Презентация, доклад на тему Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Қазақтың ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинау;Қазақтың ұлттық ою - өрнектің тарихын зерттеп білу;Қазақтың ұлттық ою - өрнектердің мән-мағынасын білу;Қазақтың ұлттық ою - өрнектерді ұрпақтарға жеткізу; Ғылыми жобаның гипотезасы:

Слайд 1ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ халқының ою-өрнек әлемі

ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ халқының  ою-өрнек әлемі

Слайд 2Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:
Қазақтың ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы

мағлұматтар жинау;
Қазақтың ұлттық ою - өрнектің тарихын зерттеп білу;
Қазақтың ұлттық ою - өрнектердің мән-мағынасын білу;
Қазақтың ұлттық ою - өрнектерді ұрпақтарға жеткізу;

Ғылыми жобаның гипотезасы:
Егерде қазіргі кезде қазақтың ою - өрнектерін көптеген жерлерде қолданып қана қоймай, олардың жаңару жүйесінде, күнделікті қолдануда болып, біздің қазіргі заманымызда ерекше орын алып жатса
Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:
Сауалнама жүргізу
Сұхбат өткізу
Бақылау жүргізу
Шеберлермен кездесу
Энциклопедиямен жұмыс
Эксперименттік әдістемесі:
Ою өрнектірді пайдалану арқылы күнделікті тұрмыста пайдалануға болатын дүниелерді жасап шығару;
Сонымен қатар қазақ оюымен өрнектерінен жасалатын заттарды көрсетпекшімін;
Ою арқылы ойылған құрақ көрпені тігу;
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Қазақтың ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинау;Қазақтың ұлттық ою - өрнектің

Слайд 3Ғылыми жобаның жаңашылдығы:
Қазіргі заманғы ою-өрнектермен безендірілген төсеніштермен қатар заман ағымына

сай жасалған дүниелерді орынды пайдалануда өзіндік пікірімді айтпақпын. Ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтамауға, құрметтеуге, жаңартуға шақырамын.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде қазақ ою-өрнектерінің маңызды екеніне көз жеткіздім. Ою ойғанның ойының ұшқыр болатынымен қатар, қазақ қоғамы үшін оның маңыздылығын, мәдениетіміздің қасиеттілігін, ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білдім.
Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Тақырыпты ашу барысында тарих қойнауын зерттей отырып, қосымша ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасалды, өзіндік тұжырым жасай отырып, салыстыру әдісін де қолданып,жұмысты тек жоба үшін ғана емес, сонымен қатар мектеп ішіндегі қосымша үйірмелер үшін де қолдану.
Ғылыми жобаның жаңашылдығы: Қазіргі заманғы ою-өрнектермен безендірілген төсеніштермен қатар заман ағымына сай жасалған дүниелерді орынды пайдалануда өзіндік

Слайд 4 Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы
Қазақ ою-өрнегінің өзіне

тән даму жолдары мен тарихы бар. Бұл тарих сонау «Андронов мәдениетінен» бастау алады. Бұл дәуір біздің заманымызға дейінгі екі мың жылдарда мекен еткен. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Тарихи – ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал - әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін білеміз. Бұған дәлел – қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.

Қазақ ою-өрнегі бейнелеу өнерінің сәндік үлгісі ғана емес, ол философиялық ойға, терең мағынаға негізделген. Ою-өрнектегі әшекей белгілер халықтың қоршаған орта, өмірі туралы ұғым-түсінігін, ойлау жүйесінің, көркемдік ой–қиялының көрінісі.Мұндағы түр мен түстің символикасы, магиялық нышан белгілері біртұтас образ ретінде белгілі бір мағыналық қызмет атқарады. Көгілдір түс, әдетте аспанды, қызыл түс – от пен тіршілік негізін бейнелесе, жасыл түс – көктем мен гүлденудің, ақ түс – адам өміріндегі жоғарғы құндылықтардың, сары түс – даналық пен ақыл–ойдың, ілім – білімнің нышаны саналған.

Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы    Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолдары мен тарихы бар.

Слайд 5 Қазақ халқының ою-өрнек өнерін В.Куррер, Ф.Т Куглер, С.В

Иванов, В.В Стасов, В.К Волков, С.А Давыдов, Н.В. Сумцов, А.Н Бернштам, және қазақ халықтары Ә.Марғұлан, Т.Бәсенов, Е.Масанов, М.Мұқанов, С.Қасиманов, Ө.Жәнібеков, Б.Тұяқбаева, Б.Әлмұхамбетов, Б.Ибраев, К.Ибраева, Т. Жанысбеков, Ж.Шәйкенов, Ұ.М Әбдіғапарова және т.б ғалымдар зерттеген. Этногграф, өнертанушы Садық Қасимов пен архитектор – ғалым Тілеутай Бәсенов ою туралы біраз деректер қалдырды.
Сонымен қатар өз облысымыздың тумасы, осы өнердің жанашыры, қазақ оюның қаймағын тамызған Шөптібайұлы Байділдинді ерекше атап өтуге болады.Қолөнер шебері 60 тың асқарынан шықса да ізденіп, 1500 жуық оюларға атау беріп, сол оюларды ойлап тапқан.Өмірін оюмен өрнектеген ағамыз бала кезіненен бастап ою-өрнекті дамытуға арнаған, тіпті он жыл бойғы өмірінде,тек қана оюшылықпен, оны жетілдірумен айналысқан ел ағасының өнері ерлікпен пара пар деп есептеугеи ауыз толтырып айтуға тұрарлық.
Қазақ халқының ою-өрнек өнерін В.Куррер, Ф.Т Куглер, С.В Иванов, В.В Стасов, В.К Волков, С.А

Слайд 6 Қазақ ою-өрнегінің ежелгі нұсқалары мен

атаулары
Өсімдік типтес ою-өрнек. Көкөніс өрнектерінде өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, дәні т.б негізгі элементтері көрінеді.
Зооморфтық ою-өрнек. Өрнектер негізінен жануарларды, аң-құс т.б. түрлі жәндіктерді, олардың мүшелерін бейнелейді.
Космогониялық өрнек. Өрнектер дөңгелек, ирек, торкөз болып құралады

Жоғарыда аталған негізгі ою-өрнек түрінен бөлек қазақ шеберлері көп қолданылатын ою-өрнек элементтерінің мынандай атаулары бар:
А) Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз, айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпір-қосақ, т.б.
Ә) заттардың атауына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ, балдақ, күмбез, табақ, қармақ, т.б.
Б) эпиграфиялық өрнектер – яғни, жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу.
В) ру таңбалары мен ел таңбалары және малға салынатын ен-таңбаларға байланысты ою-өрнек элементтері: тұмар, айшық, босаға, абақ, тарақ, көз, шөміш, шылбыр, көсеу т.б.
Қазақ ою-өрнегінің ежелгі нұсқалары мен атаулары   Өсімдік типтес ою-өрнек.

Слайд 7Ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар үш топқа

бөледі

Зооморфтық ою-өрнек.
Өрнектер негізінен жануарларды, аң-құс т.б. түрлі жәндіктерді, олардың мүшелерін бейнелейді.

Космогониялық өрнек.
Өрнектер дөңгелек, ирек, торкөз болып құралады

Өсімдік типтес ою-өрнек.
Көкөніс өрнектерінде өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, дәні т.б негізгі элементтері көрінеді.

Ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар үш топқа бөледіЗооморфтық ою-өрнек. Өрнектер негізінен жануарларды, аң-құс

Слайд 81.«Кемпірқосақ» ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің

символдық мәні бар: көк түс – аспанның символы, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың символы, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның символы, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер бұйымдарын жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырылады. Бұл өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда жиі пайдаланады.
2. «Күн» ою-өрнегі күнді тұспалдап тұратын ою. «Күн» оюы кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына салынады, сол сияқты бұл өрнек кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектен ойылған заттарды бейнелеуде қолданады.
3. «Жұлдызқұрт» ою-өрнегі ши орауда, сырмақтың шеткі жиегінде кездеседі. Ол ақ пен қарадан, қызыл мен жасылдан, көк пен сарыдан бунақталып келеді.
4. «Жұлдызгүл» ою-өрнегі бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді тұспалдайды. Тұскиіз, төсекжапқыш, беторамалдың ортасына және сырт киімнің арқа тұсына немесе шапанның етегінің алдыңғы бетінің екі бұрышына салынады.
5. «Жұлдыз». Бұл өрнек геометриялық сынық сызықты тұспалдайды, кейде жұлдыздың натуралдық қалпын кестелейді. Жұлдыздың бейнесі композицияланған ою-өрнектердің ортасында кездеседі және бес жұлдыздың бейнесі ап-анық көрініп тұрады.
6. «Төртайшық» ою-өрнегі айды тұспалдап тұрады. Төртайшық ою-өрнегінің әрбір тармағы төрт ай секілді жай элементтен құралған. Бұл «төртайшық» элементтерінен шексіздікке ұласатын ою-өрнектер қиюға болады.
1.«Кемпірқосақ» ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар: көк түс –

Слайд 9Ойыстырылған от киіз сырмағы
Сұпы киіз (от сырмақ).
Қос желілі төр сырмақ.
Жартысы кілемше

төр сырмақ.

Ойыстырылған от басы төр сырмағы.

Маяуза сырмақтар.

Ойыстырылған от киіз сырмағыСұпы киіз (от сырмақ).Қос желілі төр сырмақ.Жартысы кілемше төр сырмақ. Ойыстырылған от басы төр

Слайд 10 Сауалнама сұрақтары:  

Сауалнама сұрақтары:  

Слайд 11

Сауалнама қорытындысы:   Сұрастырылғандар саны 38 Мүлдем білмейтіндер 12 түрлерін біледі 20 қайда пайдаланатынын 15 неде бейнелегені 30 өсімдік оюларын білетін 10 геометиялық оюларын білетін 8 жануарлар оюларының түрлерін білетін 5  

Слайд 12Сауалнама қорытындысы

Сауалнама қорытындысы

Слайд 14ОЮ ОЙ, ӨРНЕК САЛ

ОЮ ОЙ, ӨРНЕК САЛ

Слайд 15Оюмен ой айтқан елміз

Оюмен ой айтқан елміз

Слайд 16 Қорытынды

Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік,

теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылыдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылығы, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке тәрбиелейді.
Ою- өрнек  өнерге  деген  махаббат,  сұлулыққа  деген   құштарлық  жиын-тығы.  Ою  ойған  адамның  жүрегі  жылы,  нәзік  болады.Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қайта жаңғырған қолөнерімізде ұлт мүддесіне негізделген серпіліс, мақсатты бетбұрыс байқалады.
Ою-өрнек – халқымыздың қол таңбасы, ол өшуге, жоғалуға жатпайды. Осы ою-өрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы, шеберге үлкен көмек болары анық. Халқымыз ата-баба дәстүріне, салтына, мәдени мұраға адалдықпен қараған. Осындай бабалар мұрасын қастерлеп сақтау, мәдени мұрамызды дамыту, егемен еліміздің әрбір азаматының басты мұрат-мақсаты екені анық.

Қорытынды  Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік,

Слайд 17Ұсыныстар:

- Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасалынып, оқушыларға ,

студент жастарға қолөнер сабағына дайындалуға шағын журналдар шығарылса;

- қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық;

- Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса;
шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.

- Ұлттық нақыштағы киім-кешектер қарапайым өмірде қолданысқа енсе деймін.
Ұсыныстар:- Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасалынып, оқушыларға , студент жастарға қолөнер сабағына дайындалуға шағын

Слайд 18НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть