Пікір
Жоба келесі бөлімдерден тұрады : а) Кіріспе ә) Зерттеу бөлімі б) Қорытынды
Зерттеу тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындарының оқушылардың тәрбиесіне әсері.
Зерттеу мақсаты: Ұлттық ойындар тарихымен оқушыларды таныстыру, зерттеу арқылы салт—дәстүрін дәріптеуге баулып, белсенділікке, тапқырлыққа, көрегендікке және күштілікке тәрбиелеу. Ол ойындар жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын көңілді өткізуіне, денсаулықтарын шыңдай түсуіне септігін тигізумен қатар, олардың халқымыздың әдет-ғұрыптарын, салт-санасын біліп өсерлеріне, тілін дамытуға да жәрдемдеседі.Оқушыларды шапшаңдыққа, мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа әдептілікке тәрбиелеу.
Оқушылардың ой өрісін, таным қабілеттерін дамыту
Зерттеу кезеңдері: 1 кезең – зерттеу жұмысының жоспары мен құрылымы, міндеттері, әдістемелері , ғылыми болжамы анықталды . 2 кезең – деректі материалдарды жинақтау . 3 кезең – қазіргі кездегі өмірде қолданудың маңыздылығын зерттеу. 4 кезең – жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелерін қорытындылау.
Зерттеу әдістері . Зерттеу барысында философиялық , тарихи әдебиеттерді талдау , ұлт ойындарының жас ұрпақ тәрбиелеудегі маңызына байланысты мәліметтерді жинақтау, интервью , әңгіме, сұхбат әдістерін қолдану.
Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: Азаматтық тәрбие негізінде қоршаған табиғатқа , Отанға , жерге деген адамгершілік , эстетикалық , жан –жақты дамыған , өзіндік ұлттық намысы мен көзқарасы бар тұлғаны тәрбиелеудегі мәні.
Зерттеу нәтижелерін практикалық қолдану салалары: -- Ұлттық ойындар арқылы тұлға дамуының деңгейін анықтау. – Тәрбиелік бағдарламаларды жасау үшін ұстаздар, сынып жетекшісі, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қолдануы мүмкін.
Күресе қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады.Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Курес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл бөліп, дәріптеген.
Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.
Асық ойындарының көптеген түрлері біздің заманымызға дейін де жетті. Қазіргі кезде кей мектептерде әр түрлі үйірмелермен қатар асық үйірмелері де бар. Алысқа бармай-ақ қояйық, біз де сыныпта, үзіліс кезінде асық ойнап, бой жазамыз.
«Асық ойынын ауыл баласының еншісінде қалдырмай, ұлттық спорт түріне көтерсек» - деген Қазақпараттағы мақаласында Айбын Бақытұлы былай дейді: «Асық – қазақ балаларының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Ауылдан шыққан қай-қайсымыздың да бала күнімізде құмартып асық ойнамағанымыз кемде-кем. Өкінішке орай, бұл күнде асық ойнайтын бала азайып, қалалы жердегі балалар мұндай ұлттық ойын бар екенін де ұмытып барады».
Асық ойындары қазақ халқының өмірінде ерекше орын алғандығына мынандай мысалдар бұлтартпас дәлел болады деп ойлаймын: Бірінші мысал. Халқымызда «асығың алшысынан түссін» деген жақсы тілек бар. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады немесе басымдыққа ие болады.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть