Слайд 2Сұрақтар қою арқылы үй жұмысын сұрап, өткен тақырыпты еске түсіру
Қандай жануарларды
желілілер деп атайды?
2. Желілілердің қандай тип тармағы бар?
3. Қандауыршаның орталық жүйке жүйесінің қызметін не атқарады?
4. Қандауыршаның ас қорыту ерекшелігі?
5. Қабықтылар тип тармағы?
6. Ішектыныстылар тип тармағы туралы?
Слайд 3▪ Желілі жануарлардың өздеріңе таныс омыртқасыз жануарлармен ұқсас және айырмашылық белгілерінің
санын тұсына жазып көрсетіңіздер.
Денесінің соңғы қуысы болады.
Желісі бар.
Қанайналым жүйесі – тұйық.
Көптеген желбезек саңылаулары бар.
Денесі үш қабаттан тұрады.
Денесі екіжақты симметриялы.
Жүйке түтігі бар.
Слайд 430.01.16
Жаңа сабақ тақырыбы:
§52. Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар
класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы
№6 зертханалық жұмыс.
Тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысын зерттеу. Қабыршақтары бойынша балықтың жасын анықтау. Балықтың қаңқасын зерттеу. Балықтардың ішкі құрылысын зерттеу
Слайд 5Танау тесігі
Балықтар (лат. Pisces) — негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу
жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді.
Балықтар — хордалылар типінің жақсүйектілер тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22 000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді.
Слайд 6Балықтар
Шеміршекті балықтар класы
Сүйекті балықтар класы
Слайд 8Сүйекті балықтар (лат. Osteichthyes) — омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың
ең түрге бай тобы. Дене ұзындығы 0,7-1,1 см, ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті, (цикпоидтық, немесе ктеноидтық). Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар.
Слайд 9 Сүйекті балықтардың ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып,
жұтқыншаққа жалғасады, ол өңешке ашылады. Өңеш қарынға – қарын аш ішекке, ол тоқ ішекке ашылады. Тоқ ішек аналь тесігімен сыртқа ашылады. Бауыр мен ұйқы бездің өт және сөл жүретін жолы аш ішекке ашылып, қорек қорытылады.
Слайд 10Сүйекті балықтардың денесінде бір шеңберлі тұйық қанайналым жүйесі бар. Жүректері екі
камералы құлақшадан және қарыншадан. Қарынша қабырғасы қалың, құлақшаныкі – жұқа. Жүрекке көмір қышқыл газына қаныққан қан әкелетін тамыр- көк тамыр, ал жүректен оттегіне қанныққан шығаратын тамыр сала тамыр. Жүректің құлақшасы жиырылған кезде көк тамыр қаны қарыншаға өтіп, ал қарынша жиылған кезде құрсақ қолқасына өтеді.
Слайд 11Сүйекті балықтардың
2 класс тармағы бар
Сәулеқанатты
балықтар
Қалаққанатты
балықтар
Қостынысты
балықтар
Саусаққанатты
балықтар
Слайд 121) Сәулеқанатты балықтар
Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың
90%-дай астамы осы топқа жатады. Дүние жүзінің түрлі су айдындарында кеңінен таралған және олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті қабыршақтары денесіне жапсарласа орналасқан. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы тең, торсылдақ бар, қаңқасы негізінен сүйектен тұрады. Сәулеқанатты балықтардың кәсіптік мәні бар басты отрядтарына ғана тоқталамыз.
Слайд 13Сәуле қанатты
балықтардың
отрядтары
Майшабақтәріздестер
Албырттәріздестер
Сетінектер
Көзауықтар
Тұқытәріздестер
Слайд 14Майшабақтәрізділер отряды
Түлкібалық
Еділ майшабағы
қылқа
(килька)
Теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Майшабақтардың солтүстік
Мұзды мұхит
теңіздерінде көп тараған түрі мұхит майшабағы.
Жайық өзенінде кездесетіні еділ майшабағы. Қазақстанның
Қызыл кітабына 1996 жылы тіркелген.
Слайд 15 Албырттәріздестер отряды. Дене тұрқы орташа, ірі балықтар (жеңсік
албырт 146- сурет). Олар құйрық бөлімше жақын орналасқан майлы жүзбеқанаты арқылы басқа балықтардан бірден ажыратады. Бұлардың көпшілік түрлері өрістегіш балықтар. Албырттар Қиыр Шығыс теңіздерін де көптеп кездеседі. Уылдырық шашу үшін Амур өзеніне көтеріл еді. Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып, өледі. Оған кета, нерпа, құнысбалық, т. б. балықтар жатады. Албырт балықтарынан қызыл уылдырық алынады. Бұған таулы алқаптың өзен-көлдерінде кездесетін, бахтах (форель) балығы да жатады. Еті өте дәмді болғандықтан, оны кейде "патша балығы’’ деп атайды. Каспий және аралалбырттары деген түрлерінің саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Слайд 16Албырттәрізділер отряды
Семга
Кета Сиг Форель
Хариус
Корюшка
Горбуша
Слайд 17ФОРЕЛЬ
(Форель - Salmo fario)
Ұзындығы – 1м дейін, жиі - 20-30 см,
Салмағы – 20кг, жиі - 1,2кг
Форельдің түсі судың және су астының түсіне,
қоректенуі мен жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады.
Форель өте сүйкімді балық болып табылады
20 түрі кездеседі
Өкінішке орай форель жиі кемтар болады
(екі басты, альбиносты, гермафродитті)
Слайд 18Сетінектер отряды
Налим
Сетінек
Балықтың кептірілген еті сыртылдап, ыдырайтын болғандықтан
сетінек деп атаған. Еті, бауыр майы қымбат бағаланады.
Бауырынан балық майы алынады. Құрамында Д витамні мол.
Мешел ауруына қарсы ем ретінде қолданылады.
Слайд 19Көзауықтар отряды
Тілбейне
Қалқан
Камбала
Тұлғасы жалпақ, теңіздің түбінде тіршілік етеді. Оларды темір аулар
салып аулайды. Соңғы жылдары Арал балықшылары тілбейнені
аулап, табыс көзіне айналдыруда.
Слайд 20Тұқытәріздестер отряды
Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін аққайран,мөңке,қаракөз,табан,ақмарқа,қаяз балықтары жатады.
Тұқы,мөңке балықтарын
қолдан жасаған тоған суларда өсіру тиімді әрі пайдалы. Қазақстанның су айдындарында 180-ге жуық түрлері кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.(1996)
Слайд 21Алтын мөңке
Алтын мөңке мен күміс мөңкенің сыртқы пішіндері ұқсас
Кейде бір
су қоймасында тіршілік етіп, гибридтері пайда болады
Мөңке
(Карась-Carassius)
Мөңке
өте өміршең балық болып келеді
Слайд 222) Қалаққанатты балықтар
Бұған қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады.
Қостынысты балықтар. Олар желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады. Құрғақшылық мезгілде суы тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Дене пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30 сантиметрден 2 метрге дейін жетелі. Жұп жүзбеқанаттары нашар дамыған. Олар Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі.
Слайд 23Қостынысты балықтар.
Желбезекпен әрі өкпемен тыныс алады. Бұл балықтардың торсылдағы өкпеге айналған.
Дене пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30см-ден 2 м жетеді.Олар Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі.
Слайд 24Саусаққанатты балықтар
Латимерия
Бұл балықтар ерте заманда кеңінен таралып, кейін
жойылып кеткен. Қазіргі кезде оның бір ғана - латимерия деген түрі сақталған. Ғалымдардың пікірі бойынша, қүрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердің арғы тегі, осы саусаққанатты балықтар. 1938 жылы Үнді мұхитының Африка жағалауынан латимерия алғаш рет ауға түсті. Саны аз болғандықтан, ауға өте сирек түседі. Латимерия - аузында өткір тістері бар жыртқыш балық. Денесінде желі өмір бойы сақталады. Үлкен өкпесі күрделі өзгеріске ұшырап, майлы мүшеге айналған. Ішкі танау тесігі болмағандықтан, атмосфералық ауамен тыныс ала алмайды. Жұп жүзбеқанаттары еті мол жалпақ қалаққа айналған. Жүзбеқанаттарының қаңқасы бес саусақты аяқтарға ұқсас.
Слайд 27Сұрақтарға тез жауап алу.
I-топ. Омыртқалылар тип тармағы
II-топ. Сүйекті балықтар туралы жалпы
сипаттама
III-топ. Сәулеқанатты балықтар класс тармағы
IV-топ. Қалаққанатты балықтар класс тармағы
Слайд 291.Сүйекті балықтардың қазіргі кезде қанша түрі бар? (20 000-нан астам)
2. Сүйекті балықтардың
желбезектерінің қандай ерекшеліктері бар? (Желбезектің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады)
3.”Шоғал” деген не? (Аталық безден бөлінген сұйықтық)
4.Қандай балықтар өрістегіш балықтар деп аталады? (Олар уылдырық шашу үшін өзен бойларымен көтеріліп өрістейді)
5.Сүйекті балықтардың миының құрылысы қандай? (Алдыңғы миы – шағын, екі ми сыңарна бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу)
6.Торсылдақ қандай қызмет атқарады?(Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды)
Слайд 30Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра.
Хабхат.........................
Батан...........................
Кеңөм..........................
Азанс...........................
Іебрек..........................
Нартош........................
Слайд 31Дұрыс жауаптары:
Хабхат.........................( Бахтах)
Батан...........................(Табан)
Кеңөм..........................(Мөңке)
Азанс...........................(Сазан)
Іебрек..........................(Бекіре)
Нартош........................(Шортан)
Слайд 32Нені үйрендің?
Не қиын болды?
Енді нені үйренгің келеді?
Слайд 33
Еуразия мен Солтүстік Америкада тіршілік етеді
Біздің елде мекендейтін түрлері:
Каспий теңізінде
– Орыс, Парсы бекірелері, шоқыр (севрюга), пілмай (шип), қортпа (белуга)
Арал теңізінде – пілмай (шип)
Сырдарияда – Сырдария тасбекіресі (лопатонос)
Ертісте – сібір бекіресі
Жайықта – Парсы бекіресі мен сүйрік (стерлядь)
Ұзындығы – 3м.
Салмағы – 200кг.
Бекіре балық түрлерінің басымы көктемде
теңізден өзендерге уылдырық шашуға шығады
Бекіре
(Осётр – Acipenser)
16 ірі балықтар түрі кіреді
Бекіренің кей түрлері
қыста өзендерді мекендейді
Слайд 34Алабұға
(Окунь – Perca)
Алабұғаларда жыныстық белгілерінде
аса айырмашылық жоқ
Түстері судың және
су астының түсіне байланысты өзгеріп отырады. Жынысты жетілген алабұғалар ашық түстерімен ерекшелінеді
Слайд 35Түрлеріне байланысты
ұзындығы – 20см - 1м
15 жылға дейін тіршілік етеді.
90
түрі кездеседі
Теңіз алабұғалары
тірідей туатын балық түрлеріне жатады
Теңіз алабұғасы
өзен алабұғасымен ұқсас болғанымен
дене пішінімен өзгеше болып келеді
Теңіз алабұғаларының жас ұрпақтарына жолақтылық тән, бірақ
даму кезінде жолақтары өзгеріп, кей түрлерінде мүлдем жоғалады
Теңіз алабұғасы
(Морской окунь – Sebastes)
Слайд 36Тест
1.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар?
40 000
20 000
30 000
2.Сүйекті балықтардың ерекше
мүшесі?
Торсылдақ
Желбезек
Бүйрек
3. Аталық безден бөлінген сұйықтық не деп аталады?
Шоғал
Уылдырық
Сперматозоидтар
Сүйекті балықтардың қандай класс тармақтары бар?
1. Жұп балықтр
2. Акулалар
3. Сәуле қанатты, қалаққанатты балықтар
Слайд 375. Балықтың жүрегі неше камералы?
1. Төрт камералы
2. Екі камералы
3. Үш камералы
6.
Балық патшасы...
1. Шортан
2. Бекіре
3. Сазан
Слайд 40№6 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Тірі балықтарды бақылау.Олардың сыртқы құрылысын зерттеу.Қабыршақтарындағы сызықтарына байланысты
балықтың жасын анықтау.Балықтардың ішкі құрылысы мен қаңқасын зерттеу»
Мақсаты: тіршілік ортасының суға бейімделуіне байланысты балықтың сыртқы және ішкі құрылысындағы ерекшеліктерді анықтау.
Құрал-жабдықтар: ұлғайтқыш әйнек,тірі балық, балықтың ылғалды препараты, аквариумдағы балықтар, балықтың тұлыбы, суреті.
Слайд 41 Жұмыстың реті және нәтижесі
1.Аквариумда жүзіп жүрген балықтардың дене пішініне көңіл
бөл, балықтың бас, тұлға, құйрық бөлімдерін ажырат.Суретке балықтың дене бөлімдерін белгіле.
Танау тесігі
Слайд 422.Балықтың құрсағы мен арқа жағының түсін қара.
3.Балықтың жеке қабыршағын ұлғайтқыш әйнекпен
қара, оның балық тіршілігіндегі маңызын айт.
Слайд 43 Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар.
Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, тұлға және құйрықбөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған.
Олардың денесін бойлай 5 қатар ірі мүйізді шытыралар орналасқан. Мұндай шытыралар жонында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында да бар. Басқа балықтардың денесінде осындай ірі мүйізді шытыралар болмайды. Балықтардың жеке түрлерін осы шытыралардың санына қарай ажыратады.
Слайд 444.Суретке танау тесіктерін белгіле.
5.Сүйекті желбезек қақпақтарын тап, балықтың аузы мен желбезек
қақпағының қозғалу ерекшелігіне назар аудар, олардың бір-бірімен байланысын түсіндір.
6.жүзбеқанаттарын зертте, оларды суретке белгіле. Әрбір жүзбеқанаттың қандай қызмет атқаратынын сипатта.
7. Балықтың екі қапталындағы бүйір сызығын тап, салған суретке белгіле.Бүйір сызығы қандай қызмет атқарады?
8.Ылғалды преапараттан балықтың ішкі құрылысын қара.Жүрегін тап, оның сүйірленген төменгі жағы-қарынша және жоғарғы жағындағы-жүрекшені тауып, анықта.
Балықтың жүрегі арқылы қандай қан ағып өтеді?
Қан айналым шеңбері нешеу?
Балықтың зәр шығару мүшелерінің жүйесін тап.
Слайд 459.Балықтың қаңқасын зертте.
Оның омыртқа жотасын тап, басының қаңқасына назар аудар.Жұп және
сыңар жүзбеқанаттарының қаңқасын қара.
10.Балықтың суда тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрылысындағы бейімдеушілік белгілері туралы қорытынды жаса.