Тақырыбы:
Қоршаған орта және
қазіргі заманғы тұрғын үйлер
Тақырыбы:
Қоршаған орта және
қазіргі заманғы тұрғын үйлер
Мақсаты:
Қоршаған орта, табиғаттың адамзатқа паайдасы, оған адамдардың келтіретін зияны мен табиғаттың тылсым күштерімен күресе білу жағдайларын, қазіргі заманғы тұрғын үйлердің табиғи апаттарға төзімділігін анықтау.
Барлық уақыт кезеңдерінде адамдардың өмірі мен тұрмысы табиғаттың климаттық және сейсмологиялық жағдайларына байланысты болып келді.Сондықтан, бұрынғы заманнан, яғни біздің эрамызға дейінгі көп уақыт бұрын адамдар табиғаттың әртүрлі құбылыстары мен зиян келтіретін зардаптарына мән беріп, олардың алдын-алу шараларын қарастырып келді.
Табиғаттың әсем көрінісін қадірлеп,қастерлеу орнына адамдардың оған келтірген зияндары өте көп болды.Қаншама аңдардың, құстардың түрлері, ағаш,өсімдік, жәндік түрлері жойылып немесе құрып кетудің алдында тұр.Табиғатты ластау,әртүрлзі қалдықтар тастау, ядролық сынақтар өткізу, табиғи ресурстарды ретсіз пайдалану,техниканың көбейіп лас қалдықтарды шығаруы табиғатқа экологиялық зардаптар келтіріп,табиғаттың тепе-теңдік қалпын бұзып,түрлі табиғи апаттарға жол берілуде.
Өйткені,төтенше жағдайлардың катаклизмаларының ақыры үлкен қираулар мен жаппай қырылуға әкеліп соғады.
Жамбыл облысы табиғаттың әртүрлі климаттық және метеорологиялық құбылыстарына бай. Яғни табиғат нешетүрлі құбылыстарға,төтенше апат жағдайларына алып келуі мүмкін.
Жамбыл облысы тұрғындарының табиғаттың стихиялық апаттарының ішінде ең біріншіден жақсы білетіндері күшті жер сілкіністері.Соның ішінде облыс тұрғындарының естерінде жақсы сақталғандары 10 мамыр 1971 жылы және 23 мамыр 2003 жылы болған жер сілкіністері мен оның зардаптары.Күшті жел сілкінісі ошақтары облыс аймағында және облыс аймағынан тысқары да бар.Жер сілкінісі аймақтарына негізінен облыстың оңтүстік аймағының таулы аудандары жатады.
Тараз қаласында қазіргі кезде құрылыс жұмыстары сейсмикалық мөлтекаудандық карта негізінде жасалған Республикалық құрылыс нормалары бойынша жүргізілуде.
Әйтсе де, көптеген үйлер мен ғимараттар нормативтик құжаттар жасалғанға дейін соғылған. Олар шыдай ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін әрбір үйлер мен ғимараттарға техникалық паспорты жасалып, яғни олардың көрсетілген жер сілкінісі кезінде шыдамдылығы және қирау дәрежесі көрсетілуі қажет.
Сондықтан үйлерді паспорттау мәселесі үлкен өмірлік маңызға ие.
Жер сілкінісі тәуліктің кез-келген уақытында-түнде, таңертең,күндіз және кешке болуы мүмкін.
Ол жағдайға Сіз жұмыста, үйде, немесе көшеде тап болуыңыз мүмкін.
Әр түрлі уақытта және әр түрлі жағдайда өзіңді жағдайға байланысты ұста.
Әрбір жағдайда өзіңді қалай ұстай білу керектігін алдын ала елестете білу керек. Осыны біле тұра күшті жер сілкінісінің келеңсіз жағдайларын азайта аласың.
Басты назарды балаларды оқытып үйретуге аудару керек.
Алдын-ала ойланып, жоспарлап қою Сізге тез әрі ұтымды іс-қимыл жасауға көмектеседі.
ЖЕР СІЛКІНУДЕН КЕЙІН
Шыдамды болып, жағдайды бағамда.
Еш қандай келесі болатын сілкініс туралы сәуегейлік танытып, болжам айтып, мәлімет беруші болма.
Тез арада зардап шеккендерге көмектес, алғашқы дәрігелік көмек беруді ұйымдастыр. Зардап шеккендер жаурап қалмас үшін оларға жамылғы жап. Дәрігерлік көмек қажет ететін зардап шеккен адамдарды іздестір.
Жеке меншік үйлердің пешінің және мұржаларының зақымданбағанын тексер. Егер олар зақымданса немесе жарықтар пайда болса, онда жөндеу жұмыстары жүргізілмей от жақпа.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть