Дүниедегі құбылыстың мәнін де
Табиғаттағы қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика - дүние кілті бүгін де
1. Материалдық нүкте дегеніміз не?
2. Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?
3. Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз ?
4. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай?
5. Жүрілген жол дегеніміз не?
6. Орын ауыстыру деп нені атайды?
Өткен тақырыпқа шолу
Сұрақ - жауап
Бірқалыпты қозғалыс
Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Бірқалыпты емес қозғалыс
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Жылдамдық
Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:
Жылдамдық
Жылдамдық км/сағ, км/с м/с, см/с, мм/с.
72 км/сағ =?
Мысалы: 72 км =72 000 м; 1 сағ = 3600 с
Сонда 72 км /сағ = 72х1000/3600с =20 м/с.
Мысалы: ұшақтың жылдамдығы 400 м/с,
жарықтың таралу жылдамдығы 300 000 000 м/с,
жүрдек пойыздың жылдамдығы 72 км/сағ,
дыбыс жылдамдығы 340 м/с
тасбақаның жылдамдығы 0,05 м/с.
Ақтау мен Жаңаөзеннің арақашықтығы
150 км . Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін 2,5 сағат жол жол жүрді. Жеңіл машинаның жылдамдығын анықтау керек.
І топ
ІІ топ
Велосипедші бірқалыпты қозғалып,
30 мин ішінде 9 км жол жүрген .Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.
ІІІ топ
750 км/сағ жылдамдықпен ұшақ 6 сағ ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?
Үй тапсырмасы:
§17 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.
§18. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
5- жаттығу ( 4 )
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть