Презентация, доклад на тему Әдебиеттік оқу пәнінен сын тұрғысынан ойлауға оқушыларды үйрету тақырыбы бойынша баяндама презентациясы

Содержание

Мақсаты:«Сын тұрғысынан ойлау» модулінің мақсаттарымен, әр түрлі әдіс-тәсілдерімен, негізгі түсініктерімен танысу және оларды практикада қолдануға бағыттау.

Слайд 1Әдебиеттік оқу пәнінен оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Жалпы орта білім беретін

№4 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Ахметкалиева М.Б.

Әдебиеттік оқу пәнінен оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретуЖалпы орта білім беретін №4 мектептің бастауыш сынып мұғаліміАхметкалиева М.Б.

Слайд 2Мақсаты:
«Сын тұрғысынан ойлау» модулінің мақсаттарымен, әр түрлі әдіс-тәсілдерімен, негізгі түсініктерімен танысу

және оларды практикада қолдануға бағыттау.

Мақсаты:«Сын тұрғысынан ойлау» модулінің мақсаттарымен, әр түрлі әдіс-тәсілдерімен, негізгі түсініктерімен танысу және оларды практикада қолдануға бағыттау.

Слайд 3 Бүгінде білім қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани

дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі. Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып, оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Сондықтан мен әдебиеттік оқу пәнін оқытуда жаңа технология әдістерінің бірі сын тұрғыдан ойлау педагогикалық технологиясын таңдап алдым. Біздің қоғамда сыни ойлауды (critical thinking) дамыту адамзат баласына баға жетпес мүмкіндіктер алып келеді. Әсіресе, өздеріне жауапкершілік және  қоршаған ортаға түбегейлі өзгерістер алып келуден қорықпайтын адамдар үшін, өте бағалы құндылық. Мысалы, кәсіпкерге сыни ойлау тапталмаған жолмен жүруге мүмкіндік береді, бұл өте тиімді, әрі болашағы бар нәрсе. Тіпті, уақыт өте келе олардың текшесі бәсекелестерге толы болса да, олар жаңа бір нәрсе ойлап табады. Бизнесте кім бірінші болса, сол жеңімпаз емес пе?! . .

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы халыққа жолдауында “Жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті бойында қалыптастырған; шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру” туралы атап өткен болатын.

Бүгінде білім қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана

Слайд 4Сыни ойлау деген не?
5.Сыни ойлау – әлеуметтік ойлау
4.Сыни ойлау сенімді

дәлелдерге ұмтылады

3.Сыни ойлау сұрақ қою, мәселе анықтаудан басталады

2.Ақпарат – сыни ойлаудың бастапқы нүктесі

1.Сыни ойлау – дербес жеке ойлау

Сыни ойлау сипаты

Сыни ойлау деген не? 5.Сыни ойлау – әлеуметтік ойлау4.Сыни ойлау сенімді дәлелдерге ұмтылады3.Сыни ойлау сұрақ қою, мәселе

Слайд 51.Есте сақтау.
Есте сақтау оқу үдерісіне қажетті маңызды ойлау әрекеті болғанымен,

сыни ойлауға жатпайды.

2.Күрделі идеяларды түсіну.
Берілген тапсырманы қарастыра отырып, оның құпиясы мен қисынын, заңдылығын түсіну сыни емес, логикалық ойлауға жатады. Сыни ойлау алынған идеяларды тексеру, пайымдау, бағалау мен қолдану кезінде пайда болады.

3.Шығармашылық немесе интуитивті ойлау.
Инсайт (кенет шешімін табу), тапқырлық таныту, көптеген нұсқаларын іздеп табу шығармашылық ойлауға жатады.

Сыни ойлауға не жатпайды?

1.Есте сақтау. Есте сақтау оқу үдерісіне қажетті маңызды ойлау әрекеті болғанымен, сыни ойлауға жатпайды.2.Күрделі идеяларды түсіну. Берілген

Слайд 6Танымдық қызмет мақсаты не? Мақсат бір нұсқаны таңдау, нұсқа болмағанда шешім

табу, ақпаратты өңдеу, дәлелдердің сенімділігін бағалау, т.б болуы мүмкін.

Не белгілі? Бұл – сыни ойлаудың бастапқы нүктесі. Бұл кезеңде жетіспейтін ақпараттық табу жүзеге асырылады.


Не жасау керек? Бұл кезеңде бұрынғы қалыптасқан ойлау икемділіктерін пайдалана отырып, мақсатқа жету жолы айқындалады. Бұл кезең – сыни ойлаудың қозғаушы күші.

Қойылған мақсатқа қол жетті ме? Берілген тапсырмаларды орындау нақтылығы табысқа жетудің шешуші факторы болып табылады.
Қысқаша: 1.Мақсат не? 2.Не белгілі? 3.Не жасау керек? 4.Мақсатқа қол жетті ме?

ІҮ

ІІІ

ІІ

І

Сыни ойлау алгоритмі

Танымдық қызмет мақсаты не? Мақсат бір нұсқаны таңдау, нұсқа болмағанда шешім табу, ақпаратты өңдеу, дәлелдердің сенімділігін бағалау,

Слайд 7Сыни ойлау туралы түйін
Сыни ойлауды дамытудың ұлттық кеңесі сыни ойлаудың

басқаша анықтамасын ұсынады: «Сыни ойлау – бақылау, байқау, рефлексия, пайымдау немесе әңгімелесу арқылы алынған ақпаратты ой елегінен өткізу, қолдану, талдау, жалпылау немесе бағалау бойынша белсенді іс-әрекетке бағытталған зияттылық тұрғысынан ұйымдастырылған үдеріс.
Дж.Курфис: сыни ойлау – білім тапшылығы жағдайында нақты жауабы жоқ сұраққа ұтымды жауап беру. Бұл қолжетімді ақпараттарды біріктіре отырып, құбылыс пен жағдайды оқып үйрену мақсатындағы зерттеу. Бір сөзбен айтқанда, «Сыни ойлау – критерийлерге негізделген пікір айту өнері».
Сыни ойлау туралы түйін	 Сыни ойлауды дамытудың ұлттық кеңесі сыни ойлаудың басқаша анықтамасын ұсынады: «Сыни ойлау –

Слайд 8 Сыни тұрғыдан ойлау (СТО) бағдарламасы - оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына,

достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді дамытудың мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Қандай болмасын сыныптың кез келген қоғамға тән сан қилы қызығушылықтар, қабілеттер, тәжірибе мен мүмкіндіктер сипаттайды. Сондықтан мен оқу материалын дайындағанда және оқыту әдістерін таңдағанда осылардың бәрін ескеруге тырыстым. Өзім жетекшілік етіп отырған сыныбымды бақылай отырып, сабағымды әдебиеттік оқу пәні бойынша өткізуді ұйғардым: 1. бұл сыныпқа оқу жылының басынан бері сабақ беріп келемін, әрі сынып жетекшілік етемін; 2. балалардың өзге сабақтарға қарағанда әдебиеттік оқу пәнінен белсенділіктері жоғары; 3. сынып оқушыларының қабілеттері мен мүмкіндіктері сыни тұрғыдан ойлау технологиясын жеңіл игеретіндігін білдім;
Сыни тұрғыдан ойлау (СТО) бағдарламасы - оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын

Слайд 9Сыни тұрғыдан ойлау жобасында топпен жұмыс жасау қарастырылатын болғандықтан, онда коммуникативтік

құзіреттілікті қалыптастырудың шешімін де табуға болады. Топта жұмыс істеу барысында балалар бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға үйренеді. Оқушылар өткен сабақтарда топта жұмыс істегендіктен топта жұмыс істеу ережелерін біледі.

Топтарға алдын ала әзірленген бағалау парақтарын таратып беріледі. Бағалау парағында әрбір тапсырма бағаланатындығы көрсетілген. Оқушылар өз топ басшыларын сайлайды, сол топ басшысы бүкіл топ мүшелерін осы бағалау парақтарында бағалауға тиіс болады. Сабақтың мазмұнын ашу мақсатында оқулықтан тыс үш топқа сыни ойлауға дағдылантыратын арнайы сұрақтар беріледі. Оқушылардың іс-әрекеті тақырып бойынша ой қозғайды, ұжыммен жұмыс жасайды, өздерінің жұмыстарын тиімді жолмен қарсылас топтарға таныстырады. Оқушылар мәтіннің мазмұнымен өздері танысады. Және топ ішінде сұрақтарға сын тұрғысынан ойлау арқылы әр түрлі нұсқада жауаптар ұсынып талқылау жүргізеді.

Сыни тұрғыдан ойлау жобасында топпен жұмыс жасау қарастырылатын болғандықтан, онда коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шешімін де табуға болады.

Слайд 10Сабақ барысында оқушылар өз пікірлерін, ойларын қорытып, плакатқа сурет, жазба түрінде

түсірді. Жұмыс істеу барысында оқушылар белсенді болды, әрқайсысы ойларын айтып жатқандары көрінді. Сонымен қатар теориялық алған білімдерін практика жүзінде еркін көрсетіп отырды. Постер жасап болған соң, топтардың басшылары жұмыстарын қорғады. Сабақтарда балаларға ерік беріп, өздеріне басшы таңдауға мүмкіндік беріп отырдым. Бағалаудың критерийіне сай оқушылар сол жұмыстарын ауызша қағазға қарамай қорғау болды. Топ басшылары үлгерімі жақсы оқушылар болғандықтан, постер қорғауда аса қатты қиындық болған жоқ.
Сабақ барысында оқушылар өз пікірлерін, ойларын қорытып, плакатқа сурет, жазба түрінде түсірді. Жұмыс істеу барысында оқушылар белсенді

Слайд 11Сабақты қорытындылау мақсатында балаларға өткен жаңа тақырып бойынша рефлексивтік және тест

сұрақтары ұсынылады. Балалар сұрақтарға жұпта, кейін топта талқылап, жауап берді. Бағалауда бағалау парақтарында топ көшбасшысы қойған бағалармен таныстыра отырып, оқушыларды бағалаймын. Кері байланыста балалар «Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдым?» деген сұраққа смайликтер арқылы жауап береді. Балалардың жауаптарынан сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтап отырдым.
Сабақты қорытындылау мақсатында балаларға өткен жаңа тақырып бойынша рефлексивтік және тест сұрақтары ұсынылады. Балалар сұрақтарға жұпта, кейін

Слайд 12 Блум таксономиясы
Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»

әңгімесі
Блум таксономиясы Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?» әңгімесі

Слайд 13«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»
Қ.Жұмағалиев «Туған өлкем» өлеңі
Е.Өтетілеуұлы «Балмұздақ» әңгіме

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» Қ.Жұмағалиев «Туған өлкем» өлеңі Е.Өтетілеуұлы «Балмұздақ» әңгіме

Слайд 14Сатылай кешенді талдау
Т.Айбергенов «Аппақ қыс» өлеңі
І-топ. Сауал-тапсырманы орындау арқылы көркем

тіліне талдау жасау:
1) Өлеңде қандай мезгілдер суреттелген?
2) Қыстың әсемдігін көрсететін сөз тіркестері.
3) Аяқ іздерінің белгісін сипаттайтын сөздер.
4) Аяқ астындағы әлем туралы сөздер.
5) Өлеңде кездесетін жер атаулары.
6) Жан-жануарлар атаулары бар ма?

2-топ. Өлеңге поэтикалық сатылай кешенді талдау жасау:
- Авторы:
- Тақырыбы:
- Жанр түрі:
- Идеясы:
- Шумақ:
- Тармақ:
- Бунақ:
- Буын саны:
- Ұйқас түрі:
- Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні:
Сатылай кешенді талдау Т.Айбергенов «Аппақ қыс» өлеңіІ-топ. Сауал-тапсырманы орындау арқылы көркем тіліне талдау жасау:

Слайд 15М. Әуезов «Көксерек»

1-топ: «5 жолды өлең» стратегиясы

Көксерек
Ашқарақ, азулы
Ұрлайды, ызаланады, ұлиды
Көксерек-құла түздің тағысы
Көкжал

2-топ: «Топтастыру» стратегиясы. Асыранды бөлтірік, оның мінезі.

М. Әуезов «Көксерек»         1-топ: «5 жолды өлең» стратегиясыКөксерекАшқарақ, азулыҰрлайды,

Слайд 163-топ: «Семантикалық карта» стратегиясы

3-топ: «Семантикалық карта» стратегиясы

Слайд 17 Сонымен қатар әр бөлімді аяқтағаннан соң рефераттар және эссе жазу, өлең

құрастыру, альбом және газет шығаруға тапсырмалар беріп отырамын.         
  Мысалы: «Кәусар бұлақ» атты бөлімді аяқтағаннан кейін оқушыларға өзінің туған жері туралы эссе жазу, өлең құрастыру беріледі.

Оқушы шығармашылығы:
Жүрегім сен деп соғады, туған елім,
Бойыма қуат берген Туған жерім.
Есейіп төл перзентің ер жеткенде
Жайнауың үшін аянбай төгеді терін.  
 

Эссе
Туған ел.
Мен Арқалық қаласының кішкентай тұрғынымын. Арқалық қаласы әдемі де сұлу. Бұл қалада әдемі көшелер, зәулім үйлер, кең байтақ жерлер бар. Арқалық қаласы Қазақстанның орталығында орналасқан. Ағаштары көп, халықтары кең пейілді. Қазақ халқы қашанда туған жерін қадірлеген. Мен кішкентай болсам да өзіме, еліме, жеріме қызмет еткім келеді.
Оразалина Арна    

Сонымен қатар әр бөлімді аяқтағаннан соң рефераттар және эссе жазу, өлең құрастыру, альбом және газет шығаруға тапсырмалар

Слайд 18Өткізілген сабақтарға сараптама жасай отырып, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің келесі

тиімді жақтарын анықтадым:
- оқушының - ойлау, талдау, іздену, дәлелдеу қабілеттері артады;
- сабақта шешуші рөл атқаратын оқытушы емес, керісінше, оқушы екені туралы пікір қалыптасады;
- оқушыны өз пікірін білдіруге және өзгенің пікірін құрметтеуге қалыптасады;
- оқушы шығармашылықпен ойлауға жетеленеді;
- әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін, бүгінгі және ертенгі

нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикaсына мониторинг құруға мүмкіндік алуға болады;
- оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай туады;
- алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алады;
- оқушы мен оқытушы арасындағы өзара сыйластық, бір-бірінің үйренудегі және үйретудегі көмегі зор болады;
- пәнге деген қызығушылығы артады;
- сыныпта психологиялық жағымды климат орнайды;
- сабаққа балалар 100% қатысады;
Өткізілген сабақтарға сараптама жасай отырып, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің келесі тиімді жақтарын анықтадым: - оқушының -

Слайд 19Назарларыңыз үшін рақмет!

Назарларыңыз үшін рақмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть