Слайд 1Ұлттық ойын – тәрбиенің бастауы
Дайындаған: тәрбиеші Құрмашева Б.Т.
МКҚК «Жазира» балабақшасы
Слайд 2
«Балалықтың қанына ойын азық»
С. Торайғыров
«Ойын арқылы бала дүниені таниды»
А.М.Горький
Сәбиге
ойынның бәрі елеулі, өйткені ол ойнап жүріп өмір сүреді. Ол ойнаған кезде ғана өмір сүреді де, жаттығады да, жан мен тәнін өсіреді де.
А. В. Луначарский
Слайд 3Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін
білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Слайд 4Қазақтың қозғалмалы ұлттық ойындары
Слайд 5Айгөлек
Балалар, теңдей екі топқа бөлініңдер. Араларың 20-30 қадамдай аралықта бір-бірлеріңе қарама-қарсы
қарап, қол ұстасып тұрыңдар. Бірінші топ:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақ терек пен көк терек,
Шауып алдым бәйтерек.
Ақ терек, көк терек,
Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды.
Екінші топ:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақ терек пен көк терек,
Шауып алдым бәйтерек.
Ақ терек, көк терек,
Слайд 6Анау тұрған ... (бір баланың аты) керек! – деп хормен жауап
береді. Аты аталған бала жүгірген күйі барып, қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі керек. Егер үзіліп өтсе, сол балалардың бірін алып қайтады, үзе алмаса, өзі сол топта қалады. Ойынның соңында қай топтың балалары көп болса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.
Слайд 7Атбақыл (Көтеріспек)
Ойынға екі бала қатысады. Біреуің сақаңды иіріп, екіншің сол сақаны
атыңдар. Егер сақаға тигізсеңдер, атқан бала сол жерден сақасы жатқан жерге екінші баланы көтеріп апарады. Біріңнің сақаңды бірің атып, екеуің алдыға қарай жылжи беріңдер. Ойынды солай қайталана береді.
Слайд 8Тақия тастамақ
Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырыңдар. Жүргізуші
шеңбердің сыртын айнала жүгіріп, біреулеріңнің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсаңдар, жүргізушіні қуып жетулерің керек. Ал жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.
Слайд 9Түйілген орамал
Алдымен кез-келген орамалды түйіп-түйіп доп тәріздес етіп алыңдар. Бір бала
ортаға тұрады, қалғандарың оны қоршап тұрасыңдар. Сыртта тұрған біреуіңнің қолында түйілген орамал болады. Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды сендердің қолдарыңнан алып қоюға әрекеттенеді. Ал, сендер бір-біріңе лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген орамалды бермеуге тырысуларың керек. Орамалды беріп қойған бала ортада жүрген баламен орнын алмастырады.
Слайд 10Көтермек
Ортаға екі бала шығыңдар. Бір-бірлеріңе арқаларыңды тіреп тұрып қолдарыңды шынтақтастырыңдар.
Жүргізушінің белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншіңді көтеріп алсаңдар ұтқан болып есептелесіңдер. Жеңіске жеткендерің ортада қалып, келесі баламен сайысқа түсесіңдер. Соңғы жеңімпаз анықталғанша, ойын осылай жалғаса береді.
Слайд 11Омпы
Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы» дейді. Омпы ойынына 2-10
балаға дейін қатыса берулеріңе болады. Ара қашықтығы 10-20 адым (қалайларың бойынша) жерге екі көмбе сызыңдар. Әрқайсысың көмбенің тең ортасына белгіленген сызық бойындағы көнге екі асықтан тігіңдер. Ортасына бір асықты омпысынан тұрғызыңдар. Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып, қолдарыңдағы сақаларыңмен көнге тігілген асықтарды атып түсірулерің керек. Атып алған асықтарың өздеріңе қалады. Егер омпыға тигізсеңдер, көндегі барлық асықтарды аласыңдар. Неғұрлым көп асық ұтып алғандарың жеңіске жетесіңдер.
Слайд 12Арқан тарту
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның
екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады
Қай топ арқанды өз жағына тартып алып кетсе сол топ жеңіске жетеді.
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса,құламаған бала жеңіске жетеді.
Слайд 13Сақина салу
Ерте заманнын келе жатқан дәстүрлі, әдемі ойын. Ережесі бойынша балалар
дөңгелене отырады, алақандарын қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да, өз еркі. Барлығына салып шығысымен: «Тұр, сақинам, тұр!» — деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған бала «Сақина менде!» — деп атып тұруы тиіс. Оны көршілері ұстап қалса, жұрт алдында өнерін көрсетеді. Жылдамдықты, ептілікті баулитын, өнерлерін жұрт алдында көрсете алуға үйрететін бұл ойынды балалар, әсіресе қызыға ойнайды.
Слайд 14Соқыртеке
Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған баланы – «Соқыртекені» шығарады.
Шеңбер бойы тұрған балалар «соқыртекені» түрткілейді. Сол кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы тиіс. Тыныш тұрғанды да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған бала «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. Осы ойынды балалар көбірек ойнауға тырысады. Балаларға қызықты, ал бізге, педагогтарға, ұтымдысы – дене қимыл-қозғалыс ойыны, сондай-ақ дыбыстарға мән беруге, қимылдарды сезінуге, яғни сенсорлық дағдыларын қалыптастыруға көмек береді.
Слайд 15 Қорыта келгенде ойынның қай түрін болса да қолдануға
болады. Балалар пайдасынан зияны көбірек тиетін қазіргі ойыншықтармен ойнағаннан гөрі, оларға әдемі адами қасиеттерді үйрететін ұлттық ойындарды үйреткен жөн. Сондай-ақ балалар ұлттық ойындар арқылы ата-бабасының тұрмыс-салтынан да хабардар болады, бойына сіңіріп өседі.