Слайд 1Мектепке дейінгі ұйым түлектеріне психологиялық сүйемелдеу көрсету.
Балабақша психологы: Н.Т.Дюсенбаева
Ерейментау қ.
2016 –
2017 оқу жылы
Слайд 2«Мектепке дайын болу – оқи алу, санау, жаза білу емес .
Мектепке
дайын болу – осылардың барлығын үйрене білуге дайын болу.
Венгер Л. А.
Слайд 3Қазіргі уақытта көптеген мектепке даярлық топтарында балалармен психологиялық тексерулер жүргізіледі. Диагностиканың
көмегімен қабілеттердің, дағдылардың тұлғалық сапалардың деңгейлері анықталады. Сонымен қатар баланың мектепке дайындығының бірнеше критерийлері:
• Дене дайындығы;
• Адамгершілік;
• Психологиялық;
• Ақыл-ой.
Слайд 4
ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ
СанПин 2.42.1178-02 келісілген санитарлық-эпидемиологиялық «Білім беру мекемесінде оқу шарттарының гигиеналық
талаптары» ережесіне сай бірінші сыныпқа балалар өмірінің жеті немесе сегіз жасынан ата-анасының шешімімен, баланың мектепте оқуға дайындығы жөніндегі психолого-медико-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.
Мектепке қабылдаудың міндетті талабы- 1 қыркүйекке дейін баланың жасының 6,5 жастан кем болмауы болып табылады. 6,5 жасқа толмаған баланы оқыту мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жүзеге асырылады.
Слайд 5АДАМГЕРШІЛІК ДАЙЫНДЫҒЫ:
мұғалімдермен қатынасын құра білу;
сыныптастарымен тіл табыса білу;
сыпайылық, ұстамдылық,
тіл алушылық;
өзін-өзі бағалауы;
өз іс-әрекетін, мінез-құлқын дұрыс ұстау және оқу тапсырмасын қабылдай білу, мұқият, үлкендердің сөзін бөлмей тыңдау.
басқаның көзқарасын қабылдау, өз-өзіне басқа қырынан қарау, сыныптастарын тыңдай білу, басқалардың сәтсіздіктерін адекватты түрде бақылау.
Слайд 6
МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫ:
• Логикалық ойлауының дамуы (әртүрлі нәрселерді салыстыруда арасындағы
айырмашылықты, ұқсастықтарды табу, белгілеріне қарап жалпылай алу);
• Ырықты зейінінің дамуы (орындап отырған тапсырмаға 15-20 минут зейінін тұрақтандыру);
• Ырықты есте сақтауының дамуы (есте сақтай білу: есте сақталған материалды нақты символмен, сөзбен, немесе ситуациямен, суреттермен байланыстыру).
Слайд 7Қиялды дамытуға арналған жаттығулар
“Құрастыру” жаттығуы.
Геометриялық фигураларды: дөңгелек, жарты дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш
қолданып, баладан мүмкіндігінше көбірек заттардың суретін салуын өтінемін.Фигуралардың өлшемдерін өзгертуге болады.
Баланың еркін сферасын дамыту және қалыптастыру жаттығулары
“Пішіндерді боя” жаттығуы.
Балаға геометриялық пішіндер салынған қағаз парағы беріледі де, түрлі түсті қарындашпен олардың әрқайсысын бояуын өтінемін. Бұл тапсырманы өте ұқыпты орындау керектігін балаға ескертемін, уақыт есепке алынбайды.
Слайд 8Балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамытуға арналған жаттығулар:
“Матрешка”, “Артықты тап”, “Бәрі қандай жасыл” және т.б.
Слайд 9Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын
дамытуға арналған карточкалар.
Слайд 10
«Суреттің жұбын тап» ойыны.
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін
дамыту.
Мектепке дейінгілер үшін психогимнастикалық жаттығулар: “Өзіңді ұстауды үйрен”, «Шеңберді бұзып кір», «Жүректі тыңдаймыз» т.б.
Диагностикалық сұрақтар ұзаққа созылмауы және баланы жалықтырмауы керек.
Слайд 11«Түлкінің балалары мен бүркіт»
Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.
Ойын барысы
Балалар 1,2 санау
арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласы жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады.
Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.
Слайд 12
Есте сақтауға қабілетін арттыруға арналған жаттығулар:
“Мен 10 заттың атауын білемін...” (Топтық ойын);
“Қайтала” (сіріңке шиімен тапсырмалар);
“Есте сақта және тап ” ойыны;
“Түйме” ойыны;
“Қанеки, есіңе түсір” ойыны және т.б.
Слайд 13Балаларды мектепке даярлығын анықтау картасы
Слайд 20Керн Йерасек диагностикасы бойынша мектептік жетілгендікті анықтау диагностикасы.
Диагностика 3 түрлі тапсырмадан
тұрады: түсінігі бойынша ер адамның бейнесін салу, жазба әріптермен фразаны графикалық көшіру, белгілі бір кеңістік жағдайында нүктелерді көшіріп бейнелеу .
Слайд 21«Жалғыздың ісі өнбейді», «Көп еңбегі көлмен тең», «Көп еңбегі пәрменді», деп
келетін мақал – мәтелдерде көппен қоян – қолтық, бірлесе отырып еңбек жасауымыз керек. Сондықтан, балаларды мектептегі оқуға даярлауда тәрбиешілер мен ата – аналардың бірлесіп жұмыс атқару мақсатында тәрбиешілерге топта балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін, мектепке деген қызығушылықтарын ойын, қызықты сұрақтар арқылы дамытуға болады.
Сонымен қатар ата – аналарға балаларды қызықтыратын сұрақтарды ойлап табуға болады: «Жұлдыздар неге жымыңдайды? Динозавр қайдан шықан? Көбелектер қандай болады? Роботтар қалай жасалынған? Осылардың бәрін сендер мектепте толық білетін боласыңдар», - деп баланың мектепке деген қызығушылықтарын оятуға болады.
Тәрбиешілер мен ата – аналарға ұсыныс.
Слайд 22Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады? (Ата – анаға
кеңес)
• Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.
• Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.
• Бала тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
• Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
• Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.
• Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
• Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.
• Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.
• Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.
• Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.
• Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.
Слайд 23Баланың мектепке психологиялық дайындығы 3 сатыға бөлінеді:
Слайд 24
ОҚУҒА ДАЙЫН ЕМЕС : СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ «ПОРТРЕТІ»
• ШЕКТЕН ТЫС ОЙЫНШЫЛДЫҚ;
• ӨЗ БЕТІНШЕ ҚИМЫЛДАМАУ;
• ҮЛКЕНДЕРГЕ
БАҒЫНБАУ , ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК;
• СЫНЫПТАСТАРЫМЕН СӨЙЛЕСЕ АЛМАУ;
• ҮЛКЕНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ;
• ТАПСЫРМАЛАРҒА ЗЕЙІНДІ ШОҒЫРЛАНДЫРА АЛМАУ;
• ҚОЛ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛСІЗ ДАМУЫ;
• ЫРЫҚТЫ ЕСТЕ САҚТАУЫНЫҢ ДАМЫМАУЫ;
• СӨЗДІК ҚОРДЫҢ АЗ БОЛУЫ.