Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене – кішкене балалар
ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады.
Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп,
біраз әуре болды. Бұлардың ойынына қызыққан Самат оны да ойынға қосуларын өтінді.
Қазанқап:
-Ойынға қоспаймыз,-деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп Саматтың бетін
қайтарып тастады.
Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.
Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты.
Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның
неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетінді. Бұлар үйден шыққан “өртті” оған су
құйып, сөндіріп, баланы алып шығып,жедел-жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ
Қазанқапқа:
- Кел! Ойынға сен де аралас,-деді.
Қазанқаптың кешегісі есіне түсті.
- Самат мені ойынға қоса ма?-деп қипақтады.
- Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды
қызғанатынсен сияқты емеспін. Өрт сөндіру
үшін қолдың көп болғаны жақсы, - деп Самат
Қазанқапты қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.
Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып:
- Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын,-деді. Содан бері үшеуі
тату ойнайтын болды.
Адамдар бірін-бірі сыйлап,
түсіне білсе, жақсы қарым
қатынас жасауға қол жеткізеді.
Өзара сыйластық достыққа әкеледі
Өздерің ерекше сыйлайтын адамдар туралы айтып беріңдер. Оның қандай ісі, қасиеттері сыйлауға лайық деп ойлайсыңдар?
2. Сабақ үмтінде досыңа қызық
әңгіме айтқың келді. Бірақ...
Рахмет, ата!
Өзгеге жасаған ізетің –
өзіңе жасаған құрметің
Адамдар өзара сыйласып, бір-бірінің жақсы, ізгі қасиеттерін құрметтесе, сыйластыққа
қол жеткізеді.
Өзін өзі сыйлайтын адам өзгелерді де сыйлай біледі.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть