Слайд 1
-
АЙМАҚТЫҚ
КОМПОНЕНТТІ
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ
ЕНГІЗУ
Слайд 2Аймақтық компоненттің мазмұны:
-өлкенің экономикалық- шаруашылық
мамандандырылуы;
-өлке тарихы;
-физика- географиялық және табиғи жағдайы;
-тұрғындардың
ұлттық құрамы;
-өңір тұрғындарының салт-дәстүрі;
-ғылым,мәдениет, өнер, спорттың жағдайы мен дамуы.
Слайд 3Аймақтық компонент
Аймақ -үлкен облыс, ортақ
бір белгілеріне қарай
біріккен көрші елдер
немесе
территориялар мен аудандар
тобы.
Компонент -
бір нерсенің
құрамды бөлігі.
Аймақтық – жергілікті, нақты бір облысқа,
аймаққа қатысты.
Слайд 4
Еліміздің әлеуметтік, саяси және экономикалық өміріндегі болып жатқан өзгерістер, мектепте оқытылатын
пәндердің мазмұнына да әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасының жаңа білім беру саясатының негізінде аймақтық компонент білім мазмұнын құрамды бір бөлігі болып табылады.
Не үшін өз өлкеңді, «кіші Отанды» біліп, оқу қажет?
Аймақтық компоненттің құндылығы, адамның табиғат пен мәдени ортамен байланысы мен бір –біріне бағыштылығын көрсету, туған өлкеге деген азаматтың адамгершілік ұстанымын тәрбиелеу.
Слайд 5
Жоғарғы мақсаттарға жету үшін және өз өлкесінің, өз Отанының патриоты болуға,оның
болашағына немқұрайлы емес азамат етіп тәрбиелеу үшін, оқу- тәрбие үрдісінде келесі міндеттерді шешу қажет:
Оқушыларға туған өлке туралы жан-жақты білім беру; (тарихи, геогрфиялық, биологиялық, өнер туралы, экологиялық т.б.)
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру,туған өлкені аялау, оның флора, фаунасын, мәдени мұрасын сақтау, арғы аталарына деген құрмет, туған өлке тағдырына деген қатысын түсіндіру;
3. Оқушыларда адамгершілік көзқарас қалыптастыру, болашақ өмірге қажетті, өз тағдырын өзі шеше алатын «белсенді ұлт» өкілін қалыптастыру.
Слайд 6
Білім мазмұнын аймақтандырудың мақсаты:
Оқушыларға азаматтық тәрбие беруді нақты және тиімді материалдармен
толықтыру;
Оқушылардың туған өлкемен танысуына қызығушылыққа ынталандыру;
Қоғамдық-табиғи орта мен оқытудың арасындағы байланысқа қол жеткізу;
Оқушыларда туған өлкенің өзіне тән қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру, бұл, «кіші отан» тағдырына немқұрайлы емес жеке тұлға ретінде қалыптасуда үлкен рөл атқарады.
Слайд 7 Білім мазмұнының аймақтық принциптері:
- ғылымилық;
- аймақтылық;
- гуманизациялық;
- тарихилық;
- кешенділік;
- қолайлылық;
-
жүйелілік және бірізділік;
- көрнекілік;
- оқушылардың белсенділігі мен саналығы;
- білімнің тұрақтылығы;
- іс- тәжірибе мен теорияның байланысы;
- оқушылардың жеке бас және жас ерекшеліктерін ескеру.
Слайд 8
Аймақтық компонентті енгізуге ұсынылатын кеңестер:
барлық дербес пәндер бойынша аймақтық компонент енгізу,
авторлық және жаңа бағдарламалар жасауды жалғастыру;
аймақтық компонентті тақырыптық жоспарларда қарастыру;
педагогтарды кәсіби жетілдіру мақсатында семинар, сайыстар, тақырыптық апталықтар өткізу;
қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу, оқушылармен аймақтық компонент материалдарын танымдық және шығармашылық белсендігін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың потенциалын пайдалану, қызықты кездесулер, экскурсиялар, сайыстар, олимпиадалар, викториналар, фестивальдар өткізу;
оқушылармен туған өлке материалдары негізінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
аймақтық компонентті енгізу үрдісінің жүйелі мониторингісін жасау.
Слайд 9
Іс-тәжірибе көрсеткендей аймақтық компонентті оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің екі бағыты бар.
Бірінші бағыт:-
оқушылардың оқып үйрену іс- әрекеті. Бұл жерде аймақтық компонент сабақтың әр кезеңінде немесе толық бір сабақта көрсетіледі.
Екінші бағыт:- оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеті , ұжымдық және жеке іс-әрекеті
Слайд 10
Білім мазмұнында аймақтық компонентті жүзеге асырудың бірнеше жолдарын белгілеуге болады:
Аймақтық компонентті
базалық пәндерге енгізу;
Аймақтық білім мазмұнын вариативті оқушы компонентінде қолдану;
Кіріктірілген факультативті курстар ұйымдастыру;
Сыныптан тыс жұмыстар;
Мектептен тыс жұмыстар.
Слайд 112. Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті.
Бұл барлық сыныпта қарастырылған сыныптан тыс оқу,
оқушының ғылыми жобасы бола алатын іздеу, зерттеу жұмыстары.
( Мысалы, оқушылардың жобасы, тақырыптық сынып сағаттары, конференциялар,аймақтың қызықты адамдарымен кездесу)
Слайд 12
3. Оқушылардың сыныптан
тыс іс-әрекеті.
Үйірмелерге, студияларға, мұражайларға,көрмелерге бару,олимпиадаларға, сайыстарға қатысу,
туған жерге саяхат және серуен жасау.
Слайд 13
Әдістемелік кеңестің ұсыныстары
«Аймақтық компонентті қолдану арқылы сабақтар өткізу әдістемесі»
1.Пән
–мұғалімдерінің сабақтары мен сыныптан тыс іс- шараларда аймақтық мазмұнда адамзат туралы білімді кеңінен қолдану, гуманистік көзқарасты қалыптастыру, өзін-өзі тануға, жеке тұлғаның өзіндік дамуына жағдай жасау.
2.Педагогтың шығармашылық қабілетін дамыту мен белсенділігін арттыру және оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында,оқу- тәрбие үрдісінде аймақтық компонентте ақпараттық – коммуникативті технологияларды қолданатын мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату.
3. Мектептің әдістемелік қызметіне аймақтық компонентті енгізу арқылы өткізілетін сабақтардың теоретикалық, практикалық материалдардың банкін құру және педагогтардың курстық дайындығында компьютерлік технологияларды қолдану.