Презентация, доклад на тему Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютердің тиімділігі

ЖоспарІ. Кіріспе бөлім Ақпараттық технология –оқу үрдісінде. II. Негізгі бөлім1. Математика сабағында оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.2. Компьютерлік оқу құралының математика сабағында пайдаланудың тиімділігі.3. Математика сабағындағы компьютердің мүмкіндіктері.4. Компьютер - оқушыларды математика

Слайд 1Ғылыми жетекші: пән мұғалімі

Қалиева Н.С.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерлік технологияны пайдаланудың тиімділігі

Математика әдістемесі пәнінен
курстық жұмыс тақырыбы

Орындаған: «Бастауыш жалпы білім беру»
мамандығының 3 курс студентI
Токмурзина А.Д.

Ғылыми жетекші: пән мұғалімі
Қалиева Н.С.

Ғылыми жетекші: пән мұғалімі

Слайд 2Жоспар
І. Кіріспе бөлім
Ақпараттық технология –оқу үрдісінде.


II. Негізгі бөлім
1. Математика сабағында оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.
2. Компьютерлік оқу құралының математика сабағында пайдаланудың тиімділігі.
3. Математика сабағындағы компьютердің мүмкіндіктері.
4. Компьютер - оқушыларды математика сабағына деген қызығушылығын арттыру құралы.
III. Қорытынды
IV. Практикалық бөлім: 2-сынып

V. Педагогикалық тұжырым
VI. Пайдаланылған әдебиеттер
ЖоспарІ. Кіріспе бөлім     Ақпараттық технология –оқу үрдісінде. II.  Негізгі бөлім1. Математика сабағында

Слайд 3Тақырыптың өзектілігі
Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда компьютерді пайдалану - күнделікті

өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте басқа да пәндерді табысты оқу, өз білімін одан әрі жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік, дағдылардың практикалық негізін қалайды. Сонымен қоса компьютерді игеру процесі -оқушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту ісімен тығыз, әрі берік те, табиғи байланыста жүргізіледі. Қандай да болмасын пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқып-үйрету арнайы бір мақсаттарды көздейтіні анық. Математика пәнін компьютер арқылы оқу барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талдау және талқылау жүргізуге, қорытынды жасауға, салыстыруға машықтанады.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны да білім беру жүйесінің алдына жалпы алғанда жаңадан міндеттер қойып отыр. Білім беру саласында жаңа идеялар мен білім беру технологияларын сарқа пайдалану қажет. Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтуде. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны даусыз.
Тақырыптың өзектілігі Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда компьютерді пайдалану - күнделікті өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте

Слайд 4Электронды оқулықты пайдалану арқылы:
1. Сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану

тиімділігі;

2.Мұғалімнің педтехнологияны меңгеруі;

3. Оқушының пәнге деген қызығушылығы;

4. Білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы;

5. Білімнің тереңдігі;

6. Тексеру түрлері, бағалауы;

7. Практикалық дағдыларды игеруі.

Электронды оқулықты пайдалану арқылы: 1. Сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;2.Мұғалімнің педтехнологияны меңгеруі; 3. Оқушының пәнге

Слайд 6
Оқушының компью-термен өз бетінше білім алу үрдісі
Оқушының өз білімін компьютер көмегімен

өзі бақылауы

Оқушының өз білімін компьютер көмегімен өзі түзетуі.

Ағымдағы қорытынды түзетулер

Ағымдағы қорытынды бақылаулар

К
О
М
П
Ь
Ю
Т
Е
Р

Оқушының компью-термен өз бетінше білім алу үрдісіОқушының өз білімін компьютер көмегімен өзі бақылауыОқушының өз білімін компьютер көмегімен

Слайд 7Практикамен байланыс:
Мен, А.Құнанбаев атындағы №6 профилді орта мектептен мемлекеттік іс-тәжірибеден

