Апельсин – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгі жасыл жеміс ағашы. Отаны – Оңтүстік Қытай және Үндістан. Жабайы күйде кездеспейді. Бүгінгі біз білетін апельсин мандарин мен помеланың гибриді. Еуропаға апельсинді саяхатшылар ХV ғасырда әкелген. Қазіргі кезде апельсин тропикалық және субтропикалық аймақтардың көбісінде өсіріледі. Биіктігі 10-12 м, жапырағы қалың, сопақша, ұшы сүйірлеу болып келеді. Гүлінің түсі ақ, жұпар иісті. Жемісінің түсі сұрпына қарай ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін болады, пішіні домалақ. Жемісінің орташа салмағы 100-400 г.
Лимон – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік. Отаны – Үндістан, Қытай және Тынық мұхитының тропикалық аралдары. Қазіргі кезде тропикалық]аймақтарда ғана емес, сонымен қатар мәдени түрлері субтропикалық Кавказ, Орта Азия, Калифорния, Флорида, Жерорта теңізі аймақтарында да өсіріледі. Лимон ағашының биіктігі 5-8 метр. Бұтақтарының инелері болады. Жапырағы жұмыртқа пішінді, ұшы сүйірленген. Жапырағындағы эфир майы әсерінен өсімдік жағымды иіс бөліп тұрады. Гүлі ақ түсті, хош иісті. Лимон ағашының жемісі жұмыртқа пішінді, кейбір сұрыптарында домалақ түрлері кездеседі. Жемісінің ұзындығы 7-12 см, диаметрі 8-10см, салмағы 120 г. шамасында.
Жеміс-жидек пайдасы
ә) Бақшадан Әсет 9кг-нан 8 шелек алма жинады .Ол 50кг алманы сатты.Әсетте неше кг алма қалды?
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть