галилей өз тұжырымын тәжірибе жүзінде дәлелдей отырып , маятниктерді уақыт өлшеуіші
ретінде сағаттарда пайдалануды ұсынды.
Бұдан 70 жыл уақыт өткен соң ғана, Х.Гюйгенс осы идеяны жүзеге асырды. Алғаш рет маятникті сағат құрастырып шықты.
Слайд 16Маятникті сағаттар
Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1656 жылы маятникті ойлап тапты. Маятник
( ұзынша салмасы бар ұзын шыбықша ) бірқалыпты тербеледі. Яғни, оның әр тербелісі бірдей уақыт аралығында қайталанады. Маятниксіз сағаттар күніне уақыттан 15 минут артта қалып, немесе озып кете беретін. Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды. Маятник сағаттың жүрісін реттеп отырады.
Слайд 18Жаңа материалды бекіту кезеңі
Ойды қорыту
“Сиқырлы ұяшықтар” ойыны арқылы іске асады.
Слайд 19 Ұяшық сұрағы:
Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тәуелді болатын физикалық шамалар?
Слайд 20 Ұяшық сұрағы:
Серіппеде тербеліп тұрған
жүк 4 с ішінде 16 тербеліс жасайды.Тербелістің периоды мен жиілігін анықта.
1 2
Тербеліс периоды мен жиілігі неге тең?
Слайд 22
Маятниктің тербеліс периодының еркін түсу
үдеуіне тәуелділігі тәжірибеде жер бетінің әр түрлі нүктелеріндегі еркін түсу үдеуін өлшеу үшін пайдаланады. Еркін түсу үдеуін есептеу нәтижелері бойынша пайдалы қазба байлықтар қоры жатқан аймақты анықтауға болады.
Тығыздығы жер қыртысының орташа тығыздығынан артық болатын пайдалы қазба, мысалы,темір рудасы , бар болса, g-ның мәні жоғары болады.Ал тығыздығы аз мұнай не газ кендері бар жерлерде g-ның мәні төмен болады.
І- деңгей
1. Қатаңдығы 12,3 Н/м серіппеге ілінген массасы 211 г жүктің тербеліс тербеліс периоды мен жиілігі неге тең?
2. Ай бетіндегі ұзындығы 100 см математикалық маятниктің тербеліс жиілігі неге тең? Айдағы еркін түсу үдеуі 1,62 м/с2
ІІ- деңгей
1. Қатаңдығы 250 Н/м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасы неге тең?
2. Ұзындығы 80 см маятник 1 мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алды?
ІІІ- деңгей
1. Бірдей уақыт ішінде математикалық маятниктердің біреуі 10, ал екіншісі 30 тербеліс жасайтын болса, олардың ұзындықтарының қатынасы қандай?
Слайд 24 Тест тапсырмалары
1 - нұсқа
1. Тербелістің неше түрі бар?
А)
1 В) 2 С) 3 Д) 4
2. Материалдық нүктенің гармоникалық тербелісінің теңдеуі:
X=Asin ( wt+φ0). Осы өрнектегі физикалық шамалардың қайсысы нүктенің тепе- теңдік қалпынан ығысуын анықтайды?
А ) ( wt+φ0); В ) w; С) Х; Д) А;
3. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тәуелді болатын физикалық шамалар:
А ) Маятниктің массасына;
В ) Жіптің ұзындығы мен еркін түсу үдеуіне;
С ) Жүктің массасы мен қатаңдыққа;
Д ) Тек маятниктің ұзындығына
4. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 1 минут ішінде 60 тербеліс жасайды. Тербелістің жиілігі неге тең?
А) 30 Гц; В) 0,5 Гц; С) 120 Гц; Д) 1 Гц
5. Сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер қалай аталады?
А) еркін тербеліс В) гармониялық тербеліс С) еріксіз тербеліс Д) тербеліс емес
Слайд 252- нұсқа
1. Егер математикалық маятниктің ұзындығын 4 есе арттырса, оның тербеліс
периоды қалай өзгереді?
А) 2 есе артады В) 2 есе кемиді С) 4 есе кемиді Д) 4 есе артады
2. Математикалық маятниктің тербеліс периоды тәуелді болатын физикалық шамалар:
А ) Маятниктің массасына;
В ) Жіптің ұзындығы мен еркін түсу үдеуіне;
С ) Жүктің массасы мен қатаңдыққа;
Д ) Тек маятниктің ұзындығына.
3. Материалдық нүктенің гармоникалық тербелісінің теңдеуі:
X=A cos ( wt+φ0). Осы өрнектегі физикалық шамалардың қайсысы тербелмелі қозғалыстың бастапқы фазасын анықтайды?
А ) cos ( wt+φ0); В ) ( wt+φ0) ; С) φ0 ; Д) А.
4.Сыртқы периодты күштің әрекетінсіз болатын тербелістер:
А) еркін В) гармониялық С) еріксіз тербеліс Д)тербеліс емес
5. Тербеліс теңдеуі: Х=5 co s ( 2Пt+8 ). Тербеліс амплитудасы неге тең?
А) х В) 8 С) 5 Д) cos (2Пt+8)
Слайд 26 Жауаптары:
1-нұсқа
2-нұсқа
1) В 1) А
2) Д 2) В
3) С 3) С
4) Д 4) А
5) С 5) С
Слайд 27Үйге тапсырма:
§27, 22 – жаттығу