өту барысында 2 «б»-сыныбына сабақ берген болатынмын. Аталмыш сыныпқа математика пәні бойынша компьютер арқылы сабақтар өткіздім. Себебі менің курстық жұмысымды осы тақырыптар бойынша қорғауым керек еді. Әрине, 2-сынып оқушылары компьютерді әлі толық меңгере қоймағандықтан алдын-ала кестелер дайындап, оларға қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіріп отырдым. Осы іс-тәжірибе кезінде компьютердің көмегімен 3 сабақ өткіздім. Айта кетсек олар: «9 санын қосу және азайту», «Ғасыр», «Бұрыш».
Бүгінгі таңда қоғам білім беру саласына және мұғалімдерге үлкен де, жоғары талап қояды. Сондықтан мұғалімдер әркез және үздіксіз ізденісте болуы тиіс. «Қырық бес жыл мұғалім болсаң да, қырық бес минуттық сабақққа мұқият дайындал» дегендей әр сабақтың қызықты да, сапалы өтуі үшін үлкен дайындық қажет. Сондықтан өзіме міндетті сабақтардың барлығына да аса үлкен жауапкершілікпен қарадым.
Практикамен байланыс: 	Мен, А.Құнанбаев атындағы №6 профилді орта мектептен мемлекеттік іс-тәжірибеден өту барысында 2 «б»-сыныбына сабақ берген

Слайд 8 «9санын қосу және азайту» сабағында компьютердегі «matikv exe» бағдарламасы бойынша оқушылар

қосу мен азайтуға байланысты мысалдар шығарды.
«Ғасыр» тақырыбына арналған сабағымда оқушылар ғасыр ұғымымен тереңірек таныса келе, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды компьютердің көмегімен өздері орындап шықты. Бұдан аңғарағаным компьютер баланы қызықтырады, сауатын ашады, ойлау қабілетін дамытады.
Компьютерлік оқу құралдарын өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар оқуға құштар, өздері де белсенді жұмыс жасай алды. Математика сабағын компьютердің көмегімен өткізгеннен кейін оқушыларымның есеп шығаруға деген ынта-ықыласының арқанын байқадым . Бұл маған үлкен жетістік болып есептелді. Осы мемлекеттік іс-тәжірибе кезіндегі компьютер арқылы өткізген сабақтарымның барлығы да өз дәрежесіне жете білді.
Бұл салада мұғалім үнемі жаңашылдықпен жан-жақты ізденіп, жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастыра білу қажет екенін түсіндім. Менің ойымша, компьютер-мұғалімнің жұмысын қуаттандыратын құрал. Осы мектептегі мемлекеттік іс-тәжірибеден өту барысында мұғалім болудың қызықтары мен қиыншылықтарын байқадым. Жалпы айтқанда білімге құштар, арманы асқақ тұлға- бастауыш сынып түлегін тәрбиелеу әрбір ұстаздың ең басты міндеті болып есептеледі екен.

Практикамен байланыс:

«9санын қосу және азайту» сабағында компьютердегі «matikv exe» бағдарламасы бойынша оқушылар қосу мен азайтуға байланысты мысалдар шығарды.

Слайд 9Қорытынды
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі

жаңа білім өте-мөте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Баланың бойына білім дәнін себетін тұлға – ұстаздың қолында еліміздің болашағы тұр. Сондықтан қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті қандай қажет болса, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру, яғни ақпараттық сауаттылық сондай қажет.
Қорыта келгенде мектептегі бастауыш сыныптарға математика сабағын компьютер арқылы оқыту қоғам талабына сай оқушыға білім, білік, дағды қалыптастыруымен қатар жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін орынды пайдалану оқушының жасырын жатқан қабілеттерін дер кезінде көре білуге және шығармашылықпен оны дамытуға жол ашады.
Бұл салада проблемалар жеткілікті, бірақ оларды шешетін мүмкіндіктер де баршылық. Қай тәсілдің ыңғайлы екенін уақыт көрсетеді, тек әрекет етпей, күтіп отыру – жалқаулықтың ісі. Бұл салада жұмыс істелмесе, ертеңгі күні жете алмайтындай күйде артта қалып қоюға болады.
Қорытынды 	«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім өте-мөте қажет» деп, Елбасы

Слайд 10Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть