Слайд 1Сабақтың жоспары
1 –кезең “Ой қозғау”
Есте сақтау қабілетін байқау, ойымызды саралау көзделеді.
(ІІ
тарауды пысықтау).
2- кезең “Ой толғау”
-жаңа сабақты түсіндіру;
есептер шығару
3- кезең “Ой сергіту”
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті,
тіл байлықтарын байқау көзделеді.
4- кезең “Ой қорыту”
Оқушылардың білімдері тиянақталады.
Нәтижесі бағаланады.
Слайд 21 –кезең
“Ой қозғау ” сұрақтары:
Күштің түрлерін ата
Ауырлық күші
Серпімділік күші
Үйкеліс күші
Тартылыс күші
Слайд 3Күш дегеніміз не?
Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын
сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шама
Слайд 4Теңәрекетті күш дегеніміз не?
Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей
әрекет жасайтын күшті айтады.
Слайд 5Ньютонның І заңы
Денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген
болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.
Слайд 6Салт атты шауып келе жатыр. Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс
тоқтаса, онда қандай жағдай байқалуы мүмкін
Слайд 7Ньютонның ІІ заңын тұжырымда:
Денеде туындайтын үдеу оған әрекет ететін күшке тура
пропорционал
Слайд 8Ньютонның ІІІ заңын тұжырымда
Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші
күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір – біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама – қарсы
F= -F
Слайд 9Дене импульсі.
Импульстің сақталу заңы.
ІІ кезең
“Ой толғау”
Жаңа сабақ
Слайд 10Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға импульс. Импульстің сақталу заңы жөнінде
мағлұмат беру.
Дамытушылық: Дене импульсі, күш импульсі, импульстің сақталу заңы негізінде оқушылардың физикалық түсініктерін дамыту. Формулалармен таныстыру, есептер шығарудағы машығын тереңдету.
Тәрбиелік: Теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, нақтылыққа, жүйелілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Слайд 11 Сабақтың жоспары
Дене импульсі, дене импульсінің бағыты, өлшем бірлігі
Күш импульсі,
оның бағыты, өлшем бірлігі
Күш импульсімен дене импульсінің арасындағы байланыс
Тұйық жүйе
Импульстің сақталу заңы
Слайд 12 Барлық физикалық құбылыстар сол бір сақталу заңдарына
бағынған.
Фейнман.
Слайд 13 Дене импульсі
Анықтамасы: Дененің массасы мен оның қозғалыс
жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама
Белгіленуі:р
Формуласы: р=m V
Өлшем бірлігі: Кг*м/с
Бағыты V векторы бағытымен бірдей
Слайд 14“Мен ойлай аламын, демек бармын”
Слайд 16 Күш импульсі
Анықтамасы: Күш пен оның әрекет
ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.
Формуласы: р = F t
Өлшем бірлігі: Н*с
Бағыты F векторы бағытымен бірдей
Слайд 17Тұйық жүйе дегеніміз:
Сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір – бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.
Слайд 18Р. Декарттың өзінің белгісіз оқырманға жіберген хаттарының бірінде ол:
“ Ғалам кеңістігінде, барлық пайда болған материяда ешқашан артпайтын әрі азаймайтын қозғалыс мөлшері бар деп санаймын, егер бір дене екінші денені қозғалысқа келтірсе, онда ол екінші денеге қанша қозғалыс берсе, сонша қозғалыс жоғалтады.”
Слайд 20 Импульстің сақталу заңы
Анықтамасы: Тұйық жүйедегі өзара
әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді.
Формуласы:
Слайд 21Есеп: массасы 1 кг дене түзусызықты қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 10
м/с –тен 20 м/с –ке дейін өзгертеді. Дененің импульсінің өзгерісін анықтау керек.
Слайд 22Бірінші дененің массасы 2 кг, жылдамдығы 6 м/с, ал екінші дене
тыныш тұр. Соқтығыстан кейін, екі дене бірге 2 м/с жылдамдықпен қозғалып кетті. Екінші дененің массасын анықтаңдар
Слайд 23Ой толғаудың есебі:
6 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан массасы 60 кг адамның
импульсі қандай?
Слайд 24 20 м/с жылдамдықпен түзу сызық бойымен қозғалып келе жатқан
массасы 2 кг дене массасы 3 кг денемен соқтығысады да, әрі қарай екеуі бірігіп V жылдамдықпен қозғала бастайды. Сыртқы күштер әрекет етпейді деп есептеңдер. Денелердің соқтығысуға дейінгі , соқтығысудан кейінгі жалпы импульстерін және соқтығысудан кейінгі жылдамдығын анықтаңдар.
Слайд 25 Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе
жатып , 2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстіне қарғып мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады.
Слайд 26ІІІ кезең
Ой сергіту
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті,
тіл байлықтарын байқау көзделеді.
Адамды бір тал
шашынан тартқанмен батпақтан шығара алмайсың (малгаш мақалы).
Он адам шыңға сүйрейді, ал етекке біреуі де құлатады (орыс мақалы).
Түзу жолда, қисық жүрме (қазақ мақалы).
Жеңіл балғамен шегені қаға алмайсың (корей мақалы).
Слайд 28Дене импульсі дегеніміз не?
Векторы қалай бағытталған?
Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының
көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама, жылдамдық векторымен бағытталған
Слайд 29Күш импульсі дегеніміз не?
Күш импульсінің векторы қалай
бағытталған?
Күш пен оның
әрекет ету
уақытының көбейтіндісі
Слайд 30
Дене импульсінің өзгеруі қандай
шамаға байланысты?
Күш импульсіне
Слайд 31
Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?
Сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге
енетін денелер бір – бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.
Слайд 32
Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар
Тұйық жүйеде өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді.
Слайд 33Бағалау парағы
Толық жауап берген оқушы әр кезеңге 5 ұпай қойып отырады.
“5”
– 18-20 ұпай
“4” – 13- 17 ұпай
“3” – 7-12 ұпай
Слайд 34 Үйге тапсырма:
19,20 тақырыпты мазмұндау;
17 жаттығудың 4 есебін шығару;
« Дене импульсі.
Импульстің сақталу заңы»тақырыбына ребус, сөзжұмбақ құру;