Слайд 1Карточка№1
Ұшқыштар
Мақсаты: балаларды бір-біріне соғылмай жүгіруге, белгі бойынша қозғалуға үйрету; кеңістікті дұрыс бағдарлауларын
дамыту.
шарты:Балалар 3-4 топқа бөлінеді. Олар бірінің соныңнан бірі қолбасшының артында тұрады. Түрлі-түсті жалаушалармен белгіленген алаңдарда топтар орналасқан. Бұл- әуежай. «Ұшқыштар ұшуға дайындалыңдар» - деген тәрбиешінің белгісімен балалар әртүрлі бағытта жүгіріеді, өз ұшағының қасында тоқтайды, жанармай құйып алады /еңкейеді/, моторды айландырады /қолдарымен кеуденің тұсында айландырады/, қанаттарын жан-жаққа созады, ұшады /әртүрлі бағытта жан-жаққа жүгіреді/. Ұшақтар тәрбиеші «қоныңдар», - деген белгі бергенше ауада ұшып жүреді. Бұдан кейін қолбасшы топтарын жинап әуежайға қонуға әкеледі. Қай топ бірінші келеді, сол жеңеді. Ойын 4-5 рет қайталанады.
Ұсыныс: ойында әртүрлі құралдарды пайдалануға болады. Әуежайды белгілеп қойған жалаушаларды тәрбиеші білдірмей ауыстырып қояды. Қолбасшының топтарын әуежайға дұрыс орналастыруы қажет.
Слайд 2Карточка №2
Түрлі-түсті көліктер
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға
дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын дамыту.
шарты:Балалар бөлменің қабырғасының жаңында тұрады. Олар -гараждағы көліктер. Әр ойнаушы қолдарына жалау немесе картоннан жасалған түрлі-түсті диск ұстап жүреді.Тәрбиеші бөлменің ортасында тұрып, ойынаушыларға қарап тұрады, оның қолында 1 жалауша /2 немесе 3 бірге/, біреуін көтерген кезде сол түсті көліктердің жүрісін, дауысын келтіріп жүреді. Тәрбиеші жалауын түсірген кезде, көліктер тоқтап, бұрылып, гаражға барады. Ойын 4-6 рет қайталанады.
Ұсыныс: тәрбиешіде қызыл түсті жалау болуы мүмкін. Байқаусызда ол жалауды көтереді- белгі бойынша барлық көліктер тоқталуы қажет.
Слайд 3Карточка №3
Торғайлар мен мысық
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс
жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
шарты:Жерді шеңбермен белгілеу керек /5-6м.диаметрмен/. Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді – ол мысық. Қалған балалар шеңбердің сыртында- олар торғайлар. Мысық ұйықтап қалады.Торғайлар шеңбердін ішіне дән жеуге кіреді. Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды. Торғайлар шеңберден шығуға асығады. Шеңбердің ішінен мысыққа ұсталған торғайлар, шеңбердің ортасында қалады. Мысық 2-3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа мысықты таңдайды. Ұсталған торғайлар басқа ойынаушыларға қосылады. . ойын 4-5 рет қайталанады.
Ұсыныс: мысық ақырын барыпторғайларды ұстайды /қатты ұстамай, ақырын ғана қолын тигізеді/.
Слайд 4Карточка №4
Аюдың апанында
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне
сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
шарты:Бір жақта аюдың апаны болады. Екінші жақта балалар тұратын үй болады.Тәрбиеші аюды балалардың ішінен біреуін тағайындайды.Тәрбиеші: «Балалар қыдырып келіңдер»,- дегенде балалар үйлерінен шығып, саңырауқұлақ теріп, көбелек ұстап,орман қыдырады /еңкееді, түзеледі, басқа қозғалыс жасайды/. Олар дауыстап айтады:
-Біз аюдың қасында
Жеміс- жидек тереміз,
Аю ұйықтамайды,
Аю ырылдайды.
«Ырылдайды»,- деген сөзден кейін аю үйлеріне қашып бара жатқан балаларды ұстай бастайды. Аюдың қолы тиген балалар акюдың апанында қалады. Бірнеше рет ұсталғаннан кейін аюдың рөліне басқа бала тағайындалады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Ұсыныс: Ойынның басқа нұсқасы болуы мүмкін- екі аюмен ойнауға болады.
Слайд 5Карточка №5
Өзіңе жұп тап
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша,
мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту.
шарты:Тәрбиеші ойнаушыларға негізгі түстен бір -бір жалаудан таратады. Даңғыраның белгісімен, шапалақпен – жалауын көтеріп алаңда жүгіреді. Келесі белгімен – даңғыраны бірнеше ұрғылаумен, шапалақпен, «Өзіңе жұп тап»- деген сөзбен, түстері бірдей жалаулары бар балалар жұп құрады. Әр жұп өз беттерімен фигура жасайды. Жұпсыз қалғандарға ойнаушылар мынадай сөздер айтады: «Арман, Арман, аузыңды ашпай, тезірек жұбыңды таба ғой». Содан кейін белгі бойынша баолығы алңға жүгіріп келеді: 5-6 рет ойын қайталанады.
Ұсыныс: ойында тақ сан ойынаушылар қатысады, тәрбиеші де қатысады. Тәрбиешіде әртүрлі түсті жалаулар болуы керек: ойын қайталанғанда балалардың жалаулары ауысады. Ойыншықтар белгі бойынша өздеріне жұп таңдайды.
Слайд 6Карточка №6
Аттар
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне
сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту.
шарты:Балалар екі бірдей топқа бөлінеді. Біреулері – аттар болады, басқалары – шабарман болады. /Шабарманның қолында -ауыздық/. Аланның басқа жағында- аттар жайылатын жер, бұнда аттар тұрады, басқа жағында шабармендар. Тәрбиеші: «Шабармандар, тұрыңдар, тезірек аттарды дайындаңдар!»- дегенде шабармандараттан түсіп, аттарды жайылымға жіберіп, өздерінің орындарына барады. «Шабармандар, аттарыңды ұстаңдар»,- дегенде әрқайсысы өздерінің аттарын ұстайды. «Аттарыңды ат қораға апарыңдар»,- дегенде апарады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Ұсыныс: ойында жүгірумен жүгірудің түрлерін кезектестіруге болады.ойнды түрлендіруге болады: ат шабуы, орманға саяхат, т.б..
Слайд 7Карточка №7
« Аңшылар мен қояндар »
Мақсаты: Балаларды қоян
болып секіруге, аңшыдан қорғануға үйрету.
Ойын мазмұны: Алаңның бір жағына аңшы, келесі жақта қояндарға орын белгіленеді. Әрбір үйде 2-3 қоян болады. Белгі бойынша қояндар үйінен шығып, жайылымда қос аяқтап, секіріп жүреді. Тәрбиеші: « Аңшы» дегенде қояндар үйлеріне жүгіреді. Аңшы бала оларға доп лақтырады. Доп тиген қояндар атылған болып саналады. Аңшы оны өзіне алып кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.
Слайд 8Карточка №8
Тығылмақ
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа,ептілікке , бірлікке тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Тәрбиеші санамақ арқылы жүргізуші сайлап
алады. Жүргізуші тәрбиешінің қасында немесе белгіленген жерде көзін жұмып тұрады, ал басқа балалар тығылады. Жүргізуші: « 1-2-3-4, іздеуге шықтым». Тауып алған баланың атын атайды. Осылай 3-4 баланы тапқан соң басқа баланы сайлайды.
Слайд 9Карточка №9
Қояндар мен қасқыр
Мақсаты: Балаларды алғырлыққа, қырағылыққа, татулыққа тәрбиелеу. Ептілік қасиеттерін арттыру.
Денсаулықтарын шынықтыру.
Ойынның шарты: Бір бала қасқыр болады қалған балалар қояндар болады. Қояндар өз үйлерінде тығылып жатады, ал қасқыр өзінің апанында жатады. Тәрбиеші:
- Секеңдеңдер қояндар,
Жүгіріңдер жортыңдар- деген кезде Қояндар үйлерінен шығып секеңдеп ойнайды. Осы кезде қасқыр апанынан шығып қояндарды қуа жөнеледі. Ұстап алған қояндарды апанына апарады. Осылай 3-4 қоянды ұстағаннан кейін ойынды басқа бала жалғастырады.
Ойын 2-3 рет ойналады.
Слайд 10Карточка №10
Қаздар мен түлкі
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, ептілікке және ойынды дұрыс ойнауға үйрету.
Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болуын қадағалау.Балалардың ойынға деген қызығушылықтарн арттыру.
Ойынның шарты: Қаздар алаңның бір жағында жүреді. Ал алаңның екінші жағында балалар орындықта тұрады. Алаңға қарама қарсы жақта түлкінің үйі орналасқан. Қаздар жәйіліп қататтарын қағып жүреді, тәрбиешінің белгісімен түлкі келді деген кезде қаздар ұша жөнеледі, ұйлеріне барып қонады. Түлкі қаздарды қуа жөнеледі, ұстаған қаздарды ініне апарады. Ойын 4-5 рет қайталанады.
Слайд 11Карточка №11
Дөңгелекті лақтыру
Мақсаты: Балаларды белгіленген бағыты көздей білуге,ептілікке,шапшаңдыққа үйрету.
Ойынның шарты: Ойын дөңгелектерді көздеп
лақтырудан түрады,доңгелектің диаметрі 15-20см. Ал таяқшаның ұзындығы 30-40см.
Балалар қатарға түрып 1,5-2метр ара қашықтықта дөңгелектерді таяқшаға дәлдеп лақтырып кіргізу керек.Балалар ойынды бірін кейін бірі жалғастырып ойнай береді.
Слайд 12Карточка №12
Сұр қоян жуынады.
Мақсаты: Қимыл қозғалыс қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.
Ойынның
шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Қоян болған бала ортаға шығады.
Балалар: Қоян, қоян тұршы,
Беті, қолды жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Енді бізді қушы.
Қоян қимылмен көрсете отырып жасап, тұрады. Енді бізді қушы дегенде, балаларды қуа жөнеледі.
Ойын 4-5 рет қайталанады.
Слайд 13Карточка №13
Қойлар мен қойшы.
Мақсаты: Балаларды бірлікке, татулыққа, ептілікке тәрбиееу. Тәрбиешінің берген
белгісіне көңіл аудара білуге үйрету.
Ойынның шарты: Қойшы сайланып алады. Қалған балалар қойлар болады. Қойшының құралдарын береді. Қойлар алыста жайылып жүреді, қойшы алыстан бақылап тұрады.
Тәрбиеші: Қойшы шықты ертемен,
Қойларын бағып далаға.
Қойлар маңырайды,
Сонан соң жамырайды, - деген кезде қойлар жан-жаққа жамырайды. Ал қойшы оларды жинақтап қораға әкеліп қамайды. Басқа қойшыны сайлайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Слайд 14Карточка №14
Ұшатын құстар
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарын салыстыра білуге үйрету, және қырағылыққа тәрбиелеу,
құстар сияқты ұша білу қабілеттерін бақылау, тәрбиешінің берген белгісін тиянақты тыңдай білуге үйрету.
Ойынның шарты: Алаңның бір жағында құстар ұшып жүреді. Тәрбиеші құстар ұшты дегенде, қанаттарын желпіп алаңда құстар ұшады. Тәрбиеші дауыл соқты дегенде құстар ұшып барып қабырғадағы сатыларға шығып алады, ал тәрбиеші дауыл басылды дегенде сатыдан түседі де ұшуларын жалғастырады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Слайд 15Карточка №15
Мысықтар мен балалар
Мақсаты: Берілген белгіні дұрыс тыңдай білуге, ойын ойнағанда қауіпсіздік
ережелерін сақтай білуге, топпен ойнауды ойнай білуге үйрету. Ептілікке,алғырлыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалардың жартысы мысықтар болады, ал жартысы олардың иесі болады. Мысықтар баспалдақта отырады, олардың иелері жүрелерінен алаңның екінші жағында отырады.
Тәрбиеші сүт кімге керек деп сүт құйғандай болады.Балалар «кис-кис», деп шақырады.Мысықтар жақындаған да балалар алаңның екінші жағына қашып шығады.
Ойын 2-3 рет қайталанады.
Слайд 16Карточка №16
Лақтырда қағып ал.
Мақсаты: Балаларды ептіліке ,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай
білуге үйрету.
Ойынның шарты: Балалар алаңда еркін орналасады әр біреуінің қолында бір-бір доптан болады.Тәрбиешінің «баста»,деген белгісі бойынша балалар допты жоғарыға лақтырып қағып алады.Әр бала неше рет лақтырып қағып ала алады,соны санайды.
Слайд 17Карточка №17
Кеглиді көзде
Мақсаты: Балаларды мергендікке,ептілікке,белгілі бір бағытты көздей білуге үйрету.
Ойынның шарты: Балалар екі
қатарға бөлініп тұрады,тізілген кеглиларды қолдарындағы доппен көздеп құлату керек.Әр бір бала өзінің неше кегли құлатқанын есінде сақтап отырады.Допты оң қолымен , сол қолымен де домалатуға болады.
Слайд 18Карточка №18
Допты тордан лақтыр
Мақсаты: Допты лақтыра білуге үйрету, топпен жарыса білуді ептілікке,шапшаңдыққа
үйрету.
Ойынның шарты: Құрылған тордың екі жағынан бөлініп тұрады. Арақашықтығы 1-1,5 метр болуы керек. Балалар тор арқылы бір-біріне допты лақтырады.Допты жерге түсірмей қағып алып отыру керек.Тәрбиеші жерге түскен допты санап отырады.Қай топта доп көп жерге түсе сол топ жеңіледі.
Слайд 19Карточка №19
Қайда жасырылғанын тап
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, байқампаздыққа үйрету,бірлікке,татулыққа тәрбиелеу
Ойының шарты: Балалар бөлменің бұрышында
тұрады.
Тәрбиеші жалаушаны тығатынын айтады. Балалар теріс қарап көзін жұмады,тәрбиеші жалаушаны тығып қояды да «болды» ,деген де балалар жалаушаны іздейді.Тапқан бала жалаушаны тығады.Ойын 2-3 рет қайталанады.
Слайд 20Карточка №20
Ұстап ал!
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға
дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
Ойының шарты: Балалар алаңда тұрады. Тағайындап алынған ұстағыш-бала ортада тұрады. «1-2-3, ұстап ал!»- деген белгі бойынша, балалар ұстағыштан қаша жөнеледі, ұстағыш болса біреуін ұстап, қолын тигізеді. Кімді ұстайды, сол аланның шетіне барады.
Ұсыныс: ойынның басқа түрлерін пайдалануға болады: «Қуып жет те, ұстап ал», «Ұстап ал, шеңберде» т.б.
Слайд 21Карточка №21
Кім кетті
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін артырып,байқампаздыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар шеңберге немесе
жарты шеңберге тұрады.Тәрбиеші балаларға қасындағы баланы дұрыс есте сақтау керектігін түсіндіреді,содан кейін сол баланың көзін байлап қояды. Балалардың біреуі тығылып қалады.Тәрбиеші баладан кім жоқ екенін сұрайды. Егер бала тапса,сол баланың көзін жұмады.
Ойын 3-4 рет қайталанады.
Слайд 22Карточка №22
«Күн мен түн»
Мақсаты: Балалардың зейінін қалыптастыру. Ойлау
қабілетін арттыру. Қимылды ойындар арқылы дене бітімін шынықтыру. Денсаулығын нығайту.
Керекті құрал-жабдықтар: Күн мен түннің бетперделері
Ойынның шарты: Балаларды шеңберге тұрғызып күннің бетпердесін бір балаға кигізеді, күннің бетпердесін киген бала күндіз не істейтінін айтып қимылымен көрсетеді. Күн жарқырап шықты. Күн шыққанда киінеміз, балабақшаға келеміз, ойнаймыз, ән айтамыз, билейміз.
Слайд 23Карточка №23
«Қасқырлар мен лақтар»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Аралары
10 - 15 адым қашықтықта «қора» мен «өріс» сызылады.
Ойнаушылар үйлерінде тұрып:
Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке лақ
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп — деген сөздерден
Кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2 - 3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан сайланады. Осылайша ойын жалғасады.
Слайд 24Карточка №24
« Ұшты-ұшты »
Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.
Ойынның мазмұны: Ойынды
үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт.Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де , ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.
Слайд 25Карточка №25
« Ақ қоян »
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап
тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.
Ақ қоян-ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй-әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші-
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.
Слайд 26Карточка №26
« Қаздар »
Мақсаты: Балалардың музыкалық есту қабілетін дамыту және қаздардың
тіршілігімен таныстыру.
Керекті құралдар: ( сырнай немесе сылдырмақ).
Ойын мазмұны: Қысқаша әңгіме, қаз өте сақ құс, ол балапан шығарған кезде, ата қаз балапандардың соңында жүреді. Егер қауіп төнсе, ана қаз екеуі екеулеп балапандарын қорғайды. Қаздар көк шалғында шөп жейді. Барлық балаларға сырнай үлестіріліп, ішінен ата қаз белгіленеді. Балалар шалғында жайылып жүрген қаздарды бейнелеп, баяу сырнай тартады. Тәрбиеші белгісімен қауіп төнгенде, ата қаз
сырнайды қатты 2-3 рет тартып белгі береді. Осы кезде балалар қанат қағып жүгіріп барып, ана қаздың жанына жиналады. Ойын қайталанып, ата қаз сайланады.
Слайд 27Карточка №27
« Күн мен түн »
Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.
Ойын
мазмұны: Балалар бірі « Күн» , екіншісі « Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма-кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.
Слайд 28Карточка №28
« Түлкі мен қаздар»
Мақсаты: Түлкі мен қаздың қимылын жасауға, жылдамдыққа баулу.
Ойын
мазмұны: Балалар залдың бір шетінде тұрады. Олар қаз болып ойнайды. Бір бала түлкі болады. Ол залдың екінші шетінде тұрады. « Түлкінің » қимылын жасап әнді « Түлкі» бастайды. Қаздың қимылын жасап, « Қаздар» оған жауап береді.
Ән біткенде « Қаздар» қашады, « Түлкі» қуады.
Слайд 29Карточка №29
« Аққу-қаздар »
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Алаңның бір шетіне
қаздар тұратын үй белгіленеді, қарсы шетіне бақташы тұрады. Үйдің бір жақ бүйірінде қасқыр тұратын үңгір болады. Алаңның қалған жері жайылым болады. Бақташы қаздарды жайылымға қуып шығады, олар жайылып жүреді. Қаздар қанаттарын жайып, жайылым арқылы үйлеріне ұшады, ал қасқыр үңгіршек жүгіріп шығып, оларды ұстауға тырысады. Ұсталған қаздар қасқырдың үңгіріне қарай жүреді. Бірнеше рет жүгірістен кейін қасқырдың ұстаған қаздардын санайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Слайд 30Карточка №30
« Қарағайлы ормандағы аю »
Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Алаңның бір
жағына аюдың іңі сызылады. Екінші жағына үй белгіленеді, онда балалар тұрады. Тәрбиеші інде отырған аюды таңдап алады. Тәрбиеші « балалар», серуендеуге барыңдар! –дегенде балалар үйден шығып орманға барады. Олар хормен мына өлеңді айтады.
Аю жүрген орманнан
Жидек тере мен барғам
Аю отыр гүрілдеп,
Жарамайды мұның,-деп
« Гүрілдеп» дегенде аю балаларды қуады. Аю кімге жетсе, сол ұсталған болады. Үйдің сыртынан асып кеткен балаларды ұстауға болмайды.
Слайд 31Карточка №31
« Аюлар мен аралар »
Ойын мазмұны: Омарта алаңның бір жағында болады.
Бір шетте аюдың, араның үңгірі. Ойыншылар тең емес екі топқа бөлінеді. Көпшілігі бал аралары. Белгі бойынша аралар омартадан ұшып шығып бал іздеп, шалғынға қарай ұшады. Олар ұшып кетісімен аюлар омартаға жармасып бал жейді. Тәрбиеші: « Аюлар!»-дегенде аралар омартаға қарай ұшады, ал аюлар үңгіріне қашады. Үлгере алмаған аюды аралар шағып алады. Ара шаққан аюлар келесі ойынға қатыспайды.
Слайд 32Карточка №32
« Бақалар »
Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек
форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықта отырған балалармен бірге тәрбиеші мынандай өлең айтады.
Бақалар басы қалтаңдап,
Шоршиды жолда талтаңдап.
Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ
Жүгіреді талтақтап.
Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады ( бақаларды шошытады), бақалар шалшық суға-қызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді.
Ойын аяқталған кезде, балалар рөльдерімен алмасады.
Слайд 33Карточка №33
« Құстар мен мысық »
Жерге шеңбер сызылады.
Ортаға тәрбиеші таңдаған бала болып тұрады. Қалған балалардың бәрі шеңберді айнала тұрады, бұлар құстар. Құстар шеңберді айнала жүріп дәндерді шоқиды. Мысық оянып кетіп, құстарды көреді де, оларды ұстай бастайды. Құстар шеңберден ұшып кетуге асығады. Мысық шеңбердегі қай құсқа тиіп кетсе, ол ұстаған болып есептеледі де ортаға келеді. Мысық 2-3 құсты ұстаған кезде тәрбиеші жаңа мысықты таңдап алады. Ұстап алған құстар барлық ойыншыларға келіп қосылады. Ойын 2-3 рет қайталанады
Слайд 34Карточка №34
« Қара құлақ »
Ойынға 5-10 бала қатысады.
Оңаша жерге топтасады. Өз араларынан бір баланы қазық етіп арнайы белгілейді. Қазық тұрған жерінен қозғалмай қала береді. Басқалары әрі таман кетіп қалады. Содан кейін ойынға қатынасушылар қазық ойыншыны қоршап, бірте-бірте жақындай түседі.
Таяп кеп:
Мына жатқан кім
-деп шошынғандай бірінен-бірі сұрасады. Біреуі:
Ойбау-ау, бұл қара құлақ қой?-деп тұра қашады. Басқа ойыншыларда.
Қара құлақ! Қара құлақ!-деп, жан-жаққа қаша жөнеледі. Қара құлақ біреуін ұстап қалуы үшін тұра қуады. Қолға түскен бала « Қара құлақ» болады. Ойын қайта басталады да, сол ретпен жалғаса береді
Слайд 35Карточка №35
« Ақ серек, көк серек »
Ойын ашық
алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метрдей жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып тізіліп тұрады.
Жеребе бойынша ойынды бастаған топтың балалары әндете өлең айтады:
Ақ серек те көк серек,Бізден сізге кім керек?
Екінші топтағылар бір ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады.
Енді кезек бойынша ойынды екінші топ әлгі әдіспен бастайды. Осылайша ойын кезекпен жалғаса береді. Қай топ өз ойыншыларынан көп айырылып қалса, жеңілген боп есептеледі.
Слайд 36Карточка №36
« Тауық қорадағы түлкі»
Алаңның бір жағынан тауық
қораның орны сызылады. Тауықтар қорадағы орындарда тауықтар отырады. Алаңның қарама-қарсы жағында түлкінің іні болады. Қалған жердің бәрі-қора. Ойнаушылардың біреуі түлкі белгіленеді, ал қалғандары-тауықтар. Тәрбиешінің белгісі бойынша тауықтар бағанадан секіріп-секіріп түседі де қорада жүгіріп ойнап жүреді де дән шоқиды, қанаттарын қағады. Тәрбиешінің: « Түлкі» деген белгісі бойынша тауықтар тауық қораға қашып барып, ағаштарға отырады, ал түлкі қаша алмаған тауықты ұстап, ініне алып кетеді. Қалған тауықтар отырған ағаштардан қайтадан ұшып түседі, ойын жаңадан басталады. Түлкі екі-үш тауық ұстағаннан кейін, ойын аяқталады. Ойынды басқа түлкімен қайталауға болады.
Слайд 37Карточка №37
« Жалаушаны тап ( қайда тығылғанын тап )№39
Балалар бөлменің қабырғасынан жағалай ұзына-бойына немесе алаңның бір жағына отырады. Тәрбиеші балаларға жалаушаны көрсетеді де, оны жасыратынын айтады. Тәрбиеші балаларға орындарынан тұрып, теріс қарауды ұсынады да жалаушаны жасырып: « Ал іздеңдер,»-дейді. Балалар тығылған жалаушаны іздей бастайды. Жалаушаны кім бірінші болып тапса, ол ойын қайталанған кезде жалаушаны жасыру құқығына ие болады. Жалаушаны балалар бірден таба алмайтындай етіп жасыру керек. Бірақ, егер балалар жалаушаны ұзақ уақыт таба алмаса, онда тәрбиеші жалауша тығылған жерге келіп, сол маңнан іздеуді ұсынады. Жалаушаны бала жасыратын кезде, оған дұрыс орын табуға көмектесу керек.
Жалаушаны басқа нәрсемен ауыстыруға болады.
Слайд 38Карточка №38
« Жасырынбақ »
Ойынға жиналған балалардың барлығы шеңбер
құрып, ойын бастаушының айналасына тұра қалып, тақпақтап санамақ айта бастайды. Санамақтың бірнеше түрі бар. Немесе, ойын бастаушы алақанын төмен қарата бір қолын жоғары көтереді, ал барлық балалар бір-бір саусағын соның астына тигізіп ұстап тұрады. Ойын бастаушының « бір, екі, үш»
белгісімен балалар бір-бір саусақтарын тез тартып алады. Саусағы ұсталған бала көзін жұмып, басқалары тығылады. Көзін жұмған бала 40 не 50 -ге дейін санап, тығылған балаларды іздейді. Тапқан сайын өзі тұрған жерді алақанымен соғып отырады. Балалардың алдын-ала келісуімен, ең бірінші немесе ең соңында қалған бала көзін жұмып, ойын қайта басталады
Слайд 39Карточка №39
« Кегли »
Ойында түрлі-түсті кеглилер қолданылады. Оларды бір-бірінен
10-15 см қашықтықта орналастырады. Балалар 1-1,5 м жерден бір-бір доптан домалатады.
Тәрбиеші балалардың қайсысының кеглиге тигізгенін белгілеп тұрады: жеңілгеніне онша назар аудармай, тигізе алмағандарға көмектеседі.
Слайд 40Карточка №40
Ұялардағы балапан құстар »
Алаңның немесе бөлменің әр
шетінде 3-4 ұя жасалады. Құстар ұяларға орналасады. Тәрбиеші белгісі бойынша олар ұяларынан ұшып шығады да ( кедергілерден аттап өтеді) алаңда ұшып жүреді. Тәрбиеші алаңның біресе ана жағында, біресе мына жағында құстар жем беріп тұрады: балалар жүресінен отырып, саусақтарының ұшымен тізесіін соғады ( дән шоқып жеген болады ). Бұдан кейін олар тағы аздап жүгіріп, ойнап жүреді, одан соң тәрбиеші: « Балапан құстар, ұяларыңа барыңдар»,-дейді. Балалар, жүгіріп тағы да кедергілерден өтіп өздерінің ұяларына отырады.
Ойын 4-5 рет қайталанады. Қайталанған кезде жаңа қимылдар қосуға болады. Мысалы, шеңберден шығарда алдымен екі аяғымен секіріп өтіп, одан кейін ұшуды ұсынуға болады
Слайд 41Балабақшадағы 1 кіші “Айшуақ” тобына арналған қимылды ойындар картотекасы
ҚМҚК “Балерке” балабақшасы
Тәрбиешілер:
Нурмухамбетова О.Н
Мухамадиева Ш.У