Әдісі: сайыс сабақ Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар. Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.
Қызықты қазақ тілі әлемі
(танымдық сайыс сабақ)
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу
І топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.
ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті.






