Презентация, доклад по детской литературе на тему Балалар әдебиетінің теориясы (1 курс)

Содержание

Бейне және бейнелілік

Слайд 1 Әдебиет теориясы

Әдебиет теориясы

Слайд 2Бейне және бейнелілік

Бейне және бейнелілік

Слайд 3Көркем бейне
Көркем өнердің қандай түрлерін білесіз?
Олардың өзіне тән ерекшеліктерін және

ортақ қоғамдық функциясын еске түсіріңіз?
Әдебиеттің өзге өнер түрлерінен қандай басты ерекшеліктері бар?
Көркем бейненің танымдық, көркемдік-эстетикалық мәні дегенді қалай түсінесіз?
Көркем бейне Көркем өнердің қандай түрлерін білесіз?Олардың өзіне тән ерекшеліктерін және ортақ қоғамдық функциясын еске түсіріңіз?Әдебиеттің өзге

Слайд 4Көркем әдебиеттегі бейне және бейнелілік
Көркем бейне әдебиеттегі Адам тұлғасы
Бейнелілік -

көркем сөздің құдіретін танытатын суретті сөз, айшықты тіл, бейнелі тіл
Суретті сөз, бейнелілік деген ұғымдар тек әдебиетке, сөз қолданысқа қатысты ерекшелікті танытатын ұғымдар.
Бұл көркем сөз құдіреті арқылы өмір көріністерін, адамның іс-әрекеттерін, зат-құбылыстар сырын сырлы сөзбен кестелеп, айшықты,суретті, жанды, әсерлі таныту деген сөз. Бұлай бейнелеу өзге өнердің қолынан келмейді, бұл сөз өнерінің еншісіндегі ерекшелік. Демек, бейнелілік (образдылық деп те айтады) автордың нені суреттесе де, сөз құдіреті арқылы сол құбылыстың, заттың айшықты, жанды, көркем бейнесін танытуы.
Көркем әдебиеттегі бейне және бейнелілік Көркем бейне әдебиеттегі Адам тұлғасыБейнелілік - көркем сөздің құдіретін танытатын суретті сөз,

Слайд 5Көркем бейненің қырлары

Көркем бейненің қырлары

Слайд 6Жинақтық бейне яки типтік тұлға
Адамдық мінез-құлқы
Әлеуметтіқ топтың өкілі ретіндегі бейнесі
Қалыптасқан

қоғамдағы ролі тұрғысынан бейнесі
Белгілі бір этнос тарапының өкілі ретіндегі бейнесі
Типтік тұлға негізінен бас немесе негізгі кейіпкерлер санатындағы тұлға. Оның тағдыры, күрес-тартысы, жеңісі, жеңілісі арқылы автор идеясы танылады, лайықты көркемдік шешімін табады.
Жинақтық бейне яки типтік тұлға Адамдық мінез-құлқыӘлеуметтіқ топтың өкілі ретіндегі бейнесіҚалыптасқан қоғамдағы ролі тұрғысынан бейнесіБелгілі бір этнос

Слайд 7Сөз өнеріндегі типтілік мәселесі.

Сөз өнеріндегі типтілік мәселесі.

Слайд 8Өмірдегі типтік шындық, типтік көрністер (құбылыстар) дегеніміз не?
Оның өнер туындысы

үшін мән-маңызы неде?
Өнердегі типтілік мәселесі, ол туралы түсінік.
Типтендіру түрлері, ерекшеліктері.
Өмірдегі типтік шындық, типтік көрністер (құбылыстар) дегеніміз не? Оның өнер туындысы үшін мән-маңызы неде?Өнердегі типтілік мәселесі, ол

Слайд 9 Типтілік немесе типтік шындық,құбылыстар
деп қоғам өміріндегі мынадай екі жағдайды

айтады.

1) Өмірде, адамзаттың қоғамдық өмір-тіршілігінде
бұрыннан бар, сан ғасырлар бойы қалыптасқан,
халықтың, ұлттың өмірінің ажырамас көрінісіне
айналған құбылыстар, адамдық қарым-қатынастар,
салт-дәстүрлер, шаруашылық кәсібіне, жалпы
өміріне байланысты орныққан түсінік-ұғымдар,
ерекшеліктер, жайлар.




2) Қоғам өмірінің тыныс-тіршілігінде бүгін сиректеу
кездессе де, даму, өркендеу болашағы мол құбылыстар,
жағдаяттар да типтік құбылыстар қатарына жатады.




Типтілік немесе типтік шындық,құбылыстар деп қоғам өміріндегі мынадай екі жағдайды айтады.1) Өмірде, адамзаттың қоғамдық өмір-тіршілігінде бұрыннан

Слайд 11Типтендіру
Типтендіру яки көркем жинақтау, өнер заңдылығы.
Суреткер, кез

келген өмір құбылыстарына, оқиғаларына көңіл аудара бермейді, оны қоғам тіршілігінде орын алған типтік шындық, типтік құбылыстар көбірек қызықтырады, міне ол осы жайларды барынша жан-жақты зерттеп, жинақтап, көркем шындыққа айналдырады.
Типтендіру Типтендіру яки көркем жинақтау, өнер заңдылығы. Суреткер, кез келген өмір құбылыстарына, оқиғаларына көңіл аудара бермейді, оны

Слайд 12Мазмұн мен пішін

Мазмұн мен пішін

Слайд 13Мазмұн категориясы

Мазмұн категориясы

Слайд 14Тақырып – сауал
Идея – жауап

Тақырып – сауал Идея – жауап

Слайд 15Пішін категориясы

Пішін категориясы

Слайд 16 Пішін мен мазмұн. Әдетте қарапайым өмірде Пішін дегеніміз – бір нәрсенің

пішіні. Оның енді ішкі қасиеті, анықтамасы – мазмұн. Мазмұнның сыртқы қасиеті – пішін. Қандай жағдайда болмасын, әуелі мазмұн туады да өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек мазмұн пішіннен басым (примат) Ал көркемәдебиеттегі пішін мен мазмұн қандай? Әдетте шығармадағы мазмұн көркем ой көрігінен түрленіп шыққан өмір шындығы делінеді. Бұған негіз бар. Алайда мазмұн деп суреттелінген өмір құбылыстарын айту қисынды болмас еді. Өйткені шығарманың мазмұны – баяндалған, көрсетілген уақиға, жағдай өмірлік құбылыстардың тікелей өзі емес соның көркемдік көрінісі, сөзбен мүсіндеп берілген суреті. Өмір шындығы әдебиет шығармасындағы көркем шындыққа айналғанда оған жазушының дүниетанымы, көркем ой – сезімі, адамгершілік, азаматтық мұрат – идеалдары келіп қосылады. Сондықтан да осы жерде “идеялық мазмұн” пайда болады. Идеялық мазмұн - дегеніміз тақырыпты автордың түсіндіруі, автордың түсінуі. Ал пішін дегеніміз – оыс шындық тұтастырыла жинақталған, көркем образдар жүйесі, Яки әдеби қаһармандар өмірі. Бір ескерктін нәрсе мазмұн біреу, ал пішін әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: “Қамбар батыр” эпикалық жыр, “Қамбар батыр” – М. Әуезовтың драмасы. Форма екі түрлі, ал мазмұн біреу. Сонмен шығарманың мазмұны – оның шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың тартысына негізделген сюжеті, композициясы, шығарманың тілі.
Пішін мен мазмұн. Әдетте қарапайым өмірде Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні. Оның енді ішкі қасиеті, анықтамасы

Слайд 17 1. Тақырып - өнер туындысының ірге тасы. Егер тв. процестің үш

түрлі кезеңі (материал жинау, жинаған материалды қорыту, қорытылған мателиалды жазу) бар десек, тақырып осы үш кезеңнің өн бойынан желі боп тартылады. Мысалы: С Мұқановтың “Мөлдір махаббатының” жазылу тарихын әңгімелеп беру. Сонымен тақырып – жазушының шындық өмірден таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына арқау еткен өміп құбылыстарының тобы. Ал идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтпақ ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. Кейде шартты түрде тақырыпты - сауал, ал идеяны – жауап деуге де болады. Проза мен поэзияның шағын түрлерінде бір ғана тақырып пен бір ғана идея болуы мүмкін. Ал кең көлемді эпикалық түрде бірнеше тақырып пен бірнеше идея болады. Айталық “Абай жолының” тек бас жағын ғана бажайлап көрелік.
1. Тақырып - өнер туындысының ірге тасы. Егер тв. процестің үш түрлі кезеңі (материал жинау, жинаған материалды

Слайд 18 Оқудан елге оралған шәкірт Абай өзін қаладан алып қайтқалы барған Байтөс

пен жорға Жұмабайдан оқ бойы алда келе жатқан кұйі, даланың таза ауасын еркін сіміре жұтып, рахаттана серпіліп, “кей – кейде өзіне таныс Көкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ секілді қоныс құдықтардың тұс – тұсына келгенде, оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып – ағызып ала берді.” Осы эпизодтың өз тақырыбы (туған жер), өз идеясы (сағыныш) бар.Одан әрі осы жүргіншілер Көлқайнардағы Құнанбай ауылына келіп, Абай өзін күткен апа - әжелерінің, Айғыз бег Ұлжанның, әжесі Зеренің құшағына кезек –кезек кіріп, “өзін шын балаға айналдырып жіберген” қалың сүйіске малтиды да қалады. Бұл эпизодтағы тақырып - ана да, идея – мейірім. Енді бірде аналар арасындағы “еркін ойнақы бала мінездің бәрін” пышақ кескендей тыйып, Абайды Құнанбай шақыртады. Абай дереу бойын жиып ап, әкесі отырған үлкен үйге келеді. Бұл үй шешелер үйіндей көңілді емес, ызғар шашқандай салқын. Бұл эпизодтағы тақырып - әке, идея – қаталдық.
Оқудан елге оралған шәкірт Абай өзін қаладан алып қайтқалы барған Байтөс пен жорға Жұмабайдан оқ бойы алда

Слайд 20 Бір шығармадағы бірнеше және әралуан тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге

қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз. Кей жағдайларда жазушы ойы, әрқашан қаз – қалпында көркем идеяға айнала қоймайды. Осыдан келіп авторлық және объективтік идеялар туралы ұғым пайда болады. Авторлық идея - суреткердің о бастағы ой өзегі. Объективтік идея - нақты шығармадан туатын мақсатты нәтежие. Мысалы: Толстойдың “Анна Каренинасының” жазылу тарихын айтып беру. Фабула – көркем шығармада суреттелген оқиғалар қатары. Сюжет – көркем шығармада нақты мазмұны, оқиғасы.
Бір шығармадағы бірнеше және әралуан тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей,

Слайд 21 Сюжет
Басталуы
Байланыс
Шарықтау
шегі
Шешімі
Тура
Бұрама

СюжетБасталуыБайланысШарықтаушегіШешіміТура Бұрама

Слайд 22 Сюжеттің басталуы (латынша exposition – дәйектеме) оның кіріспесі іспетті. Мұнда әдеби

қаһрамандар өзара қарым – қатынасқа көшпес бұрынғы хал жағдайы, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі – ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана қалады. Тура экспозиция - әдеттегінше классикалық бастауы. Бұрама экспозиция – сюжеттің іркіліп барып негізгі оқиғаға еш қатыссыз нәрселерден бастауы. Мысалы: “Шұғаның белгісі” Шарықтау шегі (латынша culmen - шың) шығармадағы адамдар арсындағы тартыстың күшейіп, өрбіп жеткен жері. Шешім – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған “үкімі” соңғы сахна.
Сюжеттің басталуы (латынша exposition – дәйектеме) оның кіріспесі іспетті. Мұнда әдеби қаһрамандар өзара қарым – қатынасқа көшпес

Слайд 23 Сюжеттік дамудың кезең – кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан –

киыстырып тұратын нәрсе композиция. Композиция – көркем шығарманың құрылысы. Ол - әдеби шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясы емес, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы.
Сюжеттік дамудың кезең – кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан – киыстырып тұратын нәрсе композиция.  	Композиция

Слайд 24
Сыртқы композиция

Тақырып – шығарманың атауы
Арнау
Эпиграф
Пролог – көркем шығарма кіріспесі
Алғы

сөз
Сюжет
Эпилог – соңғы сөз

Ішкі композиция

Тақырып пен сюжет композициясы
Уақыт пен кеңістік композициясы

Ретродация – уақыттың кері шегінуі
Ретроспекция – уақыттың алға жылжуы

Сыртқы композиция Тақырып – шығарманың атауыАрнау ЭпиграфПролог – көркем шығарма кіріспесіАлғы сөз СюжетЭпилог – соңғы сөзІшкі композиция

Слайд 25Дәстүр мен жаңашылдық

Дәстүр мен жаңашылдық

Слайд 26Дәстүр ұғымы кең мағынасында
2 түрлі тұрғыда анықталады:
Адамзаттың өткенінің өмір

тәжірибесін
өз тіршілігінде қайталау және жаңғырту
түрінде тірек етуі (әдет-салттар,
ғұрыптар, рәсімдер т.б.).

2) Негізгі мағынада мәдени-рухани
тәжірибені (көркемдік т.б.) шығармашылық
тұрғыда игеру және жалғастыру.
Бұл сөз өнеріне, жалпы өнерге
қатысты мәселе.



Дәстүр ұғымы кең мағынасында 2 түрлі тұрғыда анықталады: Адамзаттың өткенінің өмір тәжірибесін өз тіршілігінде қайталау және жаңғырту

Слайд 28Жаңашылдық – шығармашылық жетістік, шеберлік көрінісі десек, ол өзгелер үшін дәстүр.

Екі ұғымның байланыстылығы осындай.
Жаңашылдық – шығармашылық жетістік, шеберлік көрінісі десек, ол өзгелер үшін дәстүр. Екі ұғымның байланыстылығы осындай.

Слайд 29М.Әуезов бойынша Абай сусындаған үш бұлақ

М.Әуезов бойынша Абай сусындаған үш бұлақ

Слайд 30Абай шығармашылығының жаңашылдығы
Көркем аударманың классикалық үлгілерін тудыруы
Табиғат лирикасын қалыптастыруы
Әлеуметтік, сатиралық лирика

үлгілерін жазуы
Тіліміздің поэтикалық зор қуаты мен мүмкіндігін танытуы
Қазақ өлеңінің құрылысына жаңашылдықтар әкелуі
Жаңа ұйқас түрлерін ойлап табуы
Пішін мен мазмұнға әкелген жаңалықтары т.б.

Абай шығармашылығының жаңашылдығыКөркем аударманың классикалық үлгілерін тудыруыТабиғат лирикасын қалыптастыруыӘлеуметтік, сатиралық лирика үлгілерін жазуыТіліміздің поэтикалық зор қуаты мен

Слайд 31Дәстүр жалғастығы - әдеби дамудың басты заңдылығы, тетігі. Бұл өзінен бұынғы

әдебиеттен немесе өз тұсындағы әдеби процестен үлгі-өнеге алу, оны шығармашылықпен жалғастыру десек, бұл процесс төмендегідей үш тұрғыда көрінеді:
Дәстүр жалғастығы - әдеби дамудың басты заңдылығы, тетігі. Бұл өзінен бұынғы әдебиеттен немесе өз тұсындағы әдеби процестен

Слайд 32Өнер дамуының жалғастығы дәстүрге байланысты ма?
Дәстүрден үйрену және оны шығармашылықпен игеру,

жалғастыру дегеніміз не?
Абай дәстүрі және оның қазақ поэзиясына әсер-ықпалы қандай болды?
Жаңашылдық негізі дәстүрде, оны шығармашылықпен дамытуға тәуелді ме?
Өнер дамуының жалғастығы дәстүрге байланысты ма?Дәстүрден үйрену және оны шығармашылықпен игеру, жалғастыру дегеніміз не? Абай дәстүрі және

Слайд 33Эпикалық жанрлар

Эпикалық жанрлар

Слайд 34Әдебиеттің тектері

Әдебиеттің тектері

Слайд 35Әдебиеттің мұндай үш текке бөлінуінің себебі сөз өнерінде өмір құбылыстарын поэтикалық

тұрғыда бейнелеудің үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылатындығында жатыр. Олар эпостың негізі саналатын эпикалық бейнелеу тәсілі, лириканың негізі – лирикалық бейнелеу тәсілі, драмалық тектің негізі – драмалық бейнелеу тәсілі.
Әдебиеттің мұндай үш текке бөлінуінің себебі сөз өнерінде өмір құбылыстарын поэтикалық тұрғыда бейнелеудің үш түрлі тәсіл арқылы

Слайд 36Эпикалық бейнелеу тәсілінің ерекшеліктері
Автордың баяндау, әңгімелеуіне құрылуы
Автордың өмір шындығын кең

қамтуы
Сан алуан адамдар тағдырын жан – жақты ашып суреттеу мүмкіндігінің молдығы
Эпикалық бейнелеу тәсілінің ерекшеліктері Автордың баяндау, әңгімелеуіне құрылуыАвтордың өмір шындығын кең қамтуыСан алуан адамдар тағдырын жан –

Слайд 38Шағын көлемді
Әңгіме
Новелла
Аңыз
Ертегі
Миф
Очерк
Мысал

Шағын көлемді ӘңгімеНовелла АңызЕртегіМифОчеркМысал

Слайд 39Әңгіме
Әңгіме – эпикалық жанрдың шағын түрі.
Адам өмірінің жекелеген сәтін

танытытын бірер оқиға ғана баяндалады.
Көлемі шағын, кейіпкерлер саны да мейілінше шақтаулы
Автор уақыт жағынан мейілінше қысқа мерзім ішінде кейіпкер өміріндегі біреу де болса бірегей оқиғаны баяндау арқылы оқырманға оның адамдық болмыс – бітімін айқындап беруі шарт.

Әңгіме Әңгіме – эпикалық жанрдың шағын түрі. Адам өмірінің жекелеген сәтін танытытын бірер оқиға ғана баяндалады. Көлемі

Слайд 41Повесть
Әңгіме мен новеллаға қарағанда анағұрлым көлемдірек шығарма
Оны ұзақ әңгіме деп

те атайды.
Кейіпкерлер санының көптігі оның өмір шындығын қамту мен көркем танытудағы мүмкіндігі мол.
Повесте өмір шындығы, адамдар арасындағы қарым – қатынас жайлары бірер оқиға, санаулы сәттер көлемінде емес, кеңірек те тереңірек
Уақыт пен адамның өмір белестерін кеңірек те тереңірек баяндау арқылы танытылады.
Повесть Әңгіме мен новеллаға қарағанда анағұрлым көлемдірек шығармаОны ұзақ әңгіме деп те атайды.Кейіпкерлер санының көптігі оның өмір

Слайд 42Кең көлемді
Роман
Роман түрлері
плуттық роман
авантюралық роман
тарихи роман
публицистикалық роман

Эпопея –

эпостың шыңы
Негізгі кейіпкері бір адам емес, халық.
Суреткер шындығы – халық басынан өткен келеңсіз құбылыстар

Кең көлемді Роман Роман түрлеріплуттық романавантюралық романтарихи романпублицистикалық роман Эпопея – эпостың шыңыНегізгі кейіпкері бір адам емес,

Слайд 43«Жанр» ұғым ретінде мән-мазмұны қандай?
Жанрларды топтау, жүйелеудің принциптері қандай?
Орыс және шетел

әдебиеттануындағы жанрларды жүйелеу тәжірибесі қандай?
«Жанр» ұғым ретінде мән-мазмұны қандай?Жанрларды топтау, жүйелеудің принциптері қандай?Орыс және шетел әдебиеттануындағы жанрларды жүйелеу тәжірибесі қандай?

Слайд 44Лирикалық тек

Лирикалық тек

Слайд 45Лирика
Эпосқа қарағанда көлемі шағын
Сюжетке көп бара бермейді.
Бірер философиялық ой маңында

жинақталады.
Эпоста субъект оқиғаға сіңіседі де, көрінбейді.
Лирикада ол құбылысты өзі игеріп, сол құбылыспен қақтығыста туған түісік түрінде көрінеді.

Лирика Эпосқа қарағанда көлемі шағынСюжетке көп бара бермейді.Бірер философиялық ой маңында жинақталады.Эпоста субъект оқиғаға сіңіседі де, көрінбейді.Лирикада

Слайд 46Лирикалық жанрлар түрлері
Баллада
Идилия
Мадригал
Ода
Сонет
Элегия

Арнау
Романс
Пастораль
Эпиталама
Эпиграмма


Эпитафия
Лирикалық жанрлар түрлері Баллада ИдилияМадригалОда Сонет Элегия АрнауРоманс Пастораль Эпиталама Эпиграмма Эпитафия

Слайд 47 Баллада - лиро-эпостық сипаттағы шағын өлемді сюжетті өлең
Идилия –

қарекетсіз, қамсыз, қызық өмірді жырлайтын өлең
Мадригал – жым-жырт, рахат тірлікті жырлау, француз тілінен аударғанда “малшының сазы” деген мағынаны білдіреді.
Баллада - лиро-эпостық сипаттағы шағын өлемді сюжетті өлең Идилия – қарекетсіз, қамсыз, қызық өмірді жырлайтын өлеңМадригал

Слайд 48Ода – мадақ жыры
Сонет – құрылымы өлшеулі өлең
Арнау – жеке

адамдарға бағыштау немесе эпикалық шығармаға беташар
Романс – сүюді жырлау
Пастораль – малшы сазының бір түрі.

Ода – мадақ жырыСонет – құрылымы өлшеулі өлең Арнау – жеке адамдарға бағыштау немесе эпикалық шығармаға беташарРоманс

Слайд 49Эпиталама – жас қосылған жұбайлардың жарастығын құттықтайтын өлең
Эпитафия – қабір басындағы

өлең
Эпиграмма - жеке біреуді мінеп, мысқылдайтын сықақ өлең
Элегия – бір мұң, бір сыр аралас өлең.
Эпиталама – жас қосылған жұбайлардың жарастығын құттықтайтын өлеңЭпитафия – қабір басындағы өлеңЭпиграмма - жеке біреуді мінеп, мысқылдайтын

Слайд 51Драмалық тек.

Драмалық тек.

Слайд 52Драмалық бейнелеу тәсіліне тән ерекшеліктері қандай?
Драмалық жанрлар мазмұнына қалай бөлінеді?
Комедия

мен трагедияның ерекшеліктері қандай?
Драмалық жанрларды анықтауда историзм принципі қолданыла ма?
Драмалық жанрлардың бір бірінен айырмашылығы қандай?
Трагедия жанры қашан пайда болды?
Фарс қандай жанр?
Драмалық шығармадағы ремарканың қызметі қандай?
Неліктен драмалық шығармаларда оқиғалардың қатары шағын болып келеді?
Драмалық бейнелеу тәсіліне тән ерекшеліктері қандай?Драмалық жанрлар мазмұнына қалай бөлінеді? Комедия мен трагедияның ерекшеліктері қандай?Драмалық жанрларды анықтауда

Слайд 53Драмалық жанрлар ерекшелігі
Шындықты айтықша тәсілмен, синтез қалпына келтіріп көрсетеді.
Сюжет шиеленіскен тартыстар

атқылы дамиды.
Оқиға авторлық баяндау арқылы емес, кейіпкерлердің сөзі арқылы дамиды.
Драмалық жанрлар ерекшелігі Шындықты айтықша тәсілмен, синтез қалпына келтіріп көрсетеді.Сюжет шиеленіскен тартыстар атқылы дамиды.Оқиға авторлық баяндау арқылы

Слайд 54Драмалық жанрлар түрлері

Драмалық жанрлар түрлері

Слайд 55 Көркемдік әдіс, әдеби бағыт–ағымдар

Көркемдік әдіс, әдеби бағыт–ағымдар

Слайд 56Көркем әдіс
Көркемдік әдісті айқындайтын үш фактор (Гуляев) бар.

Олар:
шындық өмір
суреткер дүниетанымы
көркемдік ойлау.
Көркем әдіс Көркемдік әдісті айқындайтын үш фактор (Гуляев) бар.  Олар: шындық өмір суреткер дүниетанымы көркемдік ойлау.

Слайд 58Әдеби ағым
Тарихи категория
Әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі
Әлем әдебиетінің

тарихында туып, дамып, жоғалып кеткен ағымда көп.
Әдеби ағым Тарихи категорияӘр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі Әлем әдебиетінің тарихында туып, дамып, жоғалып кеткен ағымда

Слайд 59Әдеби ағымдар тарихынан
Жалпы әлем әдебиетінің кезеңделуі:
Антикалық әдебиет
Ортағасырлар әдебиеті
Қайта Өрлеу кезеңінің

әдебиеті
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар әдебиеті
ХІХ ғасыр әдебиеті
ХХ ғасыр әдебиеті




Әдеби ағымдар:
Классицизм
Сентиментализм
Натурализм
Модернисттік ағымдар:
Футуризм,экспрессионизм, имажинизм, импрессионизм, акмеизм, символизм т.б.
Постмодернизм

Әдеби ағымдар тарихынанЖалпы әлем әдебиетінің кезеңделуі:Антикалық әдебиетОртағасырлар әдебиеті Қайта Өрлеу кезеңінің әдебиетіХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар әдебиетіХІХ ғасыр әдебиетіХХ ғасыр

Слайд 60Реализм әдісінің суреттеу принциптері қандай?
Романтизм әдісіне тән ерекшеліктер қандай еді?
Әдеби бағыт,

әдеби ағым, әдеби мектеп, жақындығы және айырмашылығы неде?
Реализм әдісінің суреттеу принциптері қандай?Романтизм әдісіне тән ерекшеліктер қандай еді?Әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп, жақындығы және

Слайд 61Классицизм (ХУІІ ғасыр) мен ағартушылық дәуір (ХУІІІ ғасыр) эстетикасы

Классицизм (ХУІІ ғасыр) мен ағартушылық дәуір (ХУІІІ ғасыр) эстетикасы

Слайд 62Классицизм ағымы
Әдеби жанрлардың деңгейленуі

Жоғарғы жанр – трагедия.
Ол атақты адамдар
өміріне арналды.
Төменгі

жанр –комедия.
Ол қарабайыр адамдардың
өмірін, жүріс-тұрыс
қателіктерін
қызықты етіп,
мысқылдап суреттеуге
арналған деп түсіндірілді.
Классицизм ағымыӘдеби жанрлардың деңгейленуіЖоғарғы жанр – трагедия.Ол атақты адамдар өміріне арналды.Төменгі жанр –комедия.Ол қарабайыр адамдардың өмірін, жүріс-тұрыс

Слайд 63ХҮІІ ғасырдағы Батыс Европа әдебиеті

ХҮІІ ғасырдағы Батыс Европа әдебиеті

Слайд 64Классицизм ағымының принциптері

Классицизм ағымының принциптері

Слайд 65Әдеби жанрлардың деңгейленуі

Әдеби жанрлардың деңгейленуі

Слайд 66Классицизм принциптері
Тақырыбы :ел өмірінің елеулі оқиғалары
Негізгі идеясы: елді қорғаушы

ерлердің жорықтары мен саясаттары
Негізгі қаһармандары:қарапайымдар емес, қолбасылар, патшалар
Негізгі өкілдері: Корнель, Расин, Мольер т.б.
Классицизм принциптері Тақырыбы :ел өмірінің елеулі оқиғалары Негізгі идеясы: елді қорғаушы ерлердің жорықтары мен саясаттары Негізгі қаһармандары:қарапайымдар

Слайд 67Классицизм кезеңінің эстетикалық принциптері қандай болды?
Ағартушылық кезеңдегі шығармашылық тұлғалардың қызметі қандай

болды?
Классицизм кезеңінің эстетикалық принциптері қандай болды?Ағартушылық кезеңдегі шығармашылық тұлғалардың қызметі қандай болды?

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть