Армысыздар ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – “жаңа күн” деген сөз. Бұл күн ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
“Ұлыстың ұлы күнінде”
“Оң болсын, - деп , - ұлысың!”
Төс түйісіп көрісер
Көжедегі ырысың
Көпшілікпен бөлісер.
Төс түйісу дегені –
Тату болсын ел іші.
Бөліп ішу көжені –
Тоқшылықтың белгісі.
Наурыз тойы салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
“Наурыз көже”
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
ҚЫДЫР АТА БАТА БЕРУДЕ:
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН,
АҚ МОЛ БОЛСЫН.
ЕЛІМІЗ АМАН ,
ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛСЫН.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть