Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
«Сыйласаң – сыйлы боларсың»
Слайд 2Мақсаты:
«Сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
Дос, туыс,
жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;
Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру;
Достық, туыстық, сыйластық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Слайд 3
I.Ұйымдастыру
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша
жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Слайд 5Үй тапсырмасы:
«Шалқан ертегісі» сахналық көрініс
Слайд 6Мұғалім сыйы: Сыйласаң - сыйлы боласың
Әсем – үздік оқушы. Тәртібі де
жақсы. Өлең – жырды көп оқиды. Сондықтан да оған демалыс орнына жолдама берді. Анасы Әсемнің киім – кешегін дайындап, әрі қуанып, әрі «бұрын алыс жолға шықпаған еді» деп уайымдап жүр. Алыс жолға жүрейін деп отырсың, ауылдағы үлкендерге сәлем беріп, амандасып қайт, - деді апасы Әсемге.
Әсем дос қызымен Бәтен, Патша апаларға, Бақтыкерей, Сәбит аталарға барып сәлемдесті. Ертең Бурабайға, барғалы жатыр едім. Сіздермен қоштасуға келдім,- деді сәл ұяла сөйлеп.
Сапарың оң болсын!
Аман жүр, қарағым!
Өркенің өссін! – деп, үлкендер риза болып, бата – алғыстарын айтып, үйлерінен дәм татқызды.
Бұл - үлкенді сыйлай білудің белгісі. Сыйласаң – сыйлы боласың.
«Сыйласаң – сыйлы боласың»дегенді қалай түсінесіңдер?
Слайд 7Дәйексөз:
«Өзіңді сыйласаң – сыйымды боларсың»
Халық даналығы
- Әсемнің үлкендерді сыйлап,
әдейі амандасуға келгенін түсінген олар да Әсемге сый көрсетті. «Сыйласаң - сыйлы боласың» деген осы. Өзін сыйлай білетін адам өзге адамдарды ренжітпейді, олардың көңілдеріне қарайды, сыйлайды, оларды түсінуге тырысады. Себебі өзін олардың орнына қойып көреді. Ондай адамдар барлық адамдармен тіл табыса алады. Сондықтан да халықта «Өзіңді сыйласаң – сыйымды боларсың» деген сөз тараған.
Слайд 8Ойын сыйласа білесің бе?
Шарты:
Ойын «Сыйласа білесің бе?»
Шарты: сыйластықты білдіретін және
сыйластықты білдірмейтін сөз тіркестерін араластырып, оқушыларға айтамын. Егер оқушылар ойын барысында «дұрыс» деп тапса, қолдарын шапалақтайды, ал егер «дұрыс» таппаса алақандарын екі жаққа жаяды.
Сөз тіркестері:
Үлкен кісіге бірінші болып сәлем беру;
Кішілерді жәбірлеу;
Үлкен кісінің айтқанын тыңдау;
Үлкендердің сөзін бөлу.
Слайд 9Мәтінмен жұмыс: Үш ұл (түркімен ертегісі)
Екі ана құдықтан су тартып тұр
екен. Бұлардың қасына тағы бір ана келіпті. Құдықтың тұсынан өтіп бара жатқан бір қарт кісі дем алу үшін, жақын кеп отырыпты.
Аналардың біреуі:
- Менің ұлым батыр да, күшті. Күресе қалса, ешбір бала оған шақ келмейді, - депті.
Екінші ана:
- Менің ұлым ән салғанда – бұлбұлдай сайрайды. Ешбір баланың дайысы оған жетпейді, - депті.
Ал үшінші ана үндемей тұра беріпті.
- Сен өз ұлың туралы неге бірдеңе айтпайсың? – деп сұрапты екі ана.
- Не айтайын, баламның ешқандай ерекшелігі жоқ, - деп жауап беріпті үшінші ана.
Аналар шелектерін суға толтырып, үйлеріне қарай беттепті. Әлгі қарт та бұлардың соңынан жүріп отырыпты.
Жолда аналар шаршаған соң, шелектерін жерге қойып, біраз әңгіме айтыпты. Осы кезде бұлардың алдынан жарыса жүгірген
Слайд 10үш бала шыға келіпті.
Балалардың біреуі жолдағы тастарды аяғымен зулата ұшырып
келе жатады. Мұны көрген анасы қатты қуанып, көңілі көтеріліпті.
Екіншісі өлең айтып, ысқырып келе жатады. Оның анасы да баласының мұнысына шаттанып көңілі өсіпті.
Үшінші бала болса жүгіріп анасының қасына барыпты да:
- Апа, әкел, мен көмектесейін, - деп шешесінің қолындағы су толы шелекті алып, жүре беріпті.
Аналар қартқа бұрылып:
- Қалай, біздің балаларымыз сізге ұнады ма, қария? – деп сұрапты.
- Қайдағы балалар? Мен тек бір – ақ баланы көріп тұрмын, - депті қария.
Қарияның жауабын қалай түсінуге болады?
Слайд 11Ойын: Күн шуағы
Балаларға «Өз үйлеріңдегі жақын, туыс адамдар бір – бірін
қалай сыйлайды? деген сұрақ қойылады. Балалар берген жауаптарына сәйкес тақтада ілулі тұрған сары түсті дөңгелекті айналдыра күн шуағын іледі.
Слайд 12Топпен ән айту: «Әрқашан күн сөнбесін»
Слайд 13Үйге тапсырма: Дәптермен жұмыс.
Тапсырма: Ребустың шешуін тауып бос төркөздерге жазыңдар.
Достық
- тан
басталады.
Слайд 14Тыныштық сәті
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық
бүкіл әлемде.