Слайд 2 Теңге
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасының
Президенттің 1993 ж. қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа еңгізілді.
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Сонымен бірге, кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.
Слайд 31- оқушы: Мектеп,түзел,тік тұр! ҚР Мемлекеттік әнұраны айтылсын!
2-оқушы: Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар мен оқушылар!
7 «а» сынып дайындаған «Теңгенің шығу тарихы» атты сап түзеуін ашық деп жариялаймыз.
3- оқушы:Әрбір елдің тарихында үлкен шежіре,тарих жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болды.
4- оқушы: Біздің ұлттық бейнемізді,болмысымызды,тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар.Елтаңба,Әнұран мен Туымызбен бірге тағы бір белгі — ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993жылы 15 қараша күні дүниеге келді.
5- оқушы : Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді.
6 – оқушы : Алғашқы теңге « Харрисон Санс » фирмасында бір жыл ішінде өңделіп, басылды. Демек, теңгенің алғашқы нұсқасы Англияда шықты.
7- оқушы: Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген.Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Слайд 5Ортаға 1,3,5 теңге кейіпкерлері шығады.
Әбу-Насыр –әл –Фараби
Ол Отырарда дүниеге келген.Арабтар бұл
қаланы Фараб деп атаған.Әл- Фараби орта бойлы,мығым денелі, батыл болып өседі.Бала күнінен атқа шапқыштығымен,мергендігімен көзге түседі.Түркі,парсы,араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді.Грек,латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл- Фараби 150 жуық еңбек жазған.
Сүйінбай
Алматы облысы,Жамбыл ауданында дүниеге келген.Балалық шағында кедейшілік,жоқшылық көреді.Соған қарамастан 14-15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана бастайды.Сүйінбай келе-келе нағыз суырып салма,айтыстың ақйық ақынына айналады.
Сүйінбай халық мұңын мұңдап,үстем тап өкілінің әділетсіздігін бетіне басып,әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлеңдерінде адамның мінез-құлқы,адамгершілігіне, жақсы-жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді.
Құрманғазы
Құрманғазы – қазақтың күйші, сазгері,домбырашысы.Күй өнерінің классигі.Оның әнге әуестігі жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға жібереді.Зейінді туған бала әке-шешесінің жағдайын түсініп, олардың айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалған домбырасын йығынан тастамайды. Құрманғазы қуғын-сүргінді көп көрді.1880 жылдардың бас кезінде Астрахань жаққа қоныс аударды.
Слайд 6Ортаға 10,20,50,100 теңге кейіпкерлері шығады.
Шоқан Уәлиханов
Ол өте ақылды,көреген,өз заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс
тілін білген.Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды.Мұнда арабша оқумен сурет салуды үйренді.Шығыс әдебиетімен танысады.Араб,парсы,ұйғыр тілдерін меңгерген.1853 жылы Кадет корпусын бітіреді.Сол мамандығы бойынша қызметте істейді. Шоқан ғалым, саясатшы,географ, суретші,әдебиетші,тарихшы.
Абай Құнанбаев
Абай- қазақтың ұлы ақыны,сазгер,философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы.Ол әуелде ауыл молдасынан оқиды.10 жасқа толғанда әкесі оны Семейге медресеге оқуға жібереді.Мұнда араб,парсы,шағатай тілдерін меңгереді.Науаи,Низами,Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын құныға оқиды.
Орысшасын өз бетінше жетілдіре түседі.
Абай өлеңдері татулықты,достықты уағыздайды.Оның елуге жуық қара сөздері бар.Көлемі қысқа,мағынасы терең.
Әбілқайыр
Кіші жүздің ханы.Қазақ жастарының қолбасшысы. Күшімен, айласымен,батылдығымен, шабуылды ұйымдастыра білуімен даңқы шықты.
Абылай хан
Азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр.Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі « қанішер » Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында туған.Түркістанды қалмақтар басып алғанда әкесі өліп,өзі далаға қашып,аман қалады.Шашы өскен,қара тымақ киген жұпыны киімі бар балаға Төле би « Сабалақ » деп ат қойыпты.Өсе келе ұрыстарға қатысады.Ол « Абылайлап » ұран салады. Жеңістерден кейін ол Абылай атанады.
Слайд 7
1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы
үлгідегі 500 теңгелік банкноттар;
1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар;
1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар;
1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);
1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),
2001 жылы:
2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген);
2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген);
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар;
2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).
2002 жылы:
2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды.
2003 жылы:
2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.
2006 жылы:
200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн).
Слайд 8200 Теңге
2000 Теңге
10000 Теңге
Ұлттық валютамыз - теңге
Банкноттар
Слайд 9cипаттамасы-2006 ж
200 теңге. Басым түсі:сарғылт - жасыл . Мөлшері:126х64мм
500
теңге. Басым түсі:көкшіл - сұр. Мөлшері:130х67мм
1000теңге Басым түсі:сарғыш - қоңыр. Мөлшері:134х70мм
5000 теңге Басым түсі:күңгірт қоңыр - қызыл.Мөлшері:142х76мм
10000 теңге Басым түсі:күлгін - көк. Мөлшері:146х79мм
Слайд 10
500 Теңге
1000 Теңге
5000 Теңге
Слайд 11«Әр елде — өз валютасы »
Қырғызстанда-/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/
Америкада —
/ доллар/ Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада — /гривна/
Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/
Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена /
Слайд 13Үй тапсырмасы
а/ « Менің теңгем » өздері салып келген теңгелерін қорғау.
ә/
Теңге туралы миниатюра,көрініс,ән.
Сұрақ –жауап
1. Теңгенің суретін салған кім?
2.Теңгенің алғашқы нұсқасы қайда басылды?
3.Теңгенің шыққан күні?
4.Ата-анаң алатын ақша.
5.Түрлі елдердің банкнотасы мен монетасын, көне ақшаларды жинайтын адам.
6.Қазақстандағы валюта.