қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді,кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси,шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
