Слайд 1Сабақтың тақырыбы
Дауыссыз дыбыстарды пысықтау
Қарашаның жиырмасы
Сынып жұмысы
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
БІЛІМДІЛІК:
бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау, сөйлемдерді дұрыс құру
тәсілдерін меңгерту, дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау;
ТӘРБИЕЛІК:
- Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ:
- Ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту; Сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу; Түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;
Слайд 3Сабақтың түрі : Білімді пысықтау
Сабақтың әдіс-тәсілдері :
сұрақ –
жауап, топпен жұмыс, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Слайд 4Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын тексеру
3. Қызықты ойындар мен
тапсырмалар
арқылы
білімді пысықтау.
4. Психологиялық дайындық.
Топ өлеңі.
5. Сабақты қорытындылау
6. Үйге тапсырма беру
7. Бағалау
Слайд 5Қайталау білім анасы- демекші өтілген сабақта дауыссыз дыбыстар туралы алған білімді
пысықтау.
Суретпен жұмыс жүргізу.”Күз” суретіне сөйлем құрастыру.
ІІІ топтан бір-бір оқушы шығып интерактив тақтамен жұмыс жасайды.
Сұрақ-жауап арқылы оқушылар бағаланды.
Слайд 6І. Ой қозғау
Ал балалар сендер дауыссыз дыбыстар туралы не білесіңдер?
Балалар
, біздер бүгін дауыссыз дыбысты қайталап, қорытуға арналған жаттығуларымызды бастамас үшін осы дауыссыз дыбыстардың шығу тарихы жайлы аңыз әңгімемен танысайық.
Кәнекей ертегілер еліне саяхат жасайық: 2 оқушы ертекті бастайды.
Слайд 7Аңыз әңгіме
1- оқушы: “Әліппе” ханшайымы барлық әріптерге ән орындаудан жарыс жариялаған
еді . Сонда осы жарысқа барлық дауысты әріптр жиналған болатын,себебі олардың дауыстары жақсы болатын және олар ән айта алатын. Барлық әріптер көзге түскілері келді, жеңіске жетуді қалады. Олар өте-мөте тырысып бақты: өздерінің ең жақсы әндерін шырқады.Бұл байқалған жайт ханшайымның назарынан тыс қалмады. Жарысқа қатысушылардың қайсысын жеңімпаз деп жарияласам екен деп , ол түні бойы ойға батты. Себебі олардың бәріде жарасымды ән салды емес пе. Таң атқаннан кейін біздің ханшайымыз өзінің дана шешімін жария етті- ол дауыстылардың сингармонизмі, яғни дауыстылардың сөз ішінде біріңғай не жуан не жіңішке болып , әуендесіп үндесіп айтылуы туралы заң шығарды. Дауысты дыбыстар жуан , жіңішке, еріндік, езулік, ашық қысаң болып олар жеке жарасымды қала болып бөлінді.
Дауысты дыбыстар 15
Жуан дауыстылыр а,о,ы,ұ, (и,у)
Жіңішке дауыстылар ә,ө,ү,і,е, (и,у)
Слайд 8Ал дауыссыз дыбыстар ше?
2-оқушы: Ал, дауыссыз дыбыстарды қуатты үш алқапқа жайғастырды.
Ал мұнда дауыссыз әріптер
Бір қатарға тұрыпты.
Дауыс пен шудан
Олар құрылыпты.
Ұяң қала орналасқан , ал бұл қалашықта әрдайым ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з.
Қатаң қалада үйлер бос тұрмайды, олар әрқашан қатаң естілетін дауыссыздар: п,ф,к,қ,т,с.ш,щ,х,ц,ч,һ.
Мұрын жолды үнді алқабы өзінің қонақжайлылығымен атақты. Ол өзіне мейман келгенді әрқашан жақсы көреді, атап айтқанда дауысты. У әріпінің келуіне қуанады.
Үнді: р,л,й,м,н,ң,(у).
Ханшайым барлық қаланы екпін теңізінің бойына орналастырыпты.
Ештеңені шатастырып алмас үшін өздерінің визит карточкаларын жасапты. Сол визит карточкаларды сіздерге де почта арқылы салып жіберген екен, қабыл алыңыздар . (оқушыларға визит карточкалар таратылады.
І ІІ ІІІ
Достық Отан Кітап
сөздеріне фонетикалық талдау жасау.
Слайд 9Психологиялық дайындық.”Жүректен жүрекке”.
Әр бір адам?-Туыс, дос, жұрағат.
Әрбір сабақ?-Үйрету, ұғу , ұлағат.
Әрбір
ісің?- Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің?- Шындық , бірлік,адалдық.
Слайд 102. Ал балалар сабағымызды жалғастырайық.
Оқулықпен жұмыс жүргізу.
11-жаттығу . Сөйлем құрау.
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан
қашайық.
Қолға қалам алайық,
Сауатты етіп жазайық.
Оқушылар тақтадан 11-жаттығуны көшіріп жазады.
3. 12-жаттығу. Ауызша орындау . Дауыссыз дыбыстарды тап.
Суретпен жұмыс
Слайд 114. Сергіту сәті
Аспанға қарап, ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға бұрылып солға
бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Топпен жұмыс.
Балалар біз енді қазақ ақын – жазушылардың өлеңдеріне тоқталамыз,
осы өлеңнің ішінен дауыссыз дыбыстарды табамыз.
Слайд 121. Фонетикалық екі ұғым бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі
– жазылады да көрінеді.
2. Өз құрамында 3 буын, 7 әріп,
Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп.
3. Бір ағашта 37 алма,
Оны алып жемек болсаң
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
4. Егер Ж –дан басталса, жыл мезгілі,
Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.
Ол қай сөздер?
(жаз, қаз)
5.К-ден басталсам,
Маған қарап сабақ айтады.
П-дан басталсам,
Маған балалар жүгін артады.
Слайд 136. Басы-ашық, аяғы-қысаң,
Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң.
Саған да ол керек болар,
Өзен-көлге жақын тұрсаң.
7. Дыбыс емес, таңба
Оқылмайды, жазылады.
Бірақ сөзден табылады
Ол қай әріп еді?
Ойлап көрші, есіңде бар ма?
8. Жылқышының қолында-
«Ұ» әрпімен,
Ондық саны тобында-
«Ы» әрпімен.
9. «С»-мен айтсаң,
Тағам ішем онымен.
«З»-мен айтсаң,
Қағам жерге оны мен.
10. «Қ»-мен егер бітірсең,
Ыдыс-аяқ ол бірі.
«Н»-мен егер бітірсең,
Балықтың ол бір түрі.
Слайд 15Үйге тапсырма :
1.Дауысты, дауыссыздар тақырыбына 10
сөйлем құрастыру.