Слайд 4Балаңды жастан бақпасан,
Жамандықтан қақпасан.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, –
дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.
Слайд 6Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын
дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы ба
Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?
Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында Қартайғанда асырасын десең, о да - бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші - балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші - малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екі талай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір - қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?
Слайд 7Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
– иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;
– жоқ
десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
–
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадын тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана бірдей ықпал жасай-ма?
– егер жанұя десеңіздер жымиыңыз.
– Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
– егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.
– Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,
– Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.
Слайд 9Ата-анаға көз қуаныш,
Алдыңа алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой – өлкесі,
–
деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейк: