Слайд 1Орал гуманитарлық-техникалық колледжі
Тақырыбы:
Математикада қолданылатын
дидактикалық материалдар
Дайындаған:
Слайд 2Мақсаты:
Білімнің сапалы болуы оқушылардың оны саналы меңгеруіне байланысты. Білімді саналы
меңгеру – оқулықта берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап шығу емес, алған теориялық білімін іс жүзінде пайдалана алу. Осы мақсатпен ұсынылып отырған дидактикалық материалдардың тәжірибеде тигізер көмегі көп. Құрастырылған дидактикалық материалдардың мақсаты оқушылардың қисынды ойлауын, тілін дамыту, сонымен қатар жан – жақты білім беру жағы ескеріледі. Сондықтан есептер мен тапсырмалардың қызықты, тартымды, мазмұны терең болуы, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сай топталады. Қай есепті, қай сыныпта, қай мақсатқа және қалай пайдалану қажеттілігі әр оқушының даму ерекшелігіне, білім деңгейіне қарай таңдалуы керек. Сондықтан мен бүгін сіздерге әр түрлі бағытта құрылған бірнеше кітаптармен және көмекші құралдармен таныстырып өтемін.
Слайд 3Мұғалімдерге арналған көмекші құралдар
Слайд 4 Бағдарлама талабына сәйкес тиісті білімді
қалыптастыруға байланысты өзіндік жұмысты
ұйымдастыруға
арналған тапсырмалар 4 деңгейде
берілген:
Үйреншікті жағдай
Біршама өзгерген жағдай
Жаңа жағдай
Шығармашылық іс – әрекетті талап ететін жағдай
Слайд 5Оқу құрамында 30 жұмыс бар.
Әр жұмыс 4 тапсырмадан тұрады.
Әр
топтама 2 нұсқадан берілген.
Т – тапсырма дегенді білдіреді
- Алғашқы сан жұмыстың реттік нөмірін
- Екінші сан нұсқаның нөмірін
- Үшінші сан жұмыстың деңгейін білдіреді
Слайд 6Құралдың ерекшелігі сыныптан тыс математикалық үйірмелерге, математикалық олимпиадалар мен конкурстарға қатысатын
оқушыларға дайындық ретінде қолданылады.
Слайд 7
Бұл бетте математикадан сыныптан тыс сабақта қолданылатын 2 – 3 сыныпқа
арналған, фигураларға байланысты тапсырмалар берілген
Слайд 8Мұнда оқушыларға арналған логикалық тапсырмалар, яғни берілген затты теңдей бөліп салуға,
теңестіруге арналған есептер мен тапсырмалар көрсетілген.
Слайд 9Кітапта әр түрлі бағыттағы 100 есептің мазмұны мен шығару жолдары берілген.
Есептер логикалық, арифметикалық, мазмұнды, көбейтудің теориялық бағытында берілген.
Слайд 11
Бұл кітап болашақ бастауыш мұғалімдеріне яғни, студенттерге арналған көмекші құрал.
Бұл кітап қиындық келтіретін есептерді, мазмұнды есептерді суреттер мен сызбалар арқылы түсіндіруге арналған.
Слайд 13Мұнда суреттер арқылы нешеуі артық, нешеуі кем екендігін табуға арналған есептер
мен тапсырмалар көрсетілген.
Бұл тапсырмаларды
2 сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту үшін қолдануға болады.
Слайд 14
Бұл кітапта бастауыш сынып оқушыларынынң интеллектуалдық қызығушылығын арттыру үшін қолданылатын жаттығулар
мен тапсырмалар берілген. Сонымен қатар олимпиадалық сайыстарға дайындық ретінде қолдануға болатын логикалық тапсырмаларда бар.
Слайд 15
Бұл бетте берілген сандарға амалдар қолдану, жақша қою сияқты логикалық тапсырмалар
берілген.
Слайд 16Келесі бетінде фигуралардың айырмашылығы, фигуралар ішінен үшбұрыштарды табуға арналған тапсырмалар бар.
Слайд 17
Автор бұл кітапта құрама есептерді,
4 пропорционал шаманы табуға арналған есептердің
шығару жолдарымен таныстырған.
Слайд 18
Көмекші құралдың бұл бетінде пропорционал шамаға берілген жай есептер және 4
– ші пропорционал шаманы табуға берілген есептердің шығару жолдары толық әрі нақты көрсетілген.
Слайд 19Мұнда 2 сынып оқушыларына құрама есептерді шығаруға үйрету кезінде қолданылатын материалдар
көртсетілген. Бұнда әр есепті толық талдап, шығару жолы түсіндіріледі.
Слайд 20Бастауыш сынып мұғалімдеріне және педагогикалық колледж студенттеріне арналған көмекші құрал. Жинақ
автордың көп жылдық педагогикалық тәжірибесінің негізінде жаңа бағдарламаға сай құрастырылған. Танымдық есептер жинағы оқушылардың жас және даму ерекшеліктерін, тәрбие талаптарын ескере отырып, іріктеліп құрастырылған.
Слайд 21Бұл бетте бастауыш сынып оқушыларына арналған логикалық есептер бар.
Соның ішінде
массаға, ұзындыққа арналған есептер көрсетілген. Сонымен қатар әріптің орнындағы санды табу сияқты логикалық тапсырмаларда бар.
Слайд 22Мұнда берілген заттарды теңдей бөлікке бөлуге, заттардың орналасу орнын табуға арналған
логикалық тапсырмалар берілген.
Бұл тапсырмаларды олимпиадаға, математикалық сайыстарға оқушыларды дайындағанда қолдануға болады.
Слайд 23Бұл кітапта бастауыш мектептің математика оқулығын оқыту процесіне қойылатын технологиялық талаптар
жазылған. Бұл кітап кесте бойынша құрылған.
Слайд 24Бұл бетте 1 сыныптың математика оқулығы бойынша тақырыптар мен сол тақырыпқа
қолданылатын ақпараттық коммуникациялық технологиялар және оларды қамтамасыз ететін материалдық техникалар жазылған.
Слайд 25Бұл бетте 3 сыныптың математика оқулығы бойынша тақырыптар мен сол тақырыпқа
қолданылатын ақпараттық коммуникациялық технологиялар және оларды қамтамасыз ететін материалдық техникалар жазылған.
Слайд 26 Дидактикалық материалдар «Бастауыш білім беру» мұғалімдеріне
және оқытушылар мен оқушыларға сабақ барысында және сыныптан тыс шараларда қолдануға болатын құрал. Дидактикалық материалдарды өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық және жаңа материалды бекіту кезеңдерінде қолдануға болады. Сондықтан педагогикалық колледждің «Бастауыш білім беру» мамандығында оқитын студенттеріне осы оқу құралдарын машық кезінде, сабақ барысында қолдана алады.
Қорытынды