Слайд 1Баяндама :
Дарынды оқушылармен
жұмыс
Примечание:
Эта грамота предназначена для вывода на печать. Сначала
попробуйте распечатать ее на обычной бумаге, чтобы проверить расположение, прежде чем использовать соответствующий бланк.
Может потребоваться снять флажок "Вместить в размер листа" в диалоговом окне "Печать" (раскрывающийся список "Слайды размером во всю страницу").
Жунусова С.Б.
2.12.2015ж
Слайд 2
Ел Президенті өз жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденді, біздің балаларымыз
бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады»,- дейді. Жолдауда атап көрсетілгендей, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өрісі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.
Слайд 3Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін
іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады.
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Слайд 4
Қазіргі кезде «Дарындылық» ұғымы өте кең көлемде қамтылған.
Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың
зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қиялы, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Слайд 5
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
v Өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік
стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
v Оқушы дарындылығының моделін білу;
v Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
v Дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
v Дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
Слайд 6Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
v Дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған
бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
v Оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
v Дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
v Дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
v Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Слайд 7Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
v
Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
v Сабақты түрлендіріп өткізу;
v Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
v Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
v Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Слайд 10 Дарынды балалардың танымдық әрекетінің даму ерекшелігі төмендегідей:
v Білуге деген
құштарлығы.
v Ойлау қабілетінің жоғарылылығы.
v Терең ойлауы.
v Жаңа ой тудыру қабілеттілігі.
v Ассоциацияға жеңілдігі.
v Болжамдылық қабілеті.
v Зейіннің жоғарылығы.
v Өте жоғары есте сақтау мүмкіндігі.
v Қызығушылығы мен қабілеттілігі.
Мысалы:
Биіктігі 6 м үйді фокустық ара қашықтығы 5 см фотоаппаратпен суретке түсірді. Егер үйдің биіктігі суретте 24 мм болса, онда үйді қандай ара қашықтықтан суретке түсірген?
Слайд 21Берілгені:
h = 24mm = 24*10-3m = 0.024m , H
= 6 m , f = 5cm =0.05 m
T/k d = ?
Анализ:
Линзаның үлкейтуі Г = h/H мұндағы h – кескіннің биіктігі
H – нәрсенің биіктігі н/е
Г = f/d мұндағы f- нәрсенің линзадан кескінге дейінгі
арақашықтығы
d – нәрседен линзаға дейінгі арақашықтық
Яғни h/H = f/d d = f *H /h
d = 0,05m *6m /0,024m = 0,3/0,024 = 12,5 m
Жауабы: d = 12,5 м
Слайд 22ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты
ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Слайд 23
“Картоп өсіру” тренингі
6.Арам шөптен тазарту.
1.Жерді
жыртамыз
2.Қопсытамыз
3.Бетін тегістейміз
5.Суарамыз
4.Тұқым себеміз
Коучинг тақырыбы:
Талантты және дарынды балаларды анықтау
538×680
Слайд 25Топтық тапсырма
І топ:Талант дегеніміз не?
ІІ топ:Дарын дегеніміз не?
ІІІ топ:Талантты және дарынды
балалардын қалай оқитынының сипаттамасы?
Топтық тапсырма
Слайд 26Талант музыка,өнер, түрлі қолөнер,би немесе спорт және т,б салалардағы жоғары деңгейімен
байланыстырылады.
Дарындылық қабілеттің жоғары деңгейімен
байланыстырлады
Слайд 28Талантты және дарынды оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы
Логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі
дамыған
Заңдылықпен өзара байланысты тез орнатады
Ақпаратты шұғыл өңдейді
- Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады
- Түйінді қағидаларды жеңіл игереді
- Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады
- Проьлемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжамдар жасайды
- Проблемаларды анықтайды және шешеді
- Барлығына талдау жасайды
-Идея ұсынып дәлелдермен айғақтайды
- Кең ауқымды білім пайдаланады
- Пікір айтуда тәуелсіз және неге, қалай деген сұрақтар қойып, жаңалықтар ашуға ұмтылады
Слайд 29Ертедегі Қытайда дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған.
Расында дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол сілтеу қажет.
Жалпы педагогика-психология ғылымында «дарындылық» мәселесіне қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Дарынды бала - ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін адам.
Дарындылықты анықтаудың психологиялық жолдары
Слайд 30И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті
Слайд 31Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған тұлға,
оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген.
Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық адам баласының даму барысында тәрбиеге байланысты дейді.
Слайд 33Бұлақ көрсең, көзін аш...
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде
шыңдалады.”Адам ұрпағымен мың жасайды” демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып жазылмақ! Сонау ХІХ ғасырда ағартушылық-демократтық бағыттың негізін салған Шоқан,Ыбырай,Абайлардың, ұлттың ұстазы болған Ахметтің,жалыны мен жігері жанған Міржақып пен Мағжандардың ұлы мұратын жүзеге асыруға атсалысып жүрген СІЗДЕРГЕ, құрметті әріптестер, дарынды баланы ашуда, тәрбиелеуде Сәттілік тілейміз!