Слайд 2
Сабақтың мақсаты:
Құстарды қорғау, аялау. Оқушыларды Отанын,
жерін, орманын, көлін, табиғатты сүюге
тәрбиелеу.
Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, ұғындыру. Жүсіпбек Аймауытов өмірбаяны, шығармашылығымен таныстыру. Құстардың тіршілігін баяндау.
Оқушыларға құстарды қорғауға, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Құстарға деген қызығушылығын арттыру. Экологиялық тәрбие беру.
Слайд 9
Құстар – жануарлардың ең көп тараған түрі. Олардың түрлері
көп.Үй құстары, жабайы құстар болып бөлінеді. Пайдасы: зиянкестермен күреседі, еті, жұмыртқасы, мамығы. Құстар- біздің досымыз. Сирек кездесетін түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілген. Құстар - табиғат көркі. Оларды қорғау керек. Қажетсіз атуға, оларды ұстауға болмайды. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл – күйін көтереді.Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.
Жыл құстары дегеніміз — салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз,тырна жатады.
Қараторғай- дала құсы, ол бұлбұлдың әнінен үзінді айтып бере алатын шағын құс. Салмағы 75 грамм, дене тұрқы 23 сантиметрдей болады. Мойны қысқа, тұмсығы ұзындау, түсі металдай жарқылдаған қара, сол қара қауырсындарының арасынан ақ дақтарды кездестіруге болады.Қараторғай - жыл құсы, тек оңтүстікте ұялайтындары ғана тұрғылықты болып табылады. Ұялайтын жерлеріне, мәселен Қазақстан аумағына наурыз айының басында келе бастайды. Ұясын ағаш пен жартастардың қуысына, шатырға немесе басқа жерлерге сала береді.Екі рет балапан басып шығарады. Күзде үлкен топ құрып, қыркүйек-қазан айларында қыстайтын жерлеріне қарай қайтады.Қараторғай зиянды насекомдарды, олардың дернәсілдерін көптеп жойып, ауыл шаруашылығына елеулі пайда келтіреді.Қараторғай-өзі кішкене құс, өте пайдалы құс.Орман қорғаушысы.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып,күн жылынады. Қараторғайды әншілер әнге қосып шырқаған.Қараторғай маусымдық құстарға жатады. Олар суық түскенде жылы жаққа ұшып, көктемнің басында ең алғаш болып ұшып келетін құс. Қараторғай келсе халық қуанады, көктем келді, енді күн жылынады деп. Ерте келетін қараторғайлар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасайды. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады.Қараторғайды «шегіртке жегіш» деп те атайды. Көптеген шегірткелерді құртып, пайда келтіретін құстар. Олар әндердің әуенін керемет дәлдікпен орындайды екен.