Слайд 1Арт – терапияның
балаларға
пайдасы .
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімдігінің “№1
балабақшасы” МКҚК
Психолог: Баетова Гульвира Рысбековна
Слайд 2 Казіргі уақытта
психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады.
Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда «өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді. Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады.Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды.
Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15-20 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге де оңайға соқпайды. Топтың мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау, қорытынды
шығару да қиынға соғады.
Слайд 3Адамның санадан тыс процестері (қорқыныш, түс көру, ішкі қарама-қайшылықтар, балалық шақтағы
елестер) сонымен қатар, адамның ішкі күйін ашуға көмектеседі.
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты жақсарту. Бұл кезеңнің міндеті топ ішіндегі қарым--қатынасты жақсартуға жағдай жасау.
Адамның және топ мүшелерінің суретері арқылы барлық мағлұмат алуға болады. Егерде, белгілі-бір себептермен суреті жайлы айтқысы келмесе, адамды қинауға болмайды.
1
2
3
АРТ – терапия
Слайд 4библио
терапия
маска терапия
драма терапия
музыкалық терапия
фото терапия
гүл терапия
қуыршақ терапия
ойын терапия
құм терапия
оригами
ертегі терапия
қозғалмалыби терапия
АРТ-
терапияның түрлері
Слайд 5Музыка трапиясы
Мұнда музыка емдік, дәрілік
зат ретінде қолданылады.
Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.
Ойын терапиясы
Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады.
Слайд 7Құм терапиясы-
адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін»,
өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Слайд 8 Балалар ересектерге қарағанда анағұрлым сезімтал болғандықтан, түстердің әсерін
күштірек қабылдайды. Кішкене балдырғандар түйсігімен керекті түсті таңдау арқылы, хромотерапия көмегімен өзін-өзі емдей алады. Ол үшін баланың әуестігіне мән беріп, қай түсті ұнататынын аңғару керек. Балаға жақтырмайтын түстерін тықпаламаңыз, одан оның денсаулығына зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Түс арқылы туабітті ерекшелігін, темпераментін анықтауға болады.
Слайд 9 Хромотерапия балалардың аурулары мен жалпы дамуына пайдаланады.
Әдетте кішкентай балалар өте ашық қызыл, көк, сары түстерге ұмтылады. Дәл осы түстер шығармашылықты, талғамды және нақты ойлай алуды дамытады.
Слайд 10 Көбіміздің түрлі-түсті әлемде ғұмыр кеше отырып,
айналамыздағы әрбір түстің өмірімізге әсерін білмеуіміз, түстерді орынды қолдана алмауымыз, олардың пайдасы зор екенін ескермейтініміз өкінішті.
Түстерді күнделікті таңдай білу арқылы біз өзіміздің де, балалардыңда денсаулығы мен көңіл-күйін жөндей алмыз.
Слайд 11
Қызыл- өмір күшінің түсі. Адамның құштарлығы
мен ұмылысының белгісі болып табылады. Қан қысымын жоғарлатып, зат алмасуын үдетіп, мидын белсенді жұмыс істеуіне әсер етеді.
Кеңес: егер бала баяу, самарқау болса, онда оған қызыл түсті киімдер киген жөн. Ал, бала өте белсенді, гиперактивті болса, онда бұл түске жолатпаған жөн.
Қызыл сары- оптимизм мен сергектіктің, қуанышпен жетістіктің түсі. Бұл түстің қызметі күшейту, жетілдіру, шынықтыру. Балаларға осы түс мейірімді, жылылық зарядтарына бай түсінік береді.
Кеңес: егер бала бөлмесі күнгей бетте болса, бұл түсті пайдаланбай-ақ қойыңыз. Себебі, бала өте белсенденіп, қызыл түстегі секілді жүйке жүйесінің қозуы күшейіп, тынышсыздануы мүмкін.
Слайд 12
Сары- ашық сары түс адамның көңіл-күйін
көтереді, бала өзін жеңіл сезінеді. Бұл түсті бала жабырқап, тұйқталғанда пайдаланыңыз. Мидың қызметін жақсартып, көру қабілетін арттырады.
Кеңес: бала бөлмесінде сары түспен безендірудің қажеті жоқ. Себебі, сары түс ұйұыны қашырады. Аз-аздан араластырып қойса, оянғанда көңілдірек болады.
Жасыл- денсаулық пен тұрақтылық түсі, ол тыныштандырады, жүйке жүйесін жаттықтырып, шаршағанды басады. Ерекше сауықтыру түсі болып саналады.
Кеңес: бұл түс баланың есте сақтауы мен шығармашылықты дамытады. Жасыл түстіңзиянды қасиеттері жоқ, алайда тым көп болып кетсе іш пыстыруы мүмкін
Слайд 13
Көгілдір – тыныштық түсі. Бұлшық еттердің ширығуы
мен қысымын төмендетіп, тыныс алу мен пульсті қалыпқа келтіреді.
Кеңес: үркек әрі тез қозатын балалар үшін көгілдір түс жасыл түстен гөрі пайдалырақ. Көгілдір түспен астманы, қабыну мен іріңді аурулар мен ревматикалық ауруларды емдейді. Бұл ас бөлмесінде қолдануға болмайды, себебі адамның дәм сезуі мен қабылдауы көмескіленіп ұйқыға жетелейді.
Көк- кішкентай балалар үшін тым суық әрі мазасыздандыратын түс. Көң түстен балалар іштей қорқады және жайсыз сезінеді.
Слайд 14
Қара мен сүр -балаларға лайық түс емес, балдырғандар
әлемді ашық-жарқын бояулар арқылы қабылдайды.
Кеңес: балалардың қандай түстерді ұнататынына назар аударыңыз, өзіне не керек және ұнайтынын олар өздері таңдайды.
Слайд 16Жақсы қасиеттерің
Жаман
қасиеттерің