Презентация, доклад на тему Балалардың ертегілер арқылы мінез-құлық қатынасын нығайту, әлеуметтік белсенділігін дамыту.

«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі  аралықта әр адам өзінің рухани дамуына  қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» Ы.Алтынсарин Мақсаты: Балалардың бағалы дағдыларын және басқа адамдармен мінез- құлық қатынасын нығайту . Мектепке дейінгі балалардың

Слайд 1Влияние сказки на формирование коммуникативных навыков у детей среднего дошкольного возраста.
Балалардың

ертегілер арқылы мінез-құлық қатынасын нығайту, әлеуметтік белсенділігін дамыту.
Влияние сказки на формирование коммуникативных навыков у детей среднего дошкольного возраста.Балалардың ертегілер арқылы мінез-құлық қатынасын нығайту, әлеуметтік

Слайд 2«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі  аралықта әр адам өзінің

рухани дамуына  қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» Ы.Алтынсарин

Мақсаты: Балалардың бағалы дағдыларын және басқа адамдармен мінез- құлық қатынасын нығайту . Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.
Міндеттері:
тілектестік атмосферасын өзара түсіністік және махаббатты қалыптастыру;
бір-бірін түсінуге және тыңдай білуді;
пантомимиканы, мимиканы, дауысты қарым-қатынасты пайдалану икемділігін үйрету;
түрлі өмірлік жағдайларда балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
сөйлеу этикет формулаларын қолдануға үйрету;
құрдастар арасындағы қарым-қатынасты орнату.

«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі  аралықта әр адам өзінің рухани дамуына  қажетті нәрсенің бәрін

Слайд 3 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жас

шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі. Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан.  Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастыру ды мақсат еткен бұл ғылыми жұмысымның негізгі міндеттері: ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау; ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану; ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою; білім салаларының байланысы негізінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде СТО стратегияларын тиімді қолдану; ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтиже көрсеткіштерін шығару. Алдымен «Ертегі дегеніміз не, оның құрылымы қандай?» - деп, ертегінің пайда болу тарихына талдау жасап көрейік.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,

Слайд 4Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының

дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаһармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф – хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегі – рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі.
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем

Слайд 5Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру бағытында СТО

стратегияларын қолдана жүргізіп отырған жұмыстарға талдау жасасам:
1. Ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау.
2. Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану. 
3. Ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою.
«Бауырсақ» ертегісі мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, тақырыптар қоюда
«Ой шақыру» стратегиясында ертегі мазмұны суреттері бойынша сұрақ
жауап қолдану арқылы ертегінің баяу басталып, оқиға желісі күрделене
түсетінін, яғни ертегіде оқиға желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы,
өзіндік шешімі болатынын түсініп ажырата алады.
4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы пәндік байланысты іске асыру. Барлық білім салаларында ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады, балалардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі.
Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру бағытында СТО стратегияларын қолдана жүргізіп отырған жұмыстарға талдау

Слайд 6СТО стратегияларын қолдану балалардың білім салалары бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы,

түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді: 

- қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады; - пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді; - балалардың шығармашылық қабілеті дамиды. - өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді; - кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттері дамиды.
СТО стратегияларын қолдану балалардың білім салалары бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып,

Слайд 7Ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтижесі. Денсаулық білім саласы

бойынша:  • Сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісін қолданады. • Негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар тапсырмалары орындалады.  • Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуені ұйымдастырылады. Қатынас білім саласы бойынша: • Ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады. • Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі мазмұнын құрастырады. • Кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық меңгереді.

Ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтижесі.  Денсаулық білім саласы бойынша:   • Сабақтың

Слайд 8Таным білім саласы бойынша: • Ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, «үлкен», «кіші»,

немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырады. • Ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды. • Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырады. Шығармашылық білім саласы: • Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетеді. • Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрландырылған көрініс дайындайды. • Музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы қайталатады.
Таным білім саласы бойынша:  • Ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген

Слайд 9Әлеуметтік білім саласы: • Ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді • Ертегі кейіпкерлерінің

жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады. • Айналадағы қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты ажыратады. Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады. Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Әлеуметтік білім саласы:  • Ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді  • Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын

Слайд 15



Спасибо за внимание !
Назарларыңызға рахмет !
Спасибо за внимание !   Назарларыңызға

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть