Презентация, доклад на тему “Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дидактикалық ойын арқылы дамыту

Содержание

Кіріспе Бүгінгі күннің басты талабы-баланың ақыл-ойын дамыту, ойлу қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қабілеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан, үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-мектепке дейінгі мекемелерде осы мәселелерге бүгінгі таңда жан-жақты көңіл

Слайд 1
“Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дидактикалық ойын арқылы дамыту”


“Мектеп жасына  дейінгі  балалардың  логикалық ойлау қабілетін дидактикалық ойын арқылы дамыту”

Слайд 2Кіріспе
Бүгінгі күннің басты талабы-баланың ақыл-ойын дамыту, ойлу қабілетін

жетілдіру, өзіндік іскерлік қабілеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан, үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-мектепке дейінгі мекемелерде осы мәселелерге бүгінгі таңда жан-жақты көңіл бөлінуде. Өйткені, білімділік пен тәрбиеліктің нәрі балабақшадан басталатындықтан, балаларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру-өзекті мәселелердің бірі. Сонымен қатар қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі, мектепке дейінгі мекемеде білім беру жүйесінің алдына балабақша қабырғасынан бастап, балаларды өздері ізденуге, өздері шешім қабылдауға, өз пікірлерін еркін ортаға салуға, алған білімдерін кез-келген жағдайда қолдана білуге қалыптастыруды міндеттейді.


Кіріспе  Бүгінгі күннің басты талабы-баланың ақыл-ойын дамыту, ойлу қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қабілеттерін қалыптастыру, заман талабына

Слайд 3
Ал, мектеп жасына дейінгі балалардың бойындағы осы қабілеттерді қалыптастыру

үшін, әр білім мекемесі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы мақсат-міндеттерді, жүргізілетін жұмыс формаларын, қолданылатын әдіс-тәсілдерді нақты айқындап алудың маңызы зор.
Осы бағыттағы жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру бойынша көптеген психологтардың, педагогтардың зерттеулеріне, іс-тәжірибелеріне сүйенсек, мектеп жасына дейінгі балалардың бойында жоғарыда аталған қабілеттерді дамыту барысында, ең бірінші баланың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға баса назар аудару жоғары жетістіктерге жеткізеді деген қорытынды жасауға септігін тигізеді.
Ал, мектеп жасына дейінгі балалардың бойындағы осы қабілеттерді қалыптастыру үшін, әр білім мекемесі оқу-тәрбие үдерісін

Слайд 4«Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу

және логикалық ойлауды дамытудың дидактикалық ерекшеліктерін айқындап, оқу үдерісінде кешенді пайдаланудың әдістемесін ұсыну»

Мақсаты

«Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу және логикалық ойлауды дамытудың дидактикалық ерекшеліктерін

Слайд 5

Оқу–тәрбие үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау
қабілетін дамытудың дидактикалық

ерекшелігін анықтау;

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін
дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын
дамытудың моделін құру;

Міндеттері:

Оқыту мен тәрбиелеу жұмысын балалардың жас ерекшелігі мен
өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі оқыту мен
тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының
мемлекеттік стандарты талаптары негізінде ұйымдастыру;

Оқу-тәрбие үдерісінде балалардың логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту үшін жанға жайлы ахуал орнатып, түрлі әдіс-тәсілдерді
жүйелі қолдану;

Оқу–тәрбие үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытудың дидактикалық ерекшелігін анықтау;Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық

Слайд 6

Мектеп дейінгі балалардың ойлау қабілеті
және логикалық ойлау ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі

баланың дамуын зерттеу күрделі процесс,
оның өзіндік ерекшеліктері бар. Баланың қоршаған орта
ерекшеліктеріне икемделуі, білім мен іскерлікті меңгеруі оның
қабілетіне байланысты. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны,
өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады.
Осы нышандар қасиетке айналу үшін, бала адамдар арасында өсіп,
күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған
ортада өзін емін-ерік сезінуге қалыптасады.
Әлемдік психолого-педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын
дамытатын мәселелерді А.Н.Монтьев, С.П.Рубинштейн,
М.В.Занков т.б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған.

Мектеп дейінгі балалардың ойлау қабілеті және логикалық ойлау ерекшеліктеріМектеп жасына дейінгі баланың дамуын зерттеу күрделі процесс, оның

Слайд 7 Ал, Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев сияқты психолог-
ғалымдар «логикалық

ойлау» ұғымына нақты анықтама берген.
Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын
пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген
ойлаудың бір түрі.
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту»
дегеніміз:барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау,
салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру,
ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
«Логикалық ойлау-логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны-логикалық
сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.
Логикалық ойлауды дамыту үшін іс-әрекеттерді нақтылы заттар мен
жағдайлардың орнына белгілер түріндегі сөздер сандар арқылы
игерудің алғы шарттары, бұрын айтылғандағыдай, сәбилік шақтың
соңында, бала санасының белгілер функциясы қалыптаса басталғанда
қаланады.


Ал, Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев сияқты психолог-ғалымдар «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың

Слайд 8Ойын – мектепке дейінгі жастағы  балалардың негізгі іс - әрекетінің бір

түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл - ойын парасаттылығын  дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, немесе ойын – баланың жетекші әрекеті.
Ойын – мектепке дейінгі жастағы  балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының

Слайд 9Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін

білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Демек, оқыту-тәрбие леу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрін- де ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабі- летін арттыруға жағдай жасау - мектепке дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті.  Бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы балалардың толық интеллектуалды  даму мәселесі әлі де өзекті болып отыр. . Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында « Жалпы ережелер» бөлімінде: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына арналған дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу деп айтылған.  

Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі

Слайд 10Тәрбиешінің алдында түрлі ойындарды қолдану, шығармашылықты, дербестікті, ерік сапаларын дамыту міндеттері

тұр

Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісінде   зейін, есте сақтау, ойлау қабілетті, елестету, сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын жұмыстарға  көп көңіл бөлінеді.  Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды, оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтары артады.  Ойын барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар орындап, жағымды қарым – қатынас жасауы балалардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтереді, сондықтан да дидактикалық ойынға қажетті құрал – жабдықтар,атрибуттар айшықты, мазмұнды безендірілуі де өте маңызды. Балалардың интеллектуалдық  дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал. 

Тәрбиешінің алдында түрлі ойындарды қолдану, шығармашылықты, дербестікті, ерік сапаларын дамыту міндеттері тұр Сол себепті мектепке дейінгі білім

Слайд 11Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа құбылыстармен заттармен кезігеді, айнала

өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қорытынды жасағысы келеді. Бірақ тәрбиешінің басшылығынсыз, өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, кейде таяз, қате болады. Сол себептен тәрбиешінің міндеті баланың білім қорының бірізді молаюына, бірте- бірте, ретпен, жүйелі жинақталуына көмектесу болып табылады. Баланың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой және тіл сияқты танымдық психикалық үрдістерін дамыту -ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі. Баланың логикалық ойлау қабілетін, дағдысын, білуге құштарлығын, ойлаудың қарапайым тәсілдерін дидиактикалық ойындар арқылы дамытып, көздеген мақсатымызға жете аламыз.
Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа құбылыстармен заттармен кезігеді, айнала өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қорытынды жасағысы

Слайд 12Мысалы: «Не артық?» ойыны барысында балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдарды,

үй құстары мен жабайы құстарды, жәндіктер мен жануарлардың айырмашылығын, не болмаса олардың төлдерін ажырата алуын, салыстырып, дәлелдеп анықтайды. «Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыста нені көрсе, соны істейді» М.Жұмабаев
Мысалы: «Не артық?» ойыны барысында балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдарды, үй құстары мен жабайы құстарды, жәндіктер

Слайд 13



Қайсысы артық?

Қайсысы артық?

Слайд 14Қайсысы қалай дыбыстайды?

Қайсысы қалай дыбыстайды?

Слайд 15Төлдерді енесімен қос.

Төлдерді енесімен қос.

Слайд 16Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытудағы дидактикалық ойынның рөлі

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі-білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу болғандықтан мектепке дейінгі мекемелердегі басты талабы-баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру.
Бұл дегеніміз балаларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке дайындау. Баршамызға аян мектеп жасына дейінгі балалардың бойында қандай қабілеттерді дамытсақ та, біз оны ойын арқылы жүзеге асырамыз. Себебі ойын-балалар өмірінің нәрі, оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін, сонымен қоса бала шығармашылығын дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытудағы дидактикалық ойынның рөлі Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі-білімді әлемнің

Слайд 17




Негізінде, баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз-қарапайым
математикалық

алғашқы ұғымдарды меңгеруден басталады. Өйткені, бала сөйлегеннен бастап өзінің атын, мекен-жайын жаттай бастайды. Міне, сан санауда осыдан басталады. Оны жүйелі түрде тыңдау тәрбиешінің басты міндеті, логика – адам ойы, дұрыс ойлау ұрпақтан- ұрпаққа табиғи түрде де беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы қалыптасады. Жалпы, математикада қолданылатын ойын түрлері балалардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда қазақтың ұлттық ойындарын қолдану өте тиімді.
Мысалы:«Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға топ балалары тегіс қатысады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады.

Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыруда балалардың
логикалық ойлауын дамытатын
жаттығу түрлері

Негізінде, баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз-қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарды меңгеруден басталады. Өйткені, бала

Слайд 18

Математикалық логикалық есептер

 1. Екі сиырдың мүйізі қанша? (4)
2. Бір мысықтың аяғы қанша? (4)
3. Бес қойдың басы нешеу? (5)

4. Айгүлдің алдында 3 зат тұр:шелек, доп, қуыршақ.
Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
Жауабы:шелекті алып қуыршақтан кейін қою керек немесе қуыршақты шелектің алдына қою керек.
 
5. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? (4 алма)
 
6. Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?
Жауабы:Түлкідегі жалауша сары, қоянда көк, аюда қызыл.
 
Математикалық логикалық есептер   1.

Слайд 19Тіл дамыту арқылы мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту жолдары

Баланың жас ерекшелігін ескере отырып тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, баланың шығармашылық қабілетін дамытып, интелектуалдық деңгейін көтеріп, білімінің беріктігін қамтамасыз етуге болады.
«Логикалық тапсырмалар, жаттығулар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді.

Тіл дамыту арқылы мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту жолдары  Баланың жас ерекшелігін ескере отырып тіл

Слайд 20 Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде


логикалық қабілеттерін дамытуда қолданылатын
ойындық әрекеттер:
Ролге бөліп талдау;
Көріністер, сахналау;
Сөзжұмбақтар;
Ертегі, әңгіме; (ертегінің сюжетін бастап беру, балаға аяқтауды тапсыру)
Мақал-мәтелдер;
Жұмбақтар;
Жаңылтпаштар;
Нақыл сөздер;

Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде

Слайд 21Мысалы:
Ересектер тобында Тіл дамыту бой-ынша белгілі-бір тақырыпты таныс-тырған кезде

«Суреттер мен сөздерді жұптастыру» ойынын өткізсе болады. Тәрбиеші алдын ала дайындаған суреттер мен олардың аттарын ара-ластырып тақтаға орналастыру керек. Балалар әр суреттің тұсына осы суретке қатысты сөзді орналастыру айтылады. Ойынды топқа бөліп ойнатуға да болады.

Мысалы:
«Төрт түлік» тақырыбын өткен кез-де, балалардың логикалық ойлауын дамыту үшін төмендегі малдардың төлдерін шатастырып, қойып, балалардан оларды дұрыс табуы талап етіледі.
Түйе суреті құлын
Жылқы суреті бұзау
Сиыр суреті қозы
Қой суреті лақ
Ешкі суреті бота т.б.

Мысалы:  Ересектер тобында Тіл дамыту бой-ынша белгілі-бір тақырыпты таныс-тырған кезде «Суреттер мен сөздерді жұптастыру» ойынын өткізсе

Слайд 22 Қорытынды
Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші, жоғарыда келтірілген

мысалдар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты әдіс-тәсілдерді түрлендіру әр тәрбиешінің кәсіби шеберлігі мен ізденісінде.
Ізденіп, заман ағымымен қоса дамимын, жетілемін деген әр педагог балалармен оқу-тәрбие үдерісінде балалардың жан-жақты жетілуіне жағдай жасап, жұмыс түрлерін түрлендіре отырып, ұйымдастырады. Балалардың жан-жақты дамып, жетілуіне логикалық жаттығулар мен тапсырмаларды дұрыс таңдап, орындатудың маңызы өте зор. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі де ерекше орын алады. Осы орайда, ұлы педагог Выготскийдің:«Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықталып беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген дана сөзі еріксіз еске түсері хақ.
Сондықтан біздер педагогтар қауымы әр баланың жан-дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп, содан кейін ғана оларды қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, талдап, жетілдіруіміз керек. Сонымен бар ойымызды жүйелеп, саралап, қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, оны тиімді әдіс-тәсілдер арқылы бала санасына жеткізе білсек, онда қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптастыра аламыз деген ой түйіндейміз.
Сондықтан құрметті әріптестер осы қиын да, қызықты еңбегімізде әрқашан алға қойған мақсат-міндеттерімізге жетуде аянбай, жалықпай, ізденісте еңбек етсек, келешекте осы еңбегіміздің жемісін көреміз демекпіз. Барлықтарыңызға алдағы уақытта тек сәттілік, табыс тілей отырып, өз ойымызды осылай түйіндейміз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

ҚорытындыТоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші, жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін

Слайд 23
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть