Слайд 1
«Сіздің
мінезіңіз қандай?»
«Оң ба, сол ма?» ойыны
Слайд 2
Бірнеше рет екі қолыңыздың саусақтарын айқастырып, біріктіріңіз. Байқағаныңыздай, бір қолдың
бас бармағы үнемі жоғарғы қалып отырады.
Слайд 3
Егер сол қолдың бас бармағы үстінде болса, онда Сіз эмоционалды
адамсыз, ал егерде оң қолдың саусағы жоғарыда болса, ол Сіздің миыңызда талдау (аналитикалық) сипаты басым екендігін білдіреді.
Слайд 4
Екі қолыңызды кеуде тұсында айқастырыңыз.
Слайд 5
Егер жоғарыда оң қолыңыз тұрса, онда Сіз қарапайымдылық пен мейірімге
жақынсыз, ал егер сол қол үстінде болса, онда Сіз мақтануды ұнатасыз.
Слайд 7
Қол шапалақтағанда оң қолыңыз «соғушы» болса, онда Сіздің мінезіңізде жігер
басым, ал сол қол белсенді болса, онда Сіз шешім қабылдағанда көп толғанатын адамсыз.
«Менің анкетам »
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.Алайда өзім жоғары бағалаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де
бар.
Слайд 9 Қайда істедің?
- Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең,
бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндеттісің бе әскерге?
- Міндеттімін. Міне мұнда көп мағына бар.
- Мекен – жайың?
- Жерде жүрген ақын деген пендемін,
Қағаз, қалам, уақыт бер аздаған .
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!
Слайд 11“Мен туған жер Қарасаз баурайдағы ......”
Слайд 13
М.Мақатаев – қазақ тарихындағы
ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ф.Оңғарсынова
Слайд 191-топ-2 топқа сұрақ қояды
2-топ-1-топқа жауап береді, 3-топқа сұрақ қояды
3-топ-2-топқа жауап береді,
4-топқа сұрақ қояды
4-топ-3-топқа жауап береді, 1-топқа сұрақ қояды
Слайд 20«Үлкен шеңбер» әдісі
«Мұқағали кім?”
Слайд 21
1-топ
Мұқағалидың өмірбаяны туралы түсіндіру
2-топ
Ақынның поэмасына түсінік беру
3-топ
4-топ
Ақынның әндеріне түсінік
беру
Ақынның поэзиясына
түсінік беру
Слайд 24“Бес жолды өлең” әдісі
бойынша оқушылар «Мұқағали» сөзін талдайды
1. зат
есім
2. сын есім
3. етістік
4. сөйлем
5. теңеу
Слайд 25
Үйге тапсырма
«Менің Мұқағалиім»
«Ақынның өзіңе ұнаған өлеңін жатқа айту».
Слайд 28 Әйелі – Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы – Ләззат
1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы – Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары – Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.
Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген.
Слайд 29 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы
кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.
1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.
Слайд 30 Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы
бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер». Өлеңдегі ұстазы – Қ.Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы – «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар.
Слайд 31 Мұқағали Мақатаев XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ
поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын.
Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда Алматы қаласында
қайтыс болды.
Слайд 32“Үш бақытым”
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын
кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?.
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Слайд 33Өмір деген не десем?
Өмір деген не десем,
Өмір деген осы ма?
Үрейлендің неге
сен?
Үрікпе, жаным, шошыма!
Өзіңе-өзің жүк артып
Өмір деген тер төгу.
Бір нәрсеге құмартып,
Бір нәрседен жеркену.
Біреулерді алдау да
Біреулерден алдану.
Қор боп өтпей жалғанда
Қолдан келсе, жан бағу.
Кейде шалқып шаруам,
Кейде қашып берекем.
Өмір деген-жаным-ау,
Өзім екем, мен екем...
Слайд 34 «Поэзия! Менімен егіз бе едің?»
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мен сені
сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім, жоғалған замандардан.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедім, сағаттан да
Сені іздедім.
Іздемей тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
« Халыққа хат »
Туған халқым!
Қатемді кешір менің
Сенің арқан-сескенбей,есіргенім
Егерде жырың болмай,ұрың болсам
Алақанға саласың несін мені
Жоқ!
Менің жүрек емес төсімдегі
Ол бір от сенің ұлы көшіндегі
Өзіңнің жандырғаным,өшіргенің
Әзірге тастаған жоқ есім мені
Уа,жұртым!
Кешір мені!
Кешір мені!
Слайд 36 Күзде
Сен- менің тынысым ең, тынысым ең,
Сен үшін өмір сүріп, тырмысып
ем.
Жыл құсымен оралған жаным менің
Бірге аттанып кетесін жыл құсымен.
Күзі келіп, өмірдің жазы қайтып,
Қазы қайтып аттанар назы айтып,
Айдың көлдің бетінде сызат қалар
Қазы қайтып келгенше жазылмайтын.
Құстар кетті қоштасып көліменен
Жеріменен, тауымен, көгіменен
Жаным менің тағдырым жазбағайды,
Қош айтысар кезенді сеніменен
Қызылы жоқ қырманда- күзде міне,
Қайтқан құстың қараймын тізбегіне
Бара жатыр аттанып аққу қаздар
Біздің жақтан күдерін үзгені ме?
Слайд 37 Мұқағали Мақатаевқа –
80 жыл
Қатыбас өмірден мен
пайда алмадым,
Жаныммен жазған жырым –
жайған малым.
Қылышың емес пе едім
қынаптағы,
Жоғалттың неге мені
пайғамбарым.
Слайд 38«Ән сал жаным »
Қарсы алмаса,
Құрсын қарсы алмасын.
Ән салып бер,
Әніңмен жан салмаған!
Ән
сал жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тірлік жер – көктегі!
Дала ұйысын
Дамылдап таулар атсын.
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.
Слайд 39 “Сәби болғым келеді”
1.Құс та болғым
келмейді қанатым бар,
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған.
2.Тар бесігі – кең жаһан, тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған.
3.От та болғым келмейді жылуым бар,
Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда.
4.Қанат қағып өмірге ұшарымда,
Кесілмесе бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Сәбиі жоқ ананың құшағында.