Слайд 2Табиғат лирикасы
Сыншы
Композитор
Философ
Махаббат лирикасы
Аудармашы
Ұлы ақын
Слайд 10Өлеңдерді оқыңдар, ақынның табиғат лирикасына назар аударыңдар
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр,
мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Слайд 11Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны
терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Слайд 12Мұхтар Әуезов - қазақ фольклоры мен әдебиетінің тұңғыш зертеушілернінің бірі. Еңбектерін
жүйелесек:
Абай жайлы.
Театр, драматургия, аударма жайлы.
Проза жайлы.
Дүние жүзі халықтары әдебиеті жайлы.
Фольклор жайлы.
деп бес салаға бөліп қарауға болады
Мұхтар Әуезовтың зерттеулері
Слайд 13Абай мұрасы – рухани қазына
Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, мандай алды
ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзияның озат үлгілермен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар әдебиетте Абайдай ұлы ақын дүниеге келуінде өзіндік заңдылық бар.
Слайд 14Абайтану ілімінің қалыптасуы
Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік аранасы ретінде осы 1909 жылы
жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев
Абайтану ғылымына Қ. Жұмалиев, Т. Тәжібаев, Қ. Мұхамедханов, М. Сильченко, Ы. Дүйсенбаев, Б. Ерзакович, Х. Сүйіншалиев, М. Мырзахмет, А. Ысқақов. Р. Сыздыкова секелді ғылымдар салмақты үлес қосты.
Слайд 15Абай және қазақ аудармасы
“Аудармашылар – мәдениетті бір
елден екінші елге тасымалдап жеткізетін пошта аттары, ағартушылық шабармандары”
А.С. Пушкин
Слайд 16Аудармашыға қойылатын талаптар:
оның аудармаға қажетті қос тілдің екеуін де –
өз ана тілі мен аударылатын шығарма жазылған бөтен тілді де барынша жақсы меңгерумен байланысты.
аудармашы тіл сырын,
сөз мәнін, көркемдіктің қадірін білетін,
өмірге суреткерше қарап,
әрбір көрініс пен құбылысты көркемдік, әсемдік тұрғысынан ұғына алатындай қиялы ұшқыр,
ойы терең,
жаны сергек те сезімтал, ақындық-жазушылық дарынның иесі болуы да керек.
Слайд 17Аудармашы – өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті.
Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың, алыс-берістің, айырбастың құралы
Аударма – елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың тәжірибе - тағлым алмасудың делдалы.
Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған.
Аударма халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі, ол – бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі.
Аударма қай уақытта болмасын мәдениетте зор маңызға ие болған, бүгінгі таңда ие болып отыр және болашақта адамзат қандай да бір өзара ортақ тіл тапқан күннің өзінде де маңызынан айырылмайтын қажетті мәдени-тілдік әрекет.
Слайд 18 Абайдың ерекше сүйіп аударған екінші ақыны –
М.Ю. Лермонтов. Ең алдымен, Лермонтов шығармаларымен қазақ ақынының жақын таныс екенін және оның жеке өлеңдерімен бірге кейбір поэмаларынан да үзінділер аударғанын аңғарамыз
Слайд 19Абайдың аса көңіл бөліп аударған үшінші ақыны, орыстың атақты мысалшысы –
И.А.Крылов. Абай оның он екі мысалын қазақ тіліне аударады.
Слайд 20Бұл аудармаларында да Абай шеберліктің, дәлдіктің, авторды терең түсінудің үлгілерін көрсете
алған. Соншалық шабытты жолдар орыс елінің ұлы мәдениетімен қазақ ақынының танысып, Пушкин, Лермонтов сынды абзал жандармен сырласу сәтінде туған. Сол себепті, Абай, бір жағынан, ақындық өнерін шырқау биікке көтерсе, екіншіден, сол кездегі қазақ жұртшылығын тың бір дүниемен таныстырды, келешек ұрпаққа өнеге боларлық ұмытылмас еңбек жасады.