• Бес нәрсеге қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеніз…
• Талап еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеніз…
• Керек іс боз балаға – талаптылық
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық. Кейбір жігіт жұреді мақтан көйлеп, Сытрқа пысық келеді, көзге сынық…
• Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді інкарің,
Әр қиынға сермедің…
• Жастықта бір күлгенің бір қаралық,
Күлкі баққан бір көрер бишаралық.
Әуелі өнер ізделік қолдан келсе,
Ең болмаса еңбекпен мал табалық…
• Түбінде баянді еңбек егін салған,
Жасында оқу оқып, білім алған,
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған…
• Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық…
• Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым…
• Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,
Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас,
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
• Жұрт жүр ғой адамдықты еп көрем деп,
Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.
Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен,
Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп? –
Ақылбай
Мағауия
Әбдірахман
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть