Презентация, доклад на тему Бастауыш мектепте оқыту барысында ұлттық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері

Содержание

КІРІСПЕМАЗМҰНЫ 1. ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ1.1 Ұлттық ойындардың бүгінгі уақытта зерттеу барысы мен даму тарихы 1.2 Ұлттық ойынның білім беру мен тәлім тәрбие жүйесіндегі ролі 1.3 Ұлттық ойындарды тәлім тәрбие ісіндегі

Слайд 1

Баяндама

ТАҚЫРЫБЫ:
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ОРЫНДАҒАН: Каженова С.Л


Слайд 2 КІРІСПЕ
МАЗМҰНЫ
1. ОҚУШЫНЫҢ
ЖЕКЕ
ТҰЛҒАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІН
ДАМЫТУДА
ҰЛТТЫҚ
ОЙЫННЫҢ
МАҢЫЗЫ

1.1

Ұлттық ойындардың бүгінгі уақытта зерттеу барысы мен даму тарихы

1.2 Ұлттық ойынның білім беру мен тәлім тәрбие жүйесіндегі ролі

1.3 Ұлттық ойындарды тәлім тәрбие ісіндегі тиімді қолданудың тәрбиелік негіздері

2.ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІН
ҰЛТТЫҚ
ОЙЫНДАР
АРҚЫЛЫ
ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ

2.1 Ұлттық ойындар арқылы балаға тәрбие берудегі негізгі ықпал – отбасы тәлімі

2.2 Халық педагогикасының негізгі бір саласы – ұлттық ойындар бала бойында
ұлттық құндылық негізін қалыптастырушы фактор

2.3 Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін ұлттық ойындар
арқылы даму жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕМАЗМҰНЫ 1. ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ1.1 Ұлттық ойындардың бүгінгі уақытта зерттеу барысы

Слайд 3Кіріспе

Кіріспе

Слайд 6
ТАҚЫРЫПТЫҢ
ӨЗЕКТІЛІГІ

ЗЕРТТЕУ
МАҚСАТЫ

ЗЕРТТЕУ
МІНДЕТТЕРІ
Бастауыш сыныптарда
ұлттық ойынның маңызы
зор

екендігін біз практика
арқылы көреміз.
Ұлттық ойындар арқылы
балалардың қызығушылығы
артады. Сабаққа деген
Ынтасы көзқарасы ұлғаяды.

- Ойындардың блаға
психологиялық әсерін
анықтау.
Оқушылардың
қызығушылығын оятып,
танымдық белсенділігін
арттыру жолдарын белгілеу.
Тәрбие жұмысында
ұлттықойындардың
баланың жеке тұлғалық
қасиеттеріндегі маңызы.

Баланың тұлғалық
қасиеттерін дамытудағы
ұлттық ойындардың
орнын көрсету.

ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІЗЕРТТЕУМАҚСАТЫЗЕРТТЕУ МІНДЕТТЕРІ   Бастауыш сыныптарда ұлттық ойынның маңызы зор екендігін біз практика арқылы көреміз. Ұлттық

Слайд 7

ЗЕРТТЕУ
ПӘНІ
Бастауыш сынып
оқушыларының

ұлттық
ойын үстіндебелсенділігін,
ынтымақтасуын,
өзара достық-жолдастық
қарым қатынастарын
жетілдіру.

Бастауыш сыныптарда
ұлттық ойындарды жүйелі,
тиімді пайдаланған
жағдайда оқушылардың
тұлғалық қасиеттерін
дамытудағы мүмкіндіктер.

Ғылыми әдебиеттерді
талдау, саралау, сауалнама
эксперимент, бақылау.


ҒЫЛЫМИ
БОЛЖАМ


ЗЕРТТЕУ
ӘДІСТЕРІ

ЗЕРТТЕУ ПӘНІ    Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық ойын үстіндебелсенділігін, ынтымақтасуын, өзара достық-жолдастық

Слайд 8ЗЕРТТЕУ
НЫСАНЫ

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы,
Жөкей бастауыш мектебі

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөліммен, тәжірибелік
жұмыстардан және қортынды, қолданылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуда ұлттық
ойындардың маңыздылығы, зерттелу тарихы мен , ұлттық ойыннның тәлімдік
рөлі қарастырылса, екінші бөлімде бастауыш сынып оқушысының тұлғалық
қасиеттерін ұлттық ойындар арқылы дамыту жолдары, отбасында ұлттық ойындар
негізінде тәрбиелеу мәселесі кең түрде қарастырылады.
ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫАқмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Жөкей бастауыш мектебі      Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден,

Слайд 9Ұлттық ойындардың бүгінгі уақыттағы зерттелу барысы мен даму тарихы

ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ

ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі
таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары
туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер XIII ғасырдан басталады. Оны алған жинап, Европа жұртшылығына
таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды.XIII ғасырда Европа халқына Манғол тарихын таныстыру
мақсатымен саяхатқа шыққан. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген
ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.
Қазақ халқының ұлт ойындары жайындағы деректемелерді қағаз бетіне түсіргендердің бірі Венеция саяхатшысы
Марко Поло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі
тойларында болып, ойын-сауықтарын көріп, көптеген ұлт ойындарына талдау жасап, шығу тарихтарына, қалыптасу
дәуірлеріне де болжам айтқан.
Ұлт ойындары жайындағы деректерді австралиялық с. Герберштейннің италияндық И.И. Новокамскийдің,
орыс саяхатшысы П.И. Рыяковтың, орыс ғалымы П.С. Паластың, Венгер зерттеушісі А. Вамберидің,
неміс этнографы Ф. Картуцканың, неміс ғалымы А. Гумбольдтың, поляк халқының өкілдері А. Якушкевич,
С. Гросс, Б. Зеленскийдің т.б. жазбаларынан кездестіреміз.
Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинаған және оның ішінде ұлт
ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.К. Покровский, А.И. Ивановский, Н.И. Гродеков,
Е. А. Алекторов, Э. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазеревский, П.П. Пашин, Г.С. Загряжский, А.Шиле,
А.Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов т.б. болды.

Ұлттық ойындардың бүгінгі уақыттағы зерттелу барысы мен даму тарихыОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Слайд 10Ұлттық ойындардың бөліну көрінісі
ҰЛТТЫҚ
ОЙЫНДАР
Нәрестелік шақ
“Бесік жыры”
“Тұсау кесу”
Сәбилік шақ
1-7 жас
Түрлі

ойыншықтар,
Құмалақ ойындары

Жасөспірім шақ
8-14 жас
Қозғалмалы ойындар

Жігіттік шақ
16-25 жас
Ұлттық спорт ойындары





Ұлттық ойындардың бөліну көрінісі ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРНәрестелік шақ“Бесік жыры”“Тұсау кесу”Сәбилік шақ1-7 жасТүрлі ойыншықтар,Құмалақ ойындарыЖасөспірім шақ8-14 жасҚозғалмалы ойындарЖігіттік шақ16-25

Слайд 11Ұлттық ойынның білім беру мен тәлім тәрбие жүйесіндегі рөлі

Қазақтың ұлттық ойындарының халық тәрбиесіне әсері өте зор.
Ұлттық ойындардың тарихын, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, қолдану
жолдарын тек біз ғана бүгінгі күні қозғап отырмыз деуден аулақпыз. Осы уақытқа
дейін көптеген ғалымдар, педагогтар, таришылар ұлттық тәрбие, ұлттық ойындарды
дамыту, қолдану жайлы сан қырлы ғылыми жұмыстар, монографиялар, мақалалар,
дисертациялар жазған. Олардың ішінде әсіресе, Ә.Диваев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев,
С.А.Ұзақбаева, Р.К.Төлеубекова, М.Т.Тәнекеев, Б.Төтенаев, Ә.Бүркітбаев халықтық
тәрбиенің бала тәрбиесіндегі орнын әр қырынан ашып көрсетті. Ұлттық ойындар
елдің өмірімен тығыз байланысты оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік
тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары әрі құнды.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамуы тәрбие түрлерінің нақты үлесіне байланысты.
Бірақ, педагогикалық шаралар тәрбиені әртүрлі жағының арасындағы өзара
байланысты белсенді ету мен дамыту мәселелрін шешуге тәрбие түрінің өзара
байланысын қалыптастыруға алғы шарт емес, сондықтан әрбір қабылданған
шара толық мағынаға ие болуы керек.

Ұлттық ойынның білім беру мен тәлім тәрбие жүйесіндегі рөлі    Қазақтың ұлттық ойындарының халық тәрбиесіне

Слайд 12Ұлттық ойындар...
денелік және рухани жетілдірудің өзара байланысын қалыптастыруға объективті әсер

етеді.

қимыл-қозғалысқа
үйретудің тәсілі мен
әдістері, қозғалыс дағдысы мен іскерлікті игеру заңдылығы ықпал ету қатынасының мәселелерін тиімді шешуге мүмкіншілік береді.

қай ойыны босла да айтыс, өлең-жырлармен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға қатты әсер етеді.

өлең сөздің араласып келіп отыратындығынан баланың тілін дамытуға әсер етеді

көбіне ұжым түрінде болатындықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым-қатынасқа әдеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіншілік мол.

Ұлттық  ойындар...денелік және рухани жетілдірудің өзара байланысын қалыптастыруға объективті әсер етеді. қимыл-қозғалысқаүйретудің тәсілі менәдістері, қозғалыс дағдысы

Слайд 13Ұлттық ойындарды тәлім тәрбие ісінде тиімді қолданудың тәрбиелік негіздері

Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының
маңызы айрықша. Қазақ мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке,мінезін жақсы қасиеттер
арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе ақын-жазушылардың көркем шығармалар эстетикалық,
этикалық қасиеттерге тәрбиелейді. Баланың құлағына жас кезіненбастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын
құйып отыру-тек мектептегі мұғалімнің жұмысы ғана емес, сонымен қатар, үйдегі ата-аналардың негізгі
міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде «Жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам
болады» дейді. «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы,
жамандытаниды-дағы, сондайданбілген,көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан
сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады». Сондықтан балағажас кезінен бастап тәрбиелік маңызы
жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. «Себебі, халықтың даналық ойлары халық
педагогикалық шам-шырағы болған. Халық даналығы-мақал-мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде,
ақын-жыраулардың шешендердің сөздері, толғау өсиет сөздері арқылы баяндалып отырған.
Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі – ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні зор,
сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертудехалық педагогикасының тәрбиелік
мәні басым элементтерін кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі парасаттылық
пен бауырмалдылықққа, адалдық пен кішіпейілділікке,ибалық пен үлкенді сыйлауғатәрбиелейді.
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды көркем әдебиетімен ұштастыру жұмыстарды да оқушыларды
маңызы зор көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды.
Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады.
Ұлттық ойындарды тәлім тәрбие ісінде тиімді қолданудың тәрбиелік негіздері   Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне

Слайд 14Сауат ашу бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі
Сөйлем, сөз,

олардың өзара
байланысы туралы түсініктерді
қалыптастыруға бағытталған
дидактикалық ойындар:
«Қай сөзді жоғалттым?»,
«Үндемес», «Сөйлем қуаласпақ»,
«Не қажет?», «Орамал тастамақ»,
«Өз орныңды тап»,
«Домино», «Кім жылдам?» т.б.

Буын, тасымал туралы білімдерін
бекітуге бағытталған дидактикалық
ойындар: «Қай буынды жоғалттым?»
«Өз атыңды буынға бөл?»,
«Ойлап тап», «Сақина салу»,
«Бәйге» т.б.

Заттың атын, қимылын, санын,
сынын білдіретін сөздердіажыратуға
бағытталған дидактикалық ойындар.
«Суретті лото», «Сұрақ қой»,
«Айдаһарды өлтіру», «Ғажайып алаң»,
«Жеті күн», «Жеті қазына»,
«Санамақ - ойындар»,
«Жұмбақ -ойындар». т.б.

Дыбыс және әріп ұғымдарын
бекітуге бағытталған дидактикалық
ойындар: «Бұл қалай өзгерген?»,
«Тапшы, кімнің дауысы?»,
«Әріп таңдау», «Кім жылдам», т.б.

1

3

4

2

Сауат ашу бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі    Сөйлем, сөз, олардың өзарабайланысы туралы түсініктердіқалыптастыруға бағытталған дидактикалық

Слайд 15Математикадан пайдаланылған дидактикалық ойындардың жіктемесі
Он көлеміндегі
сандардың атауын, ретін
меңгертуге

бағытталған
дидактикалық
ойындар: санамақ – ойындар,
жаңылтпаш-ойындар,
жұмбақ-ойындар, т.б.

Он көлеміндегі сандарды
қосу және азайту дағдыларын
Қалыптастыруғабағытталған
дидактикалық ойындар:
«Айға кім бұрын жетеді?»,
«Есептеуіш машиналар», «Дүкен»,
«Десанттар», «Баспалдақ»,
«Аң патшасы», «Орамал тастамақ»,
«Хан талапай», «Қасқыр мен қой»,
«Теңге ілу» т.б.

Қарапайым геометриялық
материалды меңгеруге
бағытталған дидактикалық
ойындар: «Геометриялық эстафета»,
«Ою құрастыру», «Фигураны тап»,
«Бірден сызып шық»,
«Сыр сандықты ашып қара» т.б.

Он көлеміндегі сандардың
құрамы туралы білімді бекітуге
бағытталған ойын:
«Мынау кімнің үйі?»
«Допты қай ойыншыға беру керек?»
«Хаттың иесі кім?»
«Керек санды қой?» т.б.

Математикадан пайдаланылған дидактикалық ойындардың жіктемесі Он көлеміндегі сандардың атауын, ретін меңгертуге бағытталған дидактикалық ойындар: санамақ – ойындар,

Слайд 16Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі
Айналадағы әлемді
танытуға бағытталған
ойындар:

табиғат,
құстар, жан-жануарлар
жөніндегі
жұмбақ-ойындар.

Тазалық пен
күн тәртібін
сақтауға
байланысты
дидактикалық
ойындар.

Адам
сұлулығын
танытуға
бағытталған
дидактикалық
ойындар.

Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі Айналадағы әлемді танытуға бағытталған ойындар: табиғат, құстар, жан-жануарлар жөніндегі жұмбақ-ойындар. Тазалық

Слайд 172 сынып оқушыларының үлгерім қорытындысы
І тоқсан
ІІ тоқсан
Озаттар: 1

оқушы - 20%
Екпінділер: 3 оқушы - 60% Орташа: 1 оқушы - 20%
Сапалық үлгерім: 80%
Жалпы үлгерім: 100%

Озаттар: 1 оқушы - 16%
Екпінділер: 3 оқушы - 50%
Орташа: 2 оқушы - 33%
Сапалық үлгерім: 66%
Жалпы үлгерім: 100%

2 сынып оқушыларының үлгерім қорытындысы І тоқсан ІІ тоқсан Озаттар: 1 оқушы - 20%Екпінділер: 3 оқушы -

Слайд 18Алтыбақан

Алтыбақан

Слайд 19
Алтыбақан

(Ұлттық ойындар)
Ертеректе ауыл сыртына құрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болған. Оны қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады. Оны орнату үшін, атауына сай, алты бақан (сырық), бір керме және үш арқан керек. Бақандардың басын үш-үштен буып, аралығы 7-8 қадамдай жерге қадап орнатады. Олардың жоғарғы жағындағы ашаларға бақандардың басын біріктіріп тұратын келесі бір керме енгізіп, мықтап байлайды. Кермеге ұзынырақ бір, қысқалау екі арқанды бекітеді. Арқанның ұзындауы аяқты тіреуге, қысқасы отыруға ыңғайланған. Жазғы күнгі, айлы түнде қыз бен жігіт арқанға аяқтарын тіреп, бір-біріне қарама-қарсы түрып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, басқалардың демеуімен тербетілген. Ойын көпшілікке арналған. Қыздар мен бозбалалар жұптасып, алма-кезек ауысып отырған. Тербелушілер ән бастағанда, тамашалаушылар да қосылып, думандатқан.
Алтыбақан бірін-бірі ұнатқан жастардың көңілдерін білдіруге себеп болған. Соңғы кездері үш арқанның орнына, үзындығы бірдей екі арқан жөне жеңіл тақтай қолданылып жүр.

Алтыбақан (Ұлттық ойындар)Ертеректе ауыл сыртына құрылған

Слайд 20Ақсүйек
Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайтын

қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға ұзақ уақыт күн көзінде жатып әбден қураған мал сүйегі не қабығы аршылған, ұстауға ыңғайлы ақ таяқша пайдаланылады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, арнайы сызылған шеңбер бойына орналасады. Жеребе бойынша ойынды бастау кезегі кімге тисе, сол сүйекті алысқа лақтырады. Қалған ойыншылар теріс айналып тұрады. Содан соң олар ақ сүйекті іздеуге кіріседі. Тапқан адам «Ақсүйек! Ақсүйек!» деп алдын ала белгіленген мәреге жүгіре жөнеледі. Қарсыластары қуып жетіп, қолы тиіп үлгергенше келесі ойыншыға ақсүйекті лақтырып үлгеруге немесе қолындағы сүйекті беруге міндетті. Осылай ақсүйекті бір-біріне лақтырып, қол жалғап, мәреге жеткізген топ қажетті ұпайды алады да лақтыру кезегіне ие болады. Қанша ұпай жинағанша ойнайтындары алдын ала келісіледі.
Екінші түрі: Ойын кезінде екі топтың ойыншылары бір-бір киімін не болмаса заттарын (қамшы, орамал, белдік, аяқ киім, т.б.) бір орынға жинайды. Осы жер "сал" (қазына) деп аталады. Әрбір ұтыс сайын жеңілген топ өз «қазынасының» біреуін беріп отырады. Ойын бір топтың «салы» таусылғанша созылады. Соңында ұтылғандар ән шырқап, би билеп немесе әзіл айту арқылы өз заттарын қайтарып алады.
Ақсүйек Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға ұзақ уақыт

Слайд 21Ақсүйек

Ақсүйек

Слайд 22Бестас ( шекемтас)
Бестас - көбіне қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін

домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады.
1-"бірлік". Ойыншы бес тасты жерге шашады. Таңдап алынған қақпа тасты бір қолымен аспанға лақтырады да жердегі біреуін көтеріп қайта тосып алады. Қалғандарын да осылай бір-бірлеп көтереді.
2-"екілік". Бұл жолы екі тастан көтереді.
3-"үштік". Үш тасты бірге бір рет, жеке тасты екінші рет жерден көтереді.
4-"төрттік". Төрт тасты бірге көтеру керек.
5-"алақан". Төрт тасты бір-бірлеп алақанға жинайды.
6-"төртбұрыш". Төрт тасты төрт жерге төртбұрыш жасап қойып, оларды тез жинап алады.
7-"арттан тастау". Бірліктегідей бір тасты жерден көтеріп алады. Қақпа тасты лақтырып екіншісін көтергенше алғашқысын қолдың артынан жерге тастайды. Осылай бәрін тастап болғаннан кейін оларды түгел бірге көтеру керек.
Бестас ( шекемтас)Бестас - көбіне қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып

Слайд 23Бестас ( шекемтас)

Бестас ( шекемтас)

Слайд 24Арқан тарту
Арқан тарту — халық арасында ертеден келе жатқан танымал

ойындардың бірі. Ойын көбіне мерекелерде, той-ларда өткізіледі. Соңғы кездерде бастауыш сыныптардың дене шынықтыру сабақтарында, баланы сергіту сәттерінде де ойналып жүр. Көп күш жүмсалатындықтан арқан тар-туға көбіне ер адамдар қатысады. Ойын өтетін жер тегіс болуы шарт. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Сызықтан тепе-тең қашықтықта екі межені белгілейді. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Арқан тартудың екі түрі бар.
Біріншісі, ер адамдардың жекпе-жегі. Күштерін сынау үшін екі жігіт ортаға шығады. Олар бір-біріне қарама-қарсы жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді. Төрешінің белгі беруімен әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Екеуінің қайсысы белгілі межеге бұрын тартып жеткізсе, сол ұтады.
Екіншісі, топ болып ойнау. Оған қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді. Арқанның қақ ортасынан белгі үшін түйін түйіледі. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіп, жүлде алады. Ойында жеңіске жету үшін қара күшпен қатар әр топтың қозғалысындағы бірыңғайлық, ұйымшылдық қажет.
Арқан тарту Арқан тарту — халық арасында ертеден келе жатқан танымал ойындардың бірі. Ойын көбіне мерекелерде, той-ларда

Слайд 25

Арқан тарту

Арқан тарту

Слайд 26Тоғыз құмалақ.
Тоғыз құмалақ — адамның ойлау, талдау қабілетін дамытатын, есепке

құрылған ойын. Ерте кезде малшылар отауларды жерге ойып, қойдың кепкен құмалағын теріп алып ойнаған. Отаулардың 1-таңдық, 2-көшпелі, 3-атөтпес, 4-атсұратар, 5-бел, 6-белбасар, 7-қандықақпан, 8-көкмойын, 9-маңдай деген атаулары болған. Бұл ойынды қай отаудан бастайтынын білдірген. Қазіргі кезде арнайы жасалған ойын тақтасының бірнеше үлгілері (дөңгелек, сопақша, т.б.) кездеседі. Тақтада әр ойыншының бір қазаны, 81 құмалақ (қойдың кепкен құмалағына ұқсас тастар) салынған тоғыз отауы болады. Сандармен белгіленген әрбір отауға тоғыз құмалақтан салынады. Ойын оңнан солға қарай жүргізіледі. Бірінші жүрген ойыншы таңдаған отауындағы («маңдайдан» басқа) қүмалақтарды бір-бірлеп кейінгі отауларға салып шығады. Соңғы, құмалағы жұпталған отаудағы құмалақтарды алып өзінің қазанына салады. Отаудағы құмалақ саны жұп болса «жабық отау», тақ болса «ашық отау» деп аталады. Ойын барысында қарсыласының құмалақтар санын тақ жасап, өз отауларындағыны жұптауы керек. Жұптаған отаудағы құмалақтарды ойыншылар өз қазанына салады. Тұздық алу — екі құмалағы бар қарсыласының отауына (тоғызыншы отаудан басқа) біреуін салу, яғни осыдан бастап осы отауға түскен қүмалақтардың бәрін өзінің қазанына алу. «Тұздық» бірақ рет алынады.
Бірінші болып қазанына 82 құмалақты жинаған, не қарсыласын «атсырату» (құмалағы таусылған) жағдайына алып келген ойыншы жеңіске жетеді.
Тоғыз құмалақ. Тоғыз құмалақ — адамның ойлау, талдау қабілетін дамытатын, есепке құрылған ойын. Ерте кезде малшылар отауларды

Слайд 27Тоғыз құмалақ.


Тоғыз құмалақ.

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть