Слайд 1Бастауыш класс мұғалімі
Құттымұратова Айнагүл Қожабергенқызы
Класс: 3
22.04.2016 ж.
Слайд 3Тақырыбы: Сан есім
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың сан есім туралы білімдерін
кеңейту, сан есім түрлері мен және оның сұрақтарымен таныстыру,сөз таптары туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Слайд 4 Психологиялық дайындық: «Тілек шоғы»
(Партадағы көршілер бір
– бірлеріне тілек тілейді.)
Ал менің сендерге не тілейтінімді білгіңіз келсе, мына өрнектерді шығарып беріңдер.
100 – 25 = с 54 - 49= л
84+13=ы 72 - 7=н
64 - 57=у 32 – 31= қ
88 – 77=е 50 + 40= а
80 – 76=д
Слайд 6Білімдерін тексеру:
Сөз табы
Етістік
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Слайд 8 Бір күні сөз табының ұлдары Зат есім,
Сан есім, Етістік, Сын есім орманға серуенге шығады. Сол сәтте жаңбыр қатты жауып, Сан есім адасып қалады. Жаңбыр тоқтаған соң, аспан әлемінде жеті түрлі боялған кемпірқосақ пайда болады. Сан есім кемпірқосақтан көмек сұрады, ал кемпірқосақ менің жеті түрімнің мағынасын тауып, тапсырмаларымды орындасаң саған көмектесемін деген екен.
Слайд 11Сан есім
Мағынасына қарай
Есептік
Реттік
Сан есім
Құрамына қарай
Дара
/жүз,сегізінші,ондаған/
Күрделі
/он сегіз,мың тоғыз жүз,
жүз екі/
Слайд 131 – жаттығу. Өтірік өлеңді мәнерлеп оқы.
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім.
Жүз
қасқырды өшіккен
Бір қозыға бақтырдым.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың қай сөз табы екенін айт.
2 – жаттығу. Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшір.
Уақыт өлшемі.
І – топ:
Бір жылда 12 ай бар. Бір айда 30 күн, 4 апта болады.
ІІ – топ:
Әр аптада 7 тәулік бар. Әр тәулікте 24 сағат, бір сағатта 60 минут бар.
Сан есімдер қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Слайд 143 – жаттығу. Мәтінді оқып, сан есімдердің қай сөзге қатысты екенін
анықта.
І – топ:
Мәскеу мен Алматы арасы төрт мың шақырым шамасында. Бұрын бұл екі арада кейбір ұшақ 12 сағат, кейібірі 8 сағат ұшатын еді.
ІІ – топ:
Қазір шапшаң ұшатын үлкен ұшақтар жасалды. Олар Мәскеуден Алматыға 180, кейбірі 300 жолаушысымен үш – төрт сағатта келіп қонады.
Слайд 15Сергіту сәті:
Кел санайық санамақ
Саусақтарды даралап
Бас бармағым – алғашқы
Балаң
үйрек – жалғасы,
Ортан терек – кезекші,
Шылдыр шүмек – көмекші,
Шынашағым – балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Шылдыр шүмек – мен,
Титтей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Слайд 164 – жаттығу. Сан есімдердің қасына тиісті зат есім қойып жаз.
Төрт, алты, тоғыз, он жеті, жиырма төрт.
Үлгі: төрт қап, ...
Жазған сан есім мен зат есімдерді қатыстырып, үш – төрт сөйлем құра.
Слайд 175 – жаттығу.
Жұмбақтың шешуін тап. Жатқа жаз.
Алтын терек, он
екі бұтақ,
Үш жүз алпыс бес жапырақ.
Сан есімдерді тап, сұрақ қой. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
«Кім жылдам?» ойыны.
І – топ: ІІ – топ:
Сан есім Зат есім
Екі топ зат есім және сан есімге байланысты
сөздерді айтады. Тез жауап беру керек.
Слайд 196 – жаттығу. Есепжұмбақты оқып, шешуін тап.
Төлептің төрт ұлы бар.
Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар төлептің барлық баласы нешеу болғаны?
Слайд 207 – жаттығу. Анаграмманы шеш.
Қажет сондай құралмын,
Қолыңа жылда мың
алдың.
Соңғы екі әріп алмасса,
Баспана болып шығармын.
Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.
Слайд 21Семантикалық карта
І – топ:
ІІ – топ:
Слайд 22САБАҚТЫ БЕКІТУ:
Сөзжұмбақ шешу:
Өте жақсы баға.
Жетіден кіші сан.
Саусақ саны.
Жаман баға.
Қос жүзікке ұқсайтын сан.
Нөлден үлкен, екіден кіші сан.
Он тоғыздан кейінгі сан